Тері және былғары өңдеу. Қазақ теріні қолдан илеген жаңа сойылып алынған теріні жүннің ішіне қарата дегдітіп, ұн аралас ащы айранмен сылайды. Өңін айналдырып екі-үш орап қояды да, жуып тұзды суға салады. Осындай жағдайда ұстағаннан кейін, қайтадан кептіріп, иіне ұн сеуіп пышақпен қырлап, дайын теріні әртүрлі шөппен өсімдік тамырынан алынған шымқай сары, қызыл күрең, сарғылт түстерге бояған. Қой терілерін томар бояу немесе қаратал қабығының қайнатындысымен бояған. Ұсақ мал терілерінен: қозы, лақ т.б. тоң шалбар, жарғақ киім, тақыр шалбар т.б. жасалған. Ірі қара терілері иленіп, кебіс, мәсі, саптама етіктер тігілді. Торсық, саба, көнек істелді. Айыл, тұрман, қайыс, камшы өрілді. Аң терілерінен тымақ, ішкі киімдер тігілді. Теріні илеп қайыс жасаған. Қайыстан ат әбзелдерін жасаған. Қаматтың құлақ бауы, айыл, жүген, тізгін, шылбыр, қанжыға, бау, қамшы, божы, тұсамыс, шілдер, ноқта. Аяқ киімдердің ұлтанын жасаған. Тері илеуді кәсіп деп атайды. Теріден көнек, қаз мойын (домалақ кеуделі ұзын мойын ыдыс), кеукерін, (құман тәрізді жанторсық былғары тоқым), ер токымның астына салатын жасаған. Теріге ою-өрнек әшекей сюжеттері, батырмалы (батырылып) немесе қаяу (қиюластырып тігу) техникалық тәсілдері жатады.
Тас өңдеу. Тас оңдейтіндерді - тас шеберлері деп атайды. Техникалық тәсілі - тасты қашап жасау. Қазақтарда қайтыс болған адамның басына жұмсақ тастан өте сәнді және күрделі ескерткіштер қою дәстүрі болған. Атап айтатын болсақ ескерткіш түрлері: құлпы тас, қой тас, сандық тас т.б. жатады. Келесі карастырылатын мәселе көрнек жанры.
Ағаш ою. Ағаштан ою оятын шеберлерді халық ағаш ұстасы деп атайды. Ағаш шеберлері ағаш тамырынан ойып, айқыш-ұйқыш өрнектер салып әдемі тостақандар, бүйрек пішінді қымыз ожаулар, күміспен құймалап, асыл тастармен мәнерлеген әсем тегенелер және піспек бастар, шыны-аяқ салатын ағаш құтылар т.б. жасаған. Музыкалық аспаптар жасаған. Ағаштан түйін түю халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі. Сонымен қатар киіз үйді ағаш бұйымдарымен үйдің сәндік жиһаздарына сай көркемдеген. Ағаштағы оюлар оюдың көркемдік мәнері үйге көрік берерліктей нәзік нашықталған, басқа да бұйымдардағы ою-өрнектер түсі, үқсас больш тіпті толықтырып тұрып әсем көрінеді. Қолданылатын іс-әрекет тәсілі ойма ою-өрнек сюжетін терең ойып жасау жолы. Тәйпақ оюы ою-өрнек сюжетін ағаш бетінен сәл ғана ою. Теспе оюы ою-өрнек сюжетін ағашта тесіп жасау жолдары.