Дәріс тақырыбы және тезистер


дәріс Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет3/15
Дата14.10.2023
өлшемі41,54 Kb.
#114331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Стилистиканың негізгі ұғым категориялары
1.Тілдің стилистикалық құрылымы.
2. Функционалды стиль туралы ұғым.
3. Стилистикадағы «стиль» ұғымы.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім. Стилистиканың, тіл ғылымының басқа салаларындай, тек өзіне ғана тән тілдік бірліктері жоқ: ол фонетиканың объектісі – дыбыстарды да, лексикологияның объектісі – сөздерді де, морфологияның объектісі – морфемаларды да, синтаксистің объектісі – сөз тіркестері мен сөйлемдерді де, солардың бәрінің жиынтығын зерттейтіндігі. Оларды тілдік қатысымның саласы мен мақсат-міндеттеріне сай жұмсалу, қызмет ету жағдайларымен тығыз байланыста қарастыруы.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Функционалдық стильдердің жасалуына әсер ететін факторлар.
2. Тілден тысқары факторлар. Таза тілдік факторлар.
3. Стиль терминінің кең мағынасы

2

4
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Әдеби тіл нормасы
Әдеби тіл нормаларының түрлері
Норма туралы Р.Сыздықтың тұжырымдары


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым (қарабайыр) түрлеріне қарсы қойылады. Cондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалдық-стильдік жіктеліс тән. Осы тұрғыдан әдеби норманы функциональды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функциональды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функциональды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Жалпы норма тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функциональды-стильдік тармақтарына ортақ. Ол стильдерді, стилішілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет