Дәріс «робототехника» ПӘніне кіріспе. Роботтар және робототехника туралы түсінік


ДӘРІС 5. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДАТЧИКТЕРІ. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ДАТЧИК. ТЕМПЕРАТУРА ДАТЧИГІ. КЕҢЕЙТІЛГЕН БЛОКТАР. МЕНІҢ БЛОКТАРЫМ



бет8/24
Дата25.11.2023
өлшемі9,8 Mb.
#127483
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
ДӘРІС 5. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДАТЧИКТЕРІ. УЛЬТРАДЫБЫСТЫ ДАТЧИК. ТЕМПЕРАТУРА ДАТЧИГІ. КЕҢЕЙТІЛГЕН БЛОКТАР. МЕНІҢ БЛОКТАРЫМ.

Жоспар




  1. Ультрадыбысты датчик

  2. Температура датчигі

  3. Кеңейтілген блоктар және Менің блоктарым

Ультрадыбысты датчик – бұл алдында тұрған объектке дейінгі қашықтығын аңықтайды. Ол жоғары жиілікті дыбыс толқындарын жібереді және олар қай уақытта дыбыс шағылып, датчикке қайта келетінін есептейді. Дыбыс жиілігі оны есту үшін тым жоғары.


Объектке дейінгі қашықтық дюйммен немесе сантиментрмен есептелінеді. Ол мүмкіндік сізге роботты қабырғадан белгілі бір қашықтықта тоқталатындай программалауға болады.



Сурет 1 – Ультрадыбысты датчик

Егер өлшем бірлігі ретінде сантиметр қолданса, аңықталу қашықтығы 3см-ден 250 см-ге дейін болады (қателік +/- 1 сантиметр). Егер өлшем бірлігі ретінде дюйм алынса, аңықталу қашықтығы 1 дюймнен 99 дюймге дейін болады (қателік +/- 0,394 дюйм). Егер мән 100 дюйм немесе 255 сантиметрді құраса, датчик алдында ештене жоқ дегенді білдіреді.



Сурет 2 – Ультрадыбысты датчиктың көру қашықтығы

Сенсордың «көздерінің» айналасындағы жарық индикаторы жыпылықтамаса, датчик «Өлшеу» режимінде тұр дегеннің белгісі. Жыпылықтап тұрған жарық индикаторы датчик «Қатысу» режимінде тұрғаны белгілі.


«Қатысу» режимінде бұл датчик жақында жұмыс жасап тұрған ультрадыбысты датчикті таба алады. Сол себепті, ол дыбыс сигналдарын жібермейді, тек аңықтайды.
Ультрадыбысты датчик сіздің роботыңызға жиһазды айналып өтуге, жүріп бара жатқан объектілерді бақылауға, бөлмеде өзгелерді аңықтауға немесе объекттің датчикке жақындауына сәйкес дыбыс импульстерінің жиілігі немесе дыбыс қаттылығын өзгертіп шығаруға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықнаманың «Справка» мәзіріндегі «Ультрадыбысты датчикті қолдану» бөлімінен таба аласыз.
Температура датчигі – бұл өзінің металды зонд ұшымен температураны өлшейтін сандық датчик. Датчик Цельсий бойынша (-200С-ден 1200С-ге дейін) және Фаренгейт бойынша (-40F-тен 2480F-ке дейін) 0,10С-ге дейін дәлдікпен есептейді.
Температура датчигі көбінесе жылу жайлы ақпарат тіркеу қажет болатын жобаларда қолданылады. 50 сантиметрлік кабель және 6,4 сантиметрлі зонд көмегімен датчик сұйықтықтардың температурасын EV3 модулінен және өзге де электронды құрылғылардан қашықтықтан жеңіл өлшеуге мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықнаманың «Справка» мәзіріндегі «Температура датчигін қолдану» бөлімінен таба аласыз.



Сурет 3 – температура датчигі

Кеңейтілген блоктар (солдан оңға):


- файлға кіре алу;
- хаттармен алмасу;
- Bluetooth-ді қосу;
- активті күйде қалдыру;
-датчиктің өңделмеген мәні;
-басқарылмайтын мотор;
-мотор айналымын ауыстыру;
-программаны тоқтату.



Сурет 4 – Кеңейтілген блоктар

Менің блоктарым.


Егер сіз программаның бір сегментің көп қолдансаңыз, сізге Өзіңіздің Блогыңызды құру керек. Өзіңіздің Блогыңызды құрып, сіз оны алдағы программаларға қоя аласыз.



Сурет 5 – Менің блоктарым

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ





  1. Ультрадыбысты датчиктың көру қашықтығы қандай?

  2. Температура датчигының құрылымы және температура аңықтау аралығы қандай?

  3. Кеңейтілген блоктрда қанша және қанда блоктар бар? Олар не үшін қолданады?

  4. Ультрадыбыс датчигінің қателігі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. NXT-G ver 1.1 : Help and Support for Lego Mindstorms NXT/LEGO Group [Электронный ресурс].-Электрон. дан. и прогр. (253 Mb). - 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)

  2. Дженжер В.О. Введение в программирование LEGO-роботов на языке NXT-G: учеб. пособие / В.О. Дженжер, Л.В. Денисова . - М. : НОУ Интуит, 2014

  3. Робототехника и Образование [Электронный ресурс]. - Режим доступа : // www.robot.ru, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. рус.

  4. Ж.З. Жантасова, А.С. Кадырова, А.К. Садакбаева, А.Е.Икенова. LEGO Mindstorms EV3 үлгі негізінде роботтарды құрастыру және бағдарламалық басқару. Оқу құралы. Өскемен, 2016 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет