Дәріс тақырыбы және тезистер



бет2/6
Дата19.05.2023
өлшемі452,51 Kb.
#95334
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Есептеу математикасының негіздері. Дәрістер

Графиктік әдіс.
Айталық
(1)
теңдеуінің түбірлерін анықтау керек, мұнда - қандай да бір ақырлы немесе ақырсыз аралығында анықталған және үзіліссіз функция.
Анықтама 1. фунқциясын нөлге айналдыратын, қандай да бір x мәні (1) теңдеудің түбірі деп аталады.
Анықтама 2. f(x) функциясының анықталу облысына тиісті (1) теңдеудің тек бір ғана түбірі жататын аралықтарын анықтау теңдеудің түбірлерін жекешелеу деп аталады.
Анықтама 3. Түбірлерді жекешелеу кезінде анықталған аралықтағы теңдеудің түбірі үшін қабылданған бастапқы жуықтауды  дәлдіктің дәрежесіне дейін жеткізуді түбірді дәлдеу деп атайды.
(1) теңдеудің тек бір түбірі жатқан кіші аралықты анықтау үшін математикалық талдау курсынан келесі теорема колданылады.
Теорема.Егер аралығында анықталған, әрі үзіліссіз фунқциясы және нүктелерінде қарама-қарсы таңбалы мәндерді қабылдаса, яғни
(2)
теңсіздігі орындалса, онда осы аралықта (1) теңдеуінің кем дегенде бір түбірі болады.
Ал егер осындай функциясының туындысы бар болып және ол осы аралығында таңбасын өзгертпесе, онда аралығында (1) теңдеудің жалғыз түбірі болады.
(1)-ші теңдеудің нақты түбірлері қайсысының Ох осімен қиылысқан нүктелерінің абсциссалары болғандықтан түбірлерді жекешелеуді графиктік әдіспен анықтасақ болады.
Графиктік әдісінің алгоритмі:

  1. (1) теңдеуді өзімен пара-пар теңдеумен алмастыруға болады


мұндағы – функциялары функциясына қараған-да қарапайым фунқциялар болуы тиіс;
2) және функцияларының графиктерін саламыз;
3) осы графиктердің қиылысу нүктелерінің абсциссаларын анықтаймыз;
4) Егер табылған абсциссалар мәндері (2) теңсіздікті қанағаттандырса, онда осы графиктердің қиылысу нүктелерінің абсциссалары берілген теңдеудің ізделінді түбірлері болып табылады. Егер (2) теңсіздік орындалмаса, онда 3-ші пунктке ораламыз.
Жартылай қақ бөлу (дихотомия) әдісі.
(1) теңдеу берілсін. функциясы кесіндісінде үзіліссіз болсын және (2) теңсіздік орындалсын. кесіндіде жатқан (1) теңдеудің түбірін табу үшін осы кесіндіні қақ ортасынан бөлеміз.
Егер болса, онда берілген теңдеудің түбірі болып табылады, ал кері жағдайда, егер ,
онда кесіндіні қарастырамыз, әйтпесе кесіндіні қарастырамыз.
Әрі қарай , яғни немесе кесіндісін тағы қақ бөлеміз. Нәтижесінде қандай да бір қадамда не (1) теңдеудің дәл түбірін аламыз, не бір бірінің ішінде орналасқан шектеусіз тізбектерді аламыз.
(3)
жағдайда итерациялық процесті тоқтатамыз. Шешімнің қателік бағасының формуласы
.

1

№4 дәріс



Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Хорда әдісі.
2.Жанамалар (Ньютон) әдісі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Хорда әдісі.
теңдеуінің аралығындағы берілген дәлдік-пен түбірін табу керек. Екі жағдай болуы мүмкін

  1. , 2) .

Бірінші жағдайда және нүктелерінен өтетін хорда мен Ох осінің қиылысу нүктесін табу үшін болғанда келесі формуланы қолданамыз:
(4)
Екінші жағдайда хорда әдісі үшін келесі негізгі формуланы аламыз
(5)
Егер теңдеуінің -дағы дәл түбірін деп, ал хорда әдісімен табылған түбірінің жуық мәнін  деп алсақ, онда осы жуык мәннің қателік бағасы

Итерация процесін

болғанда тоқтатамыз, мұнда 0 қандай да бір аз шама.
Жанамалар (Ньютон) әдісі.
теңдеуінің  түбірі кесіндісінде жекеленген, үзіліссіз және анықталған таңбаны сақтайтын, сонымен қатар кесіндісінде үзіліссіз болсын. Ньютон әдісі у=f(x) қисығынын доғасын қисыктың қандайда бір нүктесінде жүргізілген жанамамен алмастырғанмен пара-пар.
Жанамалар (Ньютон) әдісінің негізгі формуласы:
(6)
Қателік бағасы

мұндағы х* - түбірдің дәл мәні;
 - түбірдің жуық мәні.



1

№5-6 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Гаусс әдісі.
2. Квадрат түбірлер әдісі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет