Балық және теңіз өнімдерінің адам тағамында өзiндiк орны бар. Холестериннiң аздығы, яғни ас қорыту жүйесiне аз салмақ түсiруiне байланысты балық етi диеталық тағам ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Сонымен қатар, балық тез бұзылатын өнiм. Балықтың кейбiр аурулары адамға да қауiптi (опистархоз, анизакидоз және т.б.).

Сондықтан, балық өнiмдерiн ветеринариялық санитариялық сараптау, санитариялық бағалау ветеринардың жауапты мiндетiнiң бiрi.
Мұхиттар мен теңiздер, өзен-көлдер және су қоймалары, сондай-ақ тоғандардан адамзатқа қажет нәруыздық тағамның 40 мөлшері алынады. Тағамға пайдаланумен қатар, оларды мал мен құсты азықтандыруға, сондай-ақ техникалық шикiзат ретiнде де кеңінен пайдаланылады.
Балықтың тағамдық қасиетiнiң жоғары болуымен қатар, онымен адамның уланып қалуы және ауруға шалдығуы да ықтимал. Демек, ветсансарапшыға балықтың тағамға немесе азыққа жарамдылығын анықтауға тура келедi.
Кәсiптiк балықтар. Су алабының түрiне оны мекендейтiн балықтарға және уылдырық шашуда олардың орын ауыстыруларына (миграция) орай теңiздiк, өтпелi және тұщы су балықтары деп бөлiнедi.
1 Теңiздiк балықтарға камбала, треска, тунец, және т.б. көптеген балықтың түрлерi жатады.
2 Өтпелi балықтар теңiзде мекендейдi де, уылдырық шашуға өзенге келедi. Бұларға семга, кета, күдiр балық, бекiре, қызыл балық, май шабақтардың кейбiр түрлерi жатады.
3 Тұщы су балықтарына тұқы, алабұға, шортан, сүйрiк, бахтақ, лақа тұқымдары жатады. Ал, жылан балық тұщы суды мекендейдi де уылдырық шашуға теңiзге шығады.
Бекiре тұқымдастары. Тұрқы ұзын ұршық тәрiздес, сыртынан 5 қатар сүйек қабыршақтарымен қапталған. Құйрық қанатының жоғары қалақшасы төменгiсiне қарағанда едәуiр ұзын. Тұмсығы ұзын (конус тәрiздес немесе күрекке ұқсайды).