Танымдық функциялары бар есептерге: қалыптастырылатын ұғымның жекелеген қырларын ашатын және дидактикалық функциялары бар есептер; қалыптастырылатын ұғымның жекелеген аспектілері арасындағы байланысты ашатын дидактикалық функциялары бар есептер; білімді тасымалдау элементтері бар, бірақ дидактикалық функциялары сақталған есептер; дидактикалық функциялары бар есептердің элементі сақталған, бірақ танымдық функциясы бар есептер; математикалық деректер мен есеп шығару әдістерін қиыстыруды талап ететін есептер; берілген қалыптасқан мәліметінен жаңа есепті байқауды талап ететін есептер және т.б. жатады. Дамытушылық функциялары бар есептерге: шығаруы үшін пән бойынша жаңа білімді қажет етпейтін, тек бар білімді басқаша қиыстыруда қолдануды талап ететін есептер; пән бойынша терең білімге ие болуды қамтамасыз ететін есептер.
Сонымен, жоғарыда келтірілген есептің функцияларының мағынасын келесі түрде тұжырымдауға болады. Ұғымды қалыптастыру, жандандыру функциясының мағынасы – есеп көмегімен оқушыларды мәселені қоюға қызық- тыруға, ұғымдарды, амалдарды, алгоритмдерді енгізуге ын- таландыруға болады. Білім беру функциясының мағынасы – есептің мазмұнында және оны шығару барысында оқушыға жаңа білім беріледі, яғни білімді меңгеру құралы және іс-әрекет тәсілдері болып табылады. Есеп мынадай үш түрдегі тәжірибені тасымалдаушы функциясын атқарады: танымдық іс-әрекет тәжірибесі, оның нәтижесі білім алу; белгілі іс-әрекеттерді іске асыру тәжірибесі – үлгі бойынша іс-әрекет ету; шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі – мәселелі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау. Осы үш тәжірибені меңгеру оқушыларға күрделі іс- әрекеттерді орындау қабілеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Осындай қабілеттерді қазіргі кезде педагогикалық әдебиеттерде құзіреттілік деп атайды.
Дамытушылық функциясының мағынасы – есеп шығару процесінде оқушының танымдық психикалық функцияларының (түйсіну, қабылдау, ойлау, елестету, зейін) дамуы іске асады; оқушылар оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде және жеке тұлға ретінде дамиды. Тәрбиелік функциясының мағынасы – есептерді шығару процесінде оқушыларда өзін-өзі реттеу, ерік-жігерді; өнегелік пен шынайылықты; мәдениет пен тиімді ойлау стилін (негіздеудің толықтығы, заңсыз жалпылаудың және негізсіз анологияның болмауы, классификацияның ұстамдылығы, символдарды қолданудағы аса дәлдік, ықшамдылық) қалыптастырады; арнайы есептердің көмегімен эстетикалық тәрбие беру жүзеге асады. Жүзеге асыру (тарату) функциясының мағынасы– оқытудың нақты бір әдісін іске асыру барысында (репродуктивті, эвристикалық, зерттеушілік) есептер оқыту тәсілін тасымалдаушы қызметін атқарады. Болжам жасау функциясының мағынасы – ағымдағы нәтижелерді бақылау және бақылауға негізделген болжам есептер шығару барысында қолданылады. Басқарушылық функциясының мағынасы – есеп шығару белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс ретінде оқытуда және тербиелеуде жетістікке қол жеткізу үшін белгілі бір жағдайлар жасайды. Есеп шығарудың басқарушылық сипа- ты дидактикалық принциптерді (оқытудың бағыттылығы, жүйелілігі және реттілігі) іске асыруға көмектеседі. Прагматикалық функциясының мағынасы – қолданбалы және практикалық есептерді шығару күнделікті өмір жағдайында кездесетін мәселелік жағдаяттарды шешуге және практикалық мазмұнды есептерді шығаруға мүмкіндік береді; күрделі есептерді шығару – ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыру кезінде жақсы нәтижеге жетуге, сонымен қатар ЖОО-на түсуге мүмкіндік береді.