Дәріс Тақырыбы: Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері



бет4/7
Дата19.05.2023
өлшемі40,25 Kb.
#94993
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7 Практика

Киіз басу. Қазақ түрмысында киіз басудың маңызы ерекше. Киіз басу арқылы дәстүріне енген бұйымдар: киіз ақ немесе сұр жүннен басылып, үйдің үзігіне, түндігіне, есігіне, тағы басқа тұрмыс қажетіне жаратылатын төсем.
Текемет - шала қарпылған киізге боялған жүннен ою сальш, қамыс шимен коса орап, үстіне қайта-қайта ыстық су құйып, білекпен үқсатып, аяқпен тепкілеп, әрі-бері жүгіртіп басатын киіз төсеніш. Сырмақ, сырдама-астыңғы негізіне (оның киізден болуы міндетті емес) екі түсті жұқа киізден бірдей етіп ойылған өрнек көктелетін төсеніш.
Түс-киіз түсті барқыттың ойылған өрнектерді жұқа басылған ақ киіз шаршысына жапсырылып, қабырғаға кілем орнына ілінетін төсем. Оның көшенінде бірінші өрнектің сұлбасы үшін, екіншінің ойығы, ал екіншісіне керісінше біріншісінің ойығы алынады. Төсемнің шаршысы барқытпен әдіптеліп, ою өрнегінің айналасы сетінеместей етіп көктелетін болған. Киізден бас киімдер түрлері және аяқ қаптар да тігілген. Киіздің өзгешіліктері тек қана жасалуында емес, безендірілуінде де бірін-бірі қайталамас өрнектерінде де болған. Осындай түс киіздер шұғадан, мақпал мен бөзден дайын кздемеден жасалған.
Тері түс киізі. Ол аттың терісінен жасалған. Теріге ою үлкен бір мәнермен, мазмұнмен әсем өрнектеліп түскен. Оның күрделілігі, сәнділігі мата, киіз түс киіздерден еш айнымайды. Зерлі тігіс орнына күміс нақыштар орнын тауып сәнді қолданылған. Түс киіздің күңгірт бірбеткей өңін жарқылдаған күміс ашып тұр. Осыдан қазақ халқының теріні де өнер ретінде ертеден игергенін білуге болады. Кейбір түс киіздердің шеті қымбат аң терісімен жұрындалған. Түс киіз бағасын бұл да арттыра түседі.
Кілем току. Кілем тоқу ісіне өркен жайған елдермен Иранмен, Шығыс Түркістанмен қарым-қатынас тікелей әсер еткен. Мұндай пікір айтуға қазақша түрікмеңдердегі секілді «Қалы кілем» деген тіркестегі «Қалы парсының галы» яғни «Кілем» деген сөзінен шыққан. Ал парсыша қазіргі палас іспетті төсеніштерді кілем деп атаған. Кейінірек бірте-бірте «Қалы кілем» деп түсінік «Түкті кілем» мен алмасқан. Алматыда аса ірі кілем фабрикасы ұйымдастырылганға дейін кәсіпшілік артелдері айналысқан. Қазір фабрикада қазақы кілем тоқудың қалыптасқан дәстүрлерін өз көдесіне жаратуға баса назар аударған. Бұнда екі кілемнің нұсқасы қайта қалпына келтіріліп өндіріш жіберілген. «Шұға кілем» жөне «Қоңырат кілем». Кілем, басқұр, алаша т.б бәрінің негізі бір. Бәрі де өрмеп тоқуға негізделген. Ал оны көркемдік жағынан байыту, мәнерлеп өрнектеу, әр түсті айшықтау, бояу қолдану әр заттың сипатына, токушының өз қиялына, іскерлігіне байланысты, әр жерде әр түрлі іс-әрекет тәсілі - өрмек тоқу, кежім теру (бұхар теру). Қазақы алашалар кежік теру әдісімен тоқылған. Басқұрға өрнек тоқу кезінде салынып отырады. Баскур мен киіз үйдің керегесі мен уыгының біріккен жерін жасыру мақсатымен жасалады. Қазіргі кезде ол золотое сечение, екіншіден сәндік жиһаз есебінен де салынады. Сондықтан оны термелеп өрнек салып әсемдеп тоқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет