Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қабылдау Қабылдаудың жалпы сипаттамасы



бет43/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   140
Қабылдау
Қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Қабылдау туралы ұғым. Қабылдау заттың тұтас бейнелеуi ретiнде. Түйсiк пен қабылдаудың өзара байланысы мен айырмашылықтары. Қабылдау күрделi перцептивтiк процесс ретiнде.
Қабылдаудың физиологиялық негiздерi. Қабылдаудың физиологиялық механизмдерi. П.К. Анохин бойынша қабылдаудың (бейне қалыптастырудың) физиологиялық негiзi. И.П. Павлов, И.М. Сеченов қабылдаудың рефлекторлық механизмдерiн түсiндiруi.
Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi. Қабылдаудың тұтастылығы. Құрылымдылық қабылдаудың тұтастылығымен байланысты көрiнiсi ретiнде. Қабылдаудағы заттылық. Қабылдаудың мағыналылығы мен тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзия. Апперцепция және оның түрлерi.
Қабылдаудың түрлерi. Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн, аумақтылығын, қашықтығы мен бағытын қабылдау. Уақытты қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi. Қозғалысты қабылдаудың психофизиологиялық табиғаты.
§ 1. Қабылдау туралы жалпы ұғым
Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге әсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң қабылданатын әсерге ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi субъективтiк эффектiнi тудырады. Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге де тән. Ал дүниенi бейнелер түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi. Бұл қабiлеттiлiк оларда өмiрлiк тәжiрибе барысында қалыптасып, жетiлiп отырады.
Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.
Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Түйсiктерден ерекшелейтiн қабылдаудағы бұл процесс объективация деп аталады.
Егер түйсiктер қандай да бiр анализаторға ңбайланып қалғанң сияқты болып, және шеткi органдары – рецепторларға стимул әсер еткенде олар бiрден пайда болатын болса, ал қабылдау нәтижесiнде пайда болатын бейне бiрден бiрнеше анализаторлардың өзара әрекеттесiп, үйлесiмдi жұмыс атқаруының нәтижесiнде қалыптасады. Осы анализаторлардың қайсысы едәуiр белсендi жұмыс атқарып, едәуiр мәндi қасиеттер жөнiнде ақпаратты көп берсе, соған байланысты қабылдау түрлерi де ажыратылады: көру, есту, терi және қозғалыстық қабылдаулар.
Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.
Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек.
Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады.
Түйсiну мен қабылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн емес. Адам дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының нәтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық процестерге көшiп отырады. Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк заттардың адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау тек сыртқы дүниедегi заттардан тәуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық әрекеттерiмен де байланысты.
Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тәжiрибе әсерiнен жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп, мазмұны жағынан байып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет