Дәріс тақырыбы және тезистер



бет6/16
Дата07.09.2023
өлшемі84,7 Kb.
#106368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5.ДӘРІСТЕР (4)

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары
1. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы 5-cыныптар «Математика» оқулықтарының авторлары:
A) Смирнов, Тұяқов;
B) Әбілқасымова және т.б.;
C) Алдамұратова;
D) Нурк;
E) Ыбан.
2. 5-cыныпта математиканы оқыту төмендегі курсты оқып-игеру арқылы жүзеге асырылады:
A) Арифметика;
B) Алгебра және анализ бастамалары;
C) Математика;
D) Алгебра және геометрия;
E) Тригонометрия.
3. Теріс емес бүтін сандар арифметикасы жүйеге келтірілетін мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) 5-сынып;
B) 6-сынып;
C) 7-сынып;
D) 8-сынып;
E) негізгі мектептің басы.
4. «Бөлшек сан» ұғымы енгізілетін мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) негізгі мектеп;
B) 8-сынып;
C) 7-сынып;
D) 6-сынып;
E) 5-сынып.
5. Жай бөлшектерге амалдар қолдану мәселесі қарастырылатын мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) негізгі мектеп;
B) 8-сынып;
C) 7-сынып;
D) 6-сынып;
E) 5-сынып.

1

№6
дәріс

Математиканы оқытудың жаңа амалдары. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қазіргі заманғы білім беру парадигмасы және оның ерекшеліктері.
2. Оқытудың интерактивтік әдістері.
3. Оқытудың интерактивтік әдістерінің қағидалары және мақсаттары.
4. Оқытудың интерактивтік әдістерінің түрлері.


Дәрістің қысқаша мазмұны
Жалпы алғанда, оқыту әдістерінің түрлері мейлінше көп. Педагогикалық әдебиетте олардың әртүрлі сипаты бойынша жіктелулері келтіріледі. Біздіңше, оқыту әдістерін жіктеуде бірінші кезекте, оқыту үдерісіндегі мұғалім мен оқушының орындайтын іс-әрекеттерінің сипатына қарай жіктелуі тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, қазіргі күні математиканы оқыту үдерісінде «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана мүмкін!», «Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді!»,«Басқа біреу үшін емес, өзің үшін үйрен!» деген сияқты қағидаларды басшылыққа алуға тура келеді. Сондай-ақ математикалық білімдерді теория арқылы емес, әлеуметтік тәжірибелер арқылы игертуге баса мән берілуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, оқыту әдістерін оқушы мен мұғалімнің оқыту үдерісінде атқаратын іс-әрекетіне байланысты былайша топтастыруға тура келеді: 1) оқытудың пассивтік әдістері; 2) оқытудың активтік әдістері; 3) оқытудың интерактивтік әдістері.
Оқытудың интерактивтік әдістері – оқушының белсенді түрдегі дербес және бірлесе орындайтын әрекеттеріне, ойлау мен рефлекцияға негізделген әдістер. Олар оқушының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, шығармашылық дамуына игі әсерін тигізеді. Оқытудың интерактивтік әдістерінің басты белгісі, олар математикалық білімдерді игеру үдерісіне қатысушылардың (мұғалім мен оқушылардың, сондай-ақ оқушылардың өзара) қарым-қатынасына негізделеді. Шынында да, «интерактив» сөзінің ағылшын тіліндегі мағынасы осыны көрсетеді. «Interaktiv» - «inter»(өзара) және «akt»(«әрекеттесу») деген сөздерден құралған. Интерактивтік әдістер дегенді мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын оқыту әдістері деп түсіну керек.
Оқытудың интерактивтік әдістері туралы айтқанда, оның конструктивтік сипатына да баса мән берілуі керек. «Construction»- құрастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни интерактивті оқыту әдістерін қолданғанда, оқушылардың білімді өз беттерімен құрастыра білуіне ерекше көңіл аударылады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, оқытудың интерактивтік әдістерінің төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
1. оқушылардың қандай да бір дербес оқу-танымдық әрекеттер жасауын қамтамасыз ету;
2. оқушылардың білімді өз бетімен құрастыруына мүмкіндік жасайтын орта қалыптастыру.
3. әр оқушының оқыту үдерісіне белсенді түрде араласуына мүмкіндік жасау;
4. әрбір оқушының өзінің білетіндері мен оқып-үйренгендерін ортаға сала отырып, талқылау арқылы өзіндік ой-пікірлер айтуына қолайлы жағдайлар туғызу;
5. білімді әлеуметтік тәжірибе арқылы игертуге және өмірмен байланыстыруға күш салу;
6. оқытудың түсінікті болуы мен қызықтылығына мән беру.
Оқытудың интерактивтік әдістері нәтижелі болуы үшін мынадай шарттардың орындалуы тиіс:
1.Жағымды психологиялық ахуал мен орта қалыптастыру;
2. Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту;
3. Білім құрастыруға ынталандыру;
4. Жеке жұмыс істей білуге баулу;
5.Топпен жұмыс істей білуге үйрену;
6. Өзінің және сыныптастарының, сондай-ақ топтың әрекеттеріне баға беру.
Осыған байланысты оларды төмендегідей етіп жіктеуге болады:
1. Жағымды психологиялық ахуал мен орта қалыптастыру әдістері.
Бұл әдістер негізінен алғанда, сабақтың басында қолданылады. Олар: ойсергектер, танысу ойсергектері, биопоэма, акроним, пән немесе тақырып туралы кластерлер, рольдік ойындар, іскерлік ойындар, логикалық ойсергектер,т.б.
2. Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту әдістері («Не білемін, нені білдім, нені білгім келеді?» кестесі, тақырыпты ауыстырып жазу, ауызша есептер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, сөзжұмбақтар, буриме, санамақтар, ой қозғау(breinstorming), синектика, кластерлер құрастыру, кіріспе сұрақтар, Т-кестесі,т.б.).
3. Білім құрастыруға ынталандыру әдістері( интерактивтік түсіндірме, сұрақ қою және қайтадан сұрақ қою, қос жазба күнделігі, үш қадамды сұхбат, пікірталас, іскерлік оқу ойындары, т.б.).
4.Жеке жұмыс істей білуге баулу әдістері (интервью, эссе, шығармашылық жұмыстар, конспект, реферат, кластерлер, T-кестесі, еркін жазу, т.б.).
5.Топпен жұмыс істей білуге үйрену әдістері (диалог, баяндама, глоссарий құрастыру,презентация, жоба, рецензия, case-study, ой қозғау (breinstorming), синектика, кластерлер құрастыру,топтық зерттеу, үлкен шеңбер тәсілі, аквариум, қос шеңбер, диспут, т.б.).
6. Өзінің және сыныптастарының, сондай-ақ топтың әрекеттеріне баға беру әдістері (сауалнама, пікірталасқа қатысу парағын толтыру, рубрика, портфолио, эссе, шығу парағы,бестармақ, галареяны шарлау, броундық қозғалыс, т.б.).
Мысалдар келтірейік. Оқу жылы басында оқушылардың танысуларын жүзеге асыру үшін алғашқы математика сабағында биопоэма әдісін қолдануға болады.Ол үшін әр оқушыға олардың өздеріне қатысты төмендегідей сауалдар жазылған парақшалар үлестіріледі.
1. Аты-жөнім:
2. Қай мектептен келдім?
3. Алдыңғы сыныпты математикадан қандай бағаға бітірдім?
4. Мен қандаймын?(өзіңізді сипаттайтын сын есімді келтіріңіз):
5. Өмірлік қағидаларым(өзіңіз ұстанатын қағидаларыңыздыі үшеуін келтіріңіз):
6.Сүйікті пәндерім(өзіңіз ұнататын үш пәнді көрсетіңіз):
7.Математиканы қиын пән деп санайсыз ба?
8. «Математика» сөзі қандай сөзден шыққан?
9. «Арифметика» сөзі қайдан шыққан?
10. «Геометрия» сөзі қайдан шыққан?
Сол сияқты сабақ басында «Атау-акроним» әдісін тиімді пайдалануға болады. Мұнда оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты қандай да бір математикалық терминді ұсынып, оның бас әріптерінен оны сипаттайтын сын есімдер құрастыруы керек. Мәселен,
А – аса қиын пән;
Л- логикалық ойлауды талап етеді;
Г- геометриямен байланысты пән;
Е- есептер шығарумен байланысты пән;
Б- белгісіздерді табумен байланысты пән;
Р- ретті пән;
А- арифметикадан кейін оқытылады.
«Тақырыпты жасыру» әдісі. Айталық, сабақтың тақырыбы «Теңдеулер» болсын. Мұғалім тақтаға оның әріптерін ауыстырып жазып, оқушылардан тақырыпты өздерінің табуын талап етуі мүмкін («едеуеңТер» деп).
«Логикалық ойсергек» әдісі. Тақтаға логикалық тапсырма жазылады да оқушылардың оны шешуі талап етіледі (қызықты пирамида).
«Интерактивті түсіндірме» әдісі. «Ең үлкен ортақ бөлгіш» тақырыбын өткенде оқушылар топтарға бөлініп, оларға мынадай әрекеттер жазылған парақшалар үлестіріледі:
«А) 24 санының бөлгіштерін ретімен тізіп жаз:
Ә) 36 санының бөлгіштерін ретімен тізіп жаз:
Б) Олардың ортақ бөлгіштерін ретімен тізіп жаз:
В) Ортақ бөлгіштердің ең үлкенін анықта».
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өз беттерімен ЕҮОБ туралы білім құрастырады. Сол сияқты «Евклид алгоритмін» де осылайша игертуге болады.
«Кластер құрастыру» әдісі. Мәселен, оқушыларға «Математика» сөзіне кластер құрастыруды ұсынуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет