Дәріс Тақырыбы: Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі. Математикалық есептердің функциясы. Математикалық есептердің классификациясы. Математикадан деңгейлік есептер жүйесі. Мектеп математика есептерін шешуге үйрету



бет2/6
Дата16.09.2023
өлшемі1,83 Mb.
#108012
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 1-2

Мысалы, Г.А. Балл өзінің зерттеуінде есепті дәстүрлі педагогикалық ұғым шеңберінен тыс оны қандай да бір жүйе ретінде қарастырады. Есептік тәсілді «субъектілердің барлық іс-әрекеттерін, соның ішінде мұғалім мен оқушының әртүрлі есептерді шығару процесіндегі іс-әрекетін жүйе ретінде сипаттау және жобалау жөн болады» деп тұжырымдайды Г.А. Баллдың есепті міндетті компоненттері бар жүйе ретінде: а) бастапқы күйінде болатын есептің пәні; ә) есептің пәні бойынша талап ететін моделі (есептің шартына ұқсас). Сонымен қатар, енгізілген ұғым кең мағынада болғандықтан, ол тек психология мен педагогикада ғана емес, сонымен қатар басқа ғылымдардағы есептерде де қолданылады. Л.М. Фридманның пікірінше «есеп» ұғымы «мәселелі жағдай» ұғымымен байланысты болады. Демек автор, «есептің генезисін іс-әрекет процесінде субъектінің мәселелік жағдайды модельдеуі деп, ал есептің өзін – табиғи белгілер немесе жасан- ды тілдер көмегімен көрсетілетін мәселелі жағдайдың моделі» деп қарастырады Л.Л. Гурова есеп – белгілі және белгісіз элементтері ара- сындағы байланысты анықтайтын, қойылған шығармашылық сұраққа жауап беру немесе есеп шартын түрлендіруді талап ететін ойлау қызметінің құралы деп айтады

А.М. Матюшкин «есеп» және «мәселелі жағдай» ұғымдарын мүлдем әртүрлі ұғымдар деп тұжырымдайды. Математиканы оқытудағы есептердің рөлі мен функциясы Д. Пойа, Г.П. Бевз, А.Е. Әбілқасымова, Ю.М. Колягин, К.И. Нешков, В.И. Крупич, Л.М. Фридман, Л.Т. Искакова, Е.С. Канин, Р.С. Черкасов, А.А. Столяр және т.б. еңбектерінде қарастырған. Американдық ғалым-математик Д. Пойа есептің математикадағы рөлін қарастыра отырып, математиканы меңгеру стандартты есептерді шығару ғана емес, сонымен қатар дұрыс, түпнұсқалық, тапқырлық ойды талап ететін есептерді де шығара білу деп түсінеді. Г.П. Бевз бойынша есептің математиканы оқыту процесіндегі рөлі келесі түрде анықталған: оқушылар есепті шығару процесінде алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйренеді; есепті шығару процесі оқушылардың ойлауын және кеңістіктік елестетуін дамытуға мүмкіндік береді; ерік, табандылықты және т.б. тәрбиелеуге жағдай жасайды; оқушылардың ойлау процесін жандандырады, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Осылайша, математиканы оқыту барысында есептердің маңыздылығы жоғары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет