Дәріс тақырыбы: «Дене қасиеттерін (қимылды) жетілдірудің физиологиялық механизмдері»


Ептілік және иілгіштік түсініктері



бет6/6
Дата21.10.2023
өлшемі99,14 Kb.
#120137
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физология

5. Ептілік және иілгіштік түсініктері.
Ептілік қалыптасқан дене сапаларының - күштің, шапшаңдықтың және төзімділіктің негізінде екінші дене сапасы ретінде құрылады. Оның сипаты: жаңа қимылдарды және қимыл дағдыларын жасау қабілеті; бір қимылдан екінші қимылға тез ауысуы; күрделі бағдарлы қимылдарды орындауы. Бұл қабілеттердің негізін экстраполяция, жақсы бағдарлану, лабилдіктің жоғары деңгейі мен жүйке процестерінің қозғалмалылығы, әртүрлі бұлшық еттерді басқара алу қабілеті құрайды.
Иілгіштік – буындарда үлкен амплитудамен қимылдар орындай алу қабілеті. Басқаша айтқанда, буындардың қозғалмалылығы.
Иілгіштік екі түрлі болады: белсенді және сылбыр иілгіштік. Белсенді иілгіштік буындардағы ерікті қозғалыстар кезінде болады. Сылбыр иілгіштік бұлшық еттерді сыртқы күшпен созу кезінде айқындалады. Сылбыр ептілік белсендіге қарағанда басым болады.
Иілгіштік бұлшық еттерді қыздырғанда жақсарады, суыққа нашарлайды. Ұйқы келгенде және шаршағанда төмендейді. Иілгіштіктің ең аз мөлшері – таңертең байқалса, түс кезінде максимальды деңгейіне жетеді. Иілгіштіктің ең жоғары көрсеткіштері қыз балаларда 14 жаста, ұлдарда 15 жаста айқындалады. Егде жастағы адамдарда ең алдымен омыртқа жотасының иілгіштігі төмендейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет