Майшабақ тұқымдастары. Денесi ұзын, үлкен қабыршақтармен қапталған, бүйiр сызықтары болмайды. Құрсақ қанаттары төстiк қанаттарының артынан орналасқан. Жота қанаттары денесiнiң ортасында немесе құйрық жағына аздап ығысқан, бiрақ анальдық қанатына жетпейдi. Қанаттарының ұштары жұмсақ. Кейбiр түрлерiнiң жотасы қара. Бұл тұқымға балықтың 23-ке жуық түрлерi жатады (сардина, салака, килька және т.б.). Майшабақтардың етi ақ, нәзік, семiз, дәмдi болады. Бұлардан балық консервiлерiн дайындайды, көпшiлiгiн тұздайды. Тағы басқа тұқымдастардан ставридалар мол ауланады, жылан балықтар (угорь, минога) аз ауланады, бiрақ бұлардың тағамдық қасиеттерi жоғары. Угорь тұқымдастардың денесi ұзын, жыланға ұқсайды, жалаңаш немесе үстi ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ұшы тiкенге ұқсап қолға кiрмейдi. Жота және анальдық қанаттары өте ұзын, ұштары қосылып жатады. Шортан тұқымдастардың жота қанаты құйрық қанатына жақын орналасқан. Қанаттарының ұштары жұмсақ. Жайын балық ұсақ балықтармен қоректенедi.

Балық анатомиясынан қысқаша мәлiмет. Балық денесi, басы құйрығы және кеудесi деп ажыратылады. Құйрық сабағы деп анальдi қанаттарының бiткен жерi мен құйрық қанаттарының басталған жерiнiң аралығын айтады. Тұмсығы дегенiмiз - тұмсықтың ұшынан көздiң алдыңғы шетiне дейiнгi қашықтығы. Қаңқасы дегенiмiз - бас, омырқа, белдiк, қанаттары болып ажыратылады.
Етi. Балық денесiнiң етi көлденең жолақ талшықтардан тұратын бастың, кеуденiң, қанаттарының еттерi болып үш топқа бөлiнедi.
Терiсi. Көпшiлiк сүйектi балық терiсiнiң үстiнде қабыршақтары болады. Қабыршақтың сыртқы қабатына бейорганикалық тұздары мол сiңген, балықтың жасын айыратын жылдық сақина тәрiздес қабаты болады.
Ас қорыту аппараттары - жұтқыншақ, iшектер, бауыр және т.б. Балықтың бауыры жақсы жетiлген. Ол тұрқы да ұзын лентаға ұқсап iшек шиыршықтарының арасында жатады.
Қан айналысы мен сөл айналысының органдары. Балықтың жүрек және артериялық, веналық тамырлардан тұратын тұйық (жабық) қан айналу жүйесi бар және торша аралығында сөл саңылаулары мен тамырлары орналасқан.
Несеп шығару органдарының жүйесi. Қызыл қоңыр немесе жасыл-қоңыр түстi бүйректерi болады.
Жыныс органдары. Балықтар дара жынысты. Көбею органдары уылдырығы мен шоғандары.