Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
Семинарға арналған сұрақтар:
Түйсiктердiң адамның танымдық процестерiнiң iшiнде алатын орны.
Түйсiктердiң негiзгi қасиеттерi (модалдылық, қасиет, қарқындылық, кеңiстiктiк-уақыттық құрылым).
Түйсiктердiң түрлерi.
Түйсiктердiң өзара әрекеттесуi, адаптация құбылыстары.
Студенттердiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар:
Түйсiк табалдырықтары.
Түйсiктiң психофизикалық заңдылықтары.
Түйсiктердiң өзара байланысы: синестезия, сенсибилизация, бiр iздi бейнелер (эйдетикалық ес).
Семинар сұрақтары:
Қабылдаудың басқа психикалық процестермен өзара байланысы мен танымдағы орны.
Қабылдаудың негiзгi түрлерi және заңдылықтары.
Қабылдау процесiн зерттеу әдiстерi.
Студенттердiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар:
Адамның адамды қабылдауы.
Экстрасенсорлық қабылдау туралы жалпы ұғым.
Қабылдаудың онтогенез барысындағы дамуы.
Көру иллюзиялары және оның түрлерi.
Қабылдау процесiне қатысатын сезiм мүшелерiнiң құрылымы (схемалық түрде сызбасын жасау).
|
1
|
|
№6 дәріс
|
Дәріс №6. Зейін
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Зейін туралы ұғым
Зейіннің физиологиялық негіздері
Зейін түрлері мен қасиеттері
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтардың мазмұны
Зейін басқа психикаық процестердің ішінде ерекше орынға ие. Зейін танымның, сезім мен еріктің бөлінбес жағы болса да, осы үш психикалық сфераның біреуіне де жатқызылмайды. Зейін- сананың динамикалық жағы, оның бағыттылығын сипаттап және адекватты бейнені қамтамасыз ететін бейнелерді шоғырландырады және іс- әрекет пен қарым- қатынасты жүзеге асыруға қажетті шарттардың бірі. Зейін объектісінің қайда орналасуына байланысты- сыртқы дүниеде ( материалды объектілер, әрекет) немесе жеке адамның субъективті әлемінде ( жеке меншік өз ойлары, сезімдері, әсерленулер) – оның түрлері бөлінеді.
Зейін ұғымын анықтау. Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, В.В. Вундт, И.П. Павлов, А.А. Ухтомский). Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің психикалық статусы мен табиғаты жайлы пікір- талас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминанта, ми қабығындағы қозу, екінші сигналды жүйе).
Зейіннің түрлері. Еріксіз, енжар зейін. Ізденгіш және зерттеуші іс-әрекет еріксіз зейін ретінде. Еріксіз зейінді шарттандыратын факторлар. Зейін алдындағы процестер, обьектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.
Ерікті, белсенді зейін. Ерікті зейіннің пайда болу шарттарының ерекшеліктері. Ерікті зейіннің психологиялық механизмдері. Еріктің зейіндегі күшеюі. Зейін процестерін ұйымдастырудағы құралдардың дамуы. Ерікті зейіннің жанамаланған сипаты. Ерікті зейінді ұйымдастырудағы құралдардың дамуы.
Ырықтылықтан кейінгі зейін. Оның пайда болу шарты. Ырықтылықтан кейінгі зейіннің практикалық маңызы, педагогикалық мәні.
Зейіннің негізгі қасиеттері, оларды эксперименталды зерттеу. Зейіннің көлемі. Зейін көлемінің индивидуалды ерекшеліктерден, материал құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі.
Зейіннің концентрациясы, орнықтылығы, тербелісі. Зейін орнықтылығының материал сипатына, іс-әрекет түріне, жеке адамның ішкі дайындалуына тәуелділігі. Зейінді аударушы факторлар.
Зейінді аудару және бөлу: Зейінді әртүрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар. Еңбек іс-әрекетіндегі зейіннің аударылуы мен бөлінуі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |