Дәріс «робототехника» ПӘніне кіріспе. Роботтар және робототехника туралы түсінік



бет7/24
Дата25.11.2023
өлшемі9,8 Mb.
#127483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Маяк режимі
Батырма арқылы инфрақызыл маяктан төрт каналдарының біреуін таңдандар. Инфрақызыл датчик сіз программада көрсеткен каналға сәйкес, оның алдындағы 200 см дейін қашықтықтағы маяктың сигналын табады.



Сурет 7 – Инфрақызыл датчик «маяк» режимінде

Датчик оның бағытың және маяктан қашықтығын аңықтайды. Осы ақпаратты роботты инфрақызыл маякты іздеп, тығылыспақ ойнайтындай программалауға болады. Бағыт -25-тен 25-ке дейін бірлікпен өлшенеді, 0 бірлігі маяк датчиктің тура алдында екенің білдіреді. Жақындау 0-ден 100-ге дейін бірлікпен өлшенеді.


Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтамасының «Справка» менюіндегі «Инфрақызыл датчигін инфрақызыл маяк режимінде пайдалану» бөлімінен таба аласыз.
Инфрақызыл маяк – бұл бөлек құрылғы, оны қолында ұстауға болады немесе басқа LEGO-ның өзге моделіне орнатса болад. Оған ААА типті екі батарея керек. Оны қосу үшін «Маяк режимі» атты құрылғының үстіндегі үлкен батырманы басу қажет. Жасыл диодты индикатор жанады, ол құрылғы жұмыс жасап тұрғаның және сигнал жіберіп жатқаның білдіреді. «Маяк режимі» батырманы қайта басқан кезде ол өшеді (әрекетсіздіктен кейін ол автоматты түрде өшеді).



Сурет 8 – Инфрақызыл маяк
Қашықтық режимі
Сонымен қатар инфрақызыл маякты роботты қашықтықтан басқару үшін қолдануға болады. Қашықтық режимінде жұмыс жасай отырып, инфрақызыл датчик маякта қай батырма (батырмалар комбинациясы) басылғаның аңықтай алады. Барлығы он бір мүмкін комбинициялар бар.
0 – ешқандай батырма басылмаған
1 – Батырма 1
2 – Батырма 2
3 – Батырма 3
4 – Батырма 4
5 – Батырма 1 және 3
6 – Батырма 1 және 4
7 – Батырма 2 және 3
8 – Батырма 2 және 4
9 – Маяк режимі қосулы
10 – Батырма 1 және 2
11 – Батырма 3 және 4



Сурет 9 – Инфрақызыл маяктың комбинациялары

Қосымша ақпаратты EV3 программалық жабдықтамасының «Справка» менюіндегі «Инфрақызыл датчигін қашықтық режимінде пайдалану» бөлімінен таба аласыз.


Қор блоктары (солдан оңға):
- ауыспалы;
- константа;
- массивтегі операция;
- логикалық операция;
- математика;
- дөңгелектеу;
- салыстыру;
- диапазон;
- мәтін;
- кездейсоқ мән.



Сурет 10 – Қор блоктары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ





  1. Жанасу датчигінің қанша және қандай режимдері бар?

  2. Инфрақызыл датчигінің «маяк» және «жақындау» режимінде жұмыс жасау қашықтығы қандай?

  3. Инфрақызыл маяк не үшін қолданылады?

  4. Қор блоктарына қанша және қандай блоктар жатады?

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Дженжер В.О. Введение в программирование LEGO-роботов на языке NXT-G: учеб. пособие / В.О. Дженжер, Л.В. Денисова . - М. : НОУ Интуит, 2014.

  2. NXT-G ver 1.1 : Help and Support for Lego Mindstorms NXT/LEGO Group [Электронный ресурс].-Электрон. дан. и прогр. (253 Mb). - 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)

  3. РобоКлуб. Практическая робототехника [Электронный ресурс]. - Режим доступа : // www.robot.ru, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. рус.

  4. Интернет-ресурс: https://robot-help.ru/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет