Ши тоқу. Қазақ кәсіпшілігінде ши тоқу кеңінен дамыған. Қамыстан
тоқылған ши шаруашылық та, киіздің астына, төсеуге қолданылған. Ал шымшиді алдын ала ойластырылған кілем іспетті сурет бойьшша тоқыған.
Шиді кереге киіз аралығына қүрады. Жаздың ыстық күні киізді үйдің іргесіне
түріп тек шимен ғана жауып қояды. Шиден ауа жақсы өтетіндіктен үйдегілерге даладан салқын леп соғуына мүмкіндік туады. Сондай-ақ шиді қазан-ошақ жаққа да пайдаланады. Топырақ шаңнан қорғайды. Қазіргі кезде шиды әр түрлі жіп пен орап алдын-ала салған нобай бойынша суретін салады.
Кестелеу жанры. Әсем кестелер, түс киіз, сандық қап, әйелдер көйлектерінің жаға-жеңі, әйел бешпенттерінін жаға-жеңі, омырауы, кимешек жағы, киіз үйдің тірегіші, орамал алақаны, киім жапқыш, шымылдық;, жастық кап, көрпе, кәмшат бөрік, тақия, сәукелелер тігіледі. Кестенің тігілу мәнері қиын емес, жіңішке сабағы майысып иіліп жарған қызғалдақтың ортасынан жарып көрсету қазақ оюларында бұрыннан бар дәстүр. Кестенің түрлері: біз кесте, орама кесте, баспа кесте, шекпе кесте, ашамай кесте, ойма кесте, бастырма кесте, ілме кесте. Біз кесте - гүл шоғының үлгісін сырттай (жағалай) шалып тігіп бейнелеген соң оның ішіне жаппай бізбен қатарлап тігіс жапырақ түсіріп, жапырақ бейнесін тігіспен «бояп» шығады. Сәнді көріну үшін кейде жапырақ ішін әр түрлі жіппен шалады. Ілме кесте былғары мен киізде кездеседі. Кестенің келісті үлгілерін, оюдың алуан түрлерін оюшылар және сызушылар деп аталады. Кестеге түрлі-түсті жібек жіп, зер жіп қолданылады. Бұл кесте түрлері қатипа, барқыт т.б. сияқты былғарыға да, киізге де шегіледі. Қыздардың тақиялары мен сәлтселелерідде қанат кестесі, (маржақшамен] тізілген меруерт моншақ, маржаннан шегу, алтын айшық, күміс қозалармен әшекейлеуде кеңінен қолданған. Өрнегінің ерекшелігі - мың бұралған шиырлі өсімдік тектес өрнегі, салтанатты мәнері, ашык түсті кесте жіптері, оқалы-зерлі жиегі. Ерте кезде қазактың ою-сызу кестелерінде адам мен хайуанаттардың нобайлық кескіні, аңшылыктың, түйелі керуеннің бейнелері болған. Бірақ ислам шариғатының адам бейнесі мен жанды заттың суретін салуға тиым салу салдарынан кейінде бұл формалар азайып кеткен.
Қол өнер қазақ қоғамының таптык жіктелуіне байланысты туған. Онда жұрттың заңдылығына кандай әлеуметтік топқа жататын мәні берілген. Бұнда сәулетті мен байлығын баса көрсететін белгіні алған. Қошқар мүйіз, сұлулық пен үйлесімділік заңдылығына сүйене отырып қол өнерші шабытта туындыларды жасайтынын ескерсек, онда мынадай жүйеде сәндік-қолданбалы өнерін болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің даярлығын қалыптастыру карастырылады.
3.