Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде



бет17/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде. Тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарының еңбектерінде кездеседі. Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілген. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.
Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру – тәрбиенің басты мақсаты.
Тәрбиенің жалпы мақсатын іске асырудағы қиыншылықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процеске қатысушылардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінің өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын, дене бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру процестерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиенің жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
1. Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.
2. Мектептің, жанұяның педагогикалық процесінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы.
3. Адамның өмірдегі өз орнын білу мәдениеті.
4. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек.
5. Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру.
6. Ұжымдылыққа бағыттау.
Қазіргі кезде көптеген авторлар тәрбие ұғымын жеке тұлғаны жалпы адамзаттық мәдениетке ендіру процесі ретінде және оның жоғарғы құндылықтар негізінде өзін қоршаған шынайы өмір мен үйлесімді бірігіп тіршілік ету қабілеттерін қалыптастыруды қарастырады.
Тәрбиенің жалпы мақсатымен бірге тәрбие процесінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат, жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі, әрбір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.
Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» анықталған. Мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында мұғалімдер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет.
– педагогтың тәрбиеленуші өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыр, тәрбиенің гуманистік бағытта жүргізуі принципі;
– табиғи және әлеуметтік мәдени процестердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;
– жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;
– әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;
– тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компоненттігін) дамыту принципі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет