Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет49/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140
Зейін және іс- әрекет. Іс- әрекеттің құрылымы және зейін. Зейіннің іс- әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі. Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде (П.Я. Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер.
Зейіннің дамуы. Зейіннің даму сатылары, оларды анықтайтын факторлар. Зейіннің жоғарғы формаларының дамуы.
Зейінді зерттеудің қолданбалы аспектілері. Зейін барлық іс-әрекеттің маңызды шарты реінде. Адамның әр түрлі іс-әрекетіне қолданылатын зейіннің әр түрлі қасиеттерін бағалау және ескерту. Зейіннің дамуы, жас ерекшеліктері факторлары. Шашыраңқылық пен көңілдің аударылмауын жеңу.

Зейiн деп адам санасының белгiлi бiр затқа бағыттала тұрақталуын көрсететiн құбылысты айтады. Зейiн дегенiмiз айналадағы обьектiлердiң iшiнен керектiсiн бөлiп алып, соған психикалық әрекеттерiмiздi тұрақтата алу. Адамға тән әрекеттiң кез-келген түрiнде зейiн орын алмаса оның нәтижесi ойдағыдай болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский зейiннiң маңызын былайша көрсеткен едi: «Зейiн адам санасынан қорытылып өтетiн барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есiгi болып табылады, демек, бұл есiкке iлiмнiң бiрде-бiр сөзi соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе онда баланың санасында ештеңе де қалмайды» деген. Зейiндi психикалық процестердiң тобына жатқызу дұрыс болмас едi., өйткенi өз өмiрiнiң әрбiр моменттерiнде бiр нәрсенi қабылдайды, не есiне түсiредi, бiрер нәрсенi қиялдайды, бiр нәрсе жөнiнде ойлайды. Ал зейiн болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтiн, қайта солармен бiрлесiп келетiн психикалық әрекеттiң айрықша бiр жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейiнге түрлiше әсер етедi. Сезiм зейiндi күшейте түсуге не оны бөлiп жiберуге себепшi болады. Мәселен, бiр обьект жағымды сезiм туғызып зейiндi күшейтедi де, ал көршi сыныптан естiлген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейiнiн төмендетедi. Ерiк, ой, қиял процестерi де зейiнге түрлiше әсер етiп отырады.


Зейiннiң физиологиялық негiздерiн И.П.Павлов ашқан нерв процестерiнiң өзара индукция заңына байланысты түсiнуге болады.
Зейiннiң физиологиялық негiздерiн кеңес физиологы, академик А.А.Ухтомскийдiң доминанта теориясы бойынша да жақсы түсiнуге болады. Сыртқы дүниенiң көптеген тiтркендiргiштерiнiң iшiнде бiреуi миға көбiрек әсер етедi де мидың бiр алабын қаттырақ, күштiрек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атайды. Мидың осы қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсiз қозу процестерiн өзiне тартып алып отырады. Осындай мидың күштi қозған алабы онан бетер күшейедi. Мәселен, қызық кiтапқа берiле оқығанда адамға кейбiр бөгде тiтiркендiргiштердiң бөгет жасамайтыны, қайта олардың бiздiң ойымыздың күшейуiне көмектесетiнi байқалады. Сондықтан адам бар зейiнiн қойып кiтап оқыған кезде қасындағы бөгде тiтiркендiргiштерден қашпауы керек. Бұл бiздiң басқа нәрселерге көңiл аудармай үңiлiп отырған әрекетiмiзге мейлiнше берiле түсуге көмектеседi.
Зейiннiң аударылуы деп бiр обьектiден екiншi обьектiге назарымызды көшiрудi айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейiндi тез аудара бiлу қабiлетi көбiнесе нерв процестерiнiң өзгермелiлiгiне байланысты. Кейбiр адамдар бiр жұмыстың түрiнен екiншi жұмыстың түрiне тез көшедi, зейiн қойып жаңа жұмысты тез меңгерiп кетедi. Бұл икемдi, оңтайлы зейiннiң көрiнiсi. Екiншi бiреудiң зейiнi керiсiнше, басқа обьектiге қиындықпен ауысады.
Зейіннің бөлінуіадамның кез- келген іс- әрекет үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше обьектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін байқаймыз.Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс- әрекет үрдісінде зейін бір- ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиалогиялық негізі ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейіннін бөле білдіруді жетілдіре, тәрбиелеу керек.Зейiннiң бөлiнушiлiгi адам санасының бiр мезгiлде бiрнеше әрекеттi атқара бiлу мүмкiншiлiгiн зейiннiң бөлiнушiлiгi дейдi. Адам зейiнiн екi-үш нәрсеге бөле алады. Зейiндi бiр уақытта бiрнеше обьектiге түрлi обьектiге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетiп отыр. Мәселен мектеп жағдайында оқушы сабақ жазыпотырып, тақтаға шыққан оқушының тақтадағы есебiн байқай алуы. Зейiндi бөлудiң физиологиялық негiздерi жөнiнде И.П.Павлов былай дейдi: «бiз бiр iспен, бiр оймен айналыса жүрiп, өзiмiз әдеттенiп кеткен тағы басқа басқа бiр iстi iстей жүремiз, яғни сыртқы тежелу механизiмi бойынша, ми сыңарларының тежелудегi бөлiмдерi мен қызмет iстеймiз, өйткенi бiздiң басты iсiмiзбен байланысты ми сыңарларының пунктi бұл кезде қатты қозуда болады».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет