Дәріс Тақырыбы: Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері



бет3/7
Дата19.05.2023
өлшемі40,25 Kb.
#94993
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7 Практика

Сүйек ою. Қазақ халқының ерте ғасырдан келе жатқан өзіндік көрке жанрының тағы бір түрі сүйектен ойып бедерлеп өрнек түсіру. Сүйектен ойып өрнек салушыларды қазақтар «шебер» деп атаған. Сүйектен ағаш бүйымдардың бетін, аттың қамыт-сайман, ер-тұрман, музыкалық аспаптардың бетін безендірген. Шебер сүйекті өрнектеп болған соң оны әшекейлейтін қажет заттардың бетіне майда күміс шегелермен шегелейді. Шегелемес бұрын әшекейленер бүйьмының беті өңделіп, өрнек сүйек формасы уңгі алынып тасталып сол араға сүйекті шегелейді. Сонда өрнектелген заттың беті тегіс болады. Кейбір бұйымдарды безендіргенде сүйек пен күміс қатар қолданылады. Өрнекті сүйек сынықтары, бедерлі күміспен алмастырылып қолданылады. Кейін ою ойылған сүйек астына ашық түсті шүға, мақпал төсейтін болған көбіне қызыл қара түсті пайдаланған. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасаған. Арқар, бұғы, таутеке мүйіздері мен түрлі сүйектен қобдишаларға, мылтық құндақтарына, домбыраларына және қазақы ерлерге алуан түрлі әшекей, ою-өрнек сюжетін салған.
Зергерлік жанр. «Алтын-күміс сияқты асыл металдардан жасалған әшекей бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кембер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер «зергер» деп аталады. Алтын адамзаттың алғашкы игерген металдардың бірі. Онын түсі мен күңгірт болмысы күн шапағаты іспетті. Бұл металдың маңызды қасиеті - оның ешқашан булінбейтіндігінде.
Алтынның ғаламат пластнкалық қасиеті табиғаттың бүлдіргіш құбылыстарына төзімділігі және әдемі сары түсі зергерлік өнердің негізгі материалдарының біріне айналуына мүмкіндік туғызады. Әйелдердің сәндік әшекейлерімен қатар, аттың айыл-әбзелдері, төсек, әбдіре сынды үй мүліктер бәрі-бәрі алтын, күміс, сүйекпен нақышталып, өрнектеліп безендірілген. XIX-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ жерінде күмісті карайтып безендіру кеңінен қолданылған. Сонымен қатар кейбір шеберлер әшекей бүйымының бетіне алтын жалатып үстінен ақық таспен безендіре бастаған. Бұл алтынның аз кетуіне мүмкіндік берген. Зергерлердің қолданған іс-әрекет тәсілдері: нақыштау, бұдырлау, торлау, оюлау, өрнек шәуі, құймалау, күміс сымнан өрімдеу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет