Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)


ХІY дәріс. Оқшау сөздердің тыныс белгілері. Құрмалас сөйлемнің тыныс



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
ХІY дәріс. Оқшау сөздердің тыныс белгілері. Құрмалас сөйлемнің тыныс 

белгілері. (1 сағат)

1. Қаратпа сөздің тыныс белгілері.

2. Қыстырма сөздің тыныс белгілері.

3. Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері.

4. Бірыңғай, жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері.

Тірек   сөздер:  оқшау   сөз,   құрмалас   сөйлем,   қаратпа   сөз,   қыстырма 

сөз,айқындауыш мүше, бірыңғай, жалпылауыш мүше

            Жанды, жансыз заттарға қарата айтылған сөздер (қаратпалар) сөйлем 

ішіндегі   басқа   сөздерден   үтірмен   ажыратылады.   Қаратпа   сөз   сөйлемнің 

басында тұрса, үтір оның соңынан, ортасында тұрса, екі жағынан, соңында 

тұрса, одан бұрын қойылады:     Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Жүрегім, 

нені   сезесің?   Сөз   түзелді,   тыңдаушы,   сен   де   түзел   (Абай).   Тыңда,   дала, 

Жамбылды (Жамбыл). Тыныштал! Тынышталшы, Абайжан! (М.Әуезов).




                         Қаратпа сөздің алдында өз анықтауыштары болса, олар қаратпа 

сөзден   тыныс   белгісімен   бөлінбейді.   Қаратпа   сөз   анықтауыштарымен 

тұтасып, сейлемнің басқа мүшелерінен үтірмен ажыратылады:

Қарағанды шахтёрлері, ұр еңбектің дабылын (И.Байзақов)

Пернеге бауыр басқан кәрі бармақ,

Арынын домбыраның шыңға самғат! (Жамбыл) Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл. (Абай)

           Алдынан не соңынан келген эпитет сөздері бар қаратпалар  да тұ тас 

тізбек   құрайды,   эпитет   пен   қаратпа   сөз   бір-бірінен   тыныс         белгісі-мен 

ажыратылмайды:

                 Жарайды, Абай аға, қаршыға жайында ма? Әй, шырағым балам, ар 

жағыңда   әкең   тұр.   Қарағым   Қамқа,   бүгін   күн   жұма   ғой   осы?   (М.Әуезов). 

Жолдас командир, қасында мың шақты адамы бар Павел Громов келіп тұр 

(Ә.Әбішев). Оның рас шығар, жан анам! (Ғ.Мүсірепов).

                     Қаратпа сөзбен қатар келген одағайдан кейін үтір қойылады: Уа, 

Горький, халық ырысы - күнді сүйдің (Жамбыл). Уәу, жігіттер! Сендердің 

өлең жазамын деп қырқысқан таласың тіпті жақсы (М.Әуезов). Күннен күнге, 

уа, халқым, құлаш жаздың өріске (Жамбыл). 

Қаратпа сөзбен қатар келген о деген одағайдан кейін де үтір қойылады:

О,   күн-ау,   төге   түсші   сәулеңді   сен   (Жамбыл).   О,   жасаған!   -деді   Савельич 

күңірене  сөйлеп  (А.С.Пушкин).  О,  жалғыз  сенерім   -Жантығым!  О,   сиқыр, 

тағы келдің бе қасыма?(Ғ.Мүсірепов). Есіл өлкесінің құнарлылығы туралы 

талай әңгімелер естіп ем, рас екен!. О, Есіл!.. (С.Мұқанов)

                     Қаратпамен қоса айтылған шылаулар да күрделі қаратпа сөздің 

кұрамына енеді де, екеуінің арасына дефис қойылады:

Жеңеше-ау, Абай ағамның мысқылына ажалды кісі тап болсын да. Қаражан-

ай, сенен де мырза бай болар ма екен? (М.Әуезов).

Қаратпа сөздер (әсіресе жалаң түрлері) екі рет қайталанып та келуі мүмкін. 

Мұндайда қайталап тұрған қаратпа сөздердің өз араларына үтір қойылады:

         Ер Төстік жақындай түсіп: "Шеше, шеше, артыңдағы қыздардынң бәрі 

өзіңдікі ме?" - дейді ("Ер Төстік" ертегісі). - Қош, қалқам, қалқам! - деді Шұға 

(Б. Майлин).

 Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін 

леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріппен жазылады:

Тоғжан!   Япырмай,   жақсы   айттыңыз-ау!  (М.Әуезов).   Павел!   Естисің   бе? 

(М.Горький)   

                 Қаратпа   сөз   сияқты,   бірақ   нақты   біреуге   арналып   айтылмаған, 

жалпылық-белгісіздік немесе одағайлық мағынасы бар сөздер сөйлем ішінде 

үтірмен бөлінеді. Олар да күрделі, шылаулы болып келе береді:

Менің   айтқаным   да,   естігенім   де   осы   ғана   емес   пе   еді,   сығыр-ау!

Жандарым-ау,   не   білгендерің   бар?   Әй,   кәпір,   содан   қосылған   жау   болды. 

Айналайын   құдай-ау,   айнымаған   Тоғжан!   Жә,   әлгі   қайда   жоқ

боп   кетті,   батыр-ау!   (М.Әуезов).   Солай   ма   еді,   аңқау   басым?

(С.Мұқанов).   Бар   болғыр,   жай   болушы   ма   еді?   (Ғ.Мүсірепов).   Көптен

ұйқы   көрмей   сергелдең   болып   жүрген   байғұс   басым,   сол   мезгілде



ұйқы   қысып   қалғымаймын   ба?   Таң   атқан   соң   қарасам,   көзін   ашпа-

ғыр. май жағылмаған етігім өкпелеп қашып кетіпті (Ертегіден).

                       Қыстырма сөздер (жалаң және күрделі) сөйлем  ішіндегі басқа 

сөздерден   үтірмен   бөлінеді.   Қыстырма   сөз   сөйлемнің   басында   келсе,   үтір 

одан кейін, ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе алдынан қойылады:

Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған (М.Әуезов). Ұмытпасам, 

курста бізге берілетін сабақтардың саны он (С.Мұқанов).

Не,   немесе,қалай,ендеше,   осы   сияқты   сөздер   де   сөйлем   мүшесі   болмай, 

айтушының   (автордың)   белгілі   бір   сезіміне   байланысты   қолданылғанда, 

қыстырма сөз ретінде үтірмен бөлінеді. Мысалы:

        Не, бәрің осы баланы мүйіздей бересіңдер? (Ғ.Сыланов). Осы, солдатқа 

жалғыз өзім-ақ кете берсем қайтеді?. (Л.Толстой). Бүгін қойды кеш сауып 

болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты. Арысыңды, ендеше, арыстан 

жеді. Қалай, құлағың ашылды ма? (М.Әуезов). 

         Сөйлемдегі негізгі ойды, не бір сөзді айқындау, дәлелдеу, түсіндіру үшін 

қолданылған   қыстырма   сөйлемдер   не   сөз   тіркестері   екі   жағынан   жақшаға 

алынады (бірінші сөзі жалпы есім болса, кіші әріппен жазылады):

               Салжігіттен (Темірбекті ол Салжігіт дейтін еді) неге қалдым? Иесі   - 

Әбіл (әйелге бұлайша еркек атын қоюды бірінші естуім) дейтін жесір әйел 

(С.Мұқанов). Бірақ менімен Раушанның (Рауза деп бірге оқитын жолдастары 

атап   кеткен   көрінеді)   оқысында   үлкен   айырма   бар   екенін   сезгендеймін 

(М.Иманжанов)

  Қыстырма сөйлем лепті не сұраулы болса, екі жағынан жақшаға алынады да, 

леп не сұрау белгісі жабылатын жақшаның алдынан қойылады,  жақша ішіне 

алынған қыстырма сөйлем кіші әріптен басталып жазылады:

               Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны (неге дұшпан болатыны 

айтпай-ақ   мәлім!)   қызға   мен   жіберетін   өлеңдердің   біреуін   түсіріп   алады 

(С.Мұқанов).

   Жақшаға алынған қыстырмамен аяқталып тұрған сөйлемдерде леп, сұрау 

белгілері жалпы сөйлемге тиісті болса, олар жақшаның сыртына қойылады:

          - Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)! -деді Итбай 

(С.Мұқанов).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет