Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет50/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   140
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілерінің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек.
Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған сон-шама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихы, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көрініс-тердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психи-касының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды – көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді. Психи-калық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып оты-ратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін санамызға түсіретіндігін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні, нәти-жесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімдерінің әңгімесіне зейін қойып құлақ самаса, оларды ұғып, есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақ-сы түсініп, көп ұғып алады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәти-желі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: “зейін адам санасынан қорытылып өтетін, барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, одна баланың санасында ештеңе де қалмайды”.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кездерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады, зейіннің физиология-лық негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатын-дығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу кіріссе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиолыгы, академик А.А. Ухтомскийдің (1815-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда айтыл-ғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады, А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың “қозудың оптималдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды “оптималдық жағдай” жасап отырады. Оптималдық қозу бар осы ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді “Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарла-рының оптималдық қозу болатын жеріне жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеріп тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік. Бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді”. Ұлы физиолог оптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптималдық қозу алабының жұмысы болады. Оптималдық қозуы бар осы алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөлшектеріндегі тежелуді күшейте-ді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ал қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптималдық қозу алабын екінші жүйелі шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдардан ми қабы-ғындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің толғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондық-тан да кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың келбетіне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді не зейінісіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі, іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет