Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет30/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

Идеографиялық жазудың алғашқы үлгілері Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралдарынан табылды.
Логографиялық жазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. IV-III мыңж.) болды, кейінгі ежелгі эгипет, ежелгі үнді жазуларында дамыды. Ф. Гоммель, Х. Иенсен, Дж. Болли, И. Гельб сынды ғалымдардың айтуынша басқа жазу түрлерінің барлығы шумер жазуынан бастау алған. Логограмманың пайда болуына сол елдердегі мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігінің әсері болды. Енді бір себебі жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі, грамматикалық жағынан тұрақтылығы болды. Қытай тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты логограммалардың жасалуын жеңілдетті. Бірінші болып логограмманы шумерліктер ойлап тапқанмен, оны дамыту жағынан Египет пен Қытай көш алда болды. Қытай иероглифі логография түрінен сақталды да, ал басқа жазулар ілгерілей берді. Сөздердің бір буыннан тұруы, жаңа сөздердің түбір қосындыларынан тұруы, ұқсас морфемалардың көп болуы, диалектінің көптігі, бір таңбаның әртүрлі оқылуынан қытай тілінің түбір сипаты пайда болды. Иероглиф жазу иератикалық жазуға, кейін демотикалық жазуға көшті. Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипатына сай келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық атауларын жазуда қиындықтарға келіп тірелді. Сөйтіп, шумерліктер тағы да буын жазуын алғашқы болып жасады (б.э.д. III мыңж.). Оған бір буынмен тілдегі ортақ аффиксті беру оңтайлылығы, бір буыннан тұратын омонимдер көптігі әсер етті. IV мыңжылдықта шумер логограммасы 1500-ден артылса, III мыңжылдықта 600-ге қысқарды. Шумер жазу түрінде дауыссыз дыбыс қатары мүлде болмады. Логограммаларда деректі таңбалардың қосындысы көп болды.
Ең алғашқы жазу Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында Месопотомия өлкесінде, шумерліктерде б.э.д. 3100 ж. пайда болды.
Шумер мен аккад мәдениетін пайдаланып вавилондақтар дамыды. Вавилондықтардың кансонантты жүйесіне, ішкі флексия сипатына, қос дауыссыздардың қатар келуіне, сөз аяғында ұяң, қатаң дыбыстарды айыру сипатына шумердің буын жазуы сай келмеді. Бөтен жазуды қолданудан вавилон жазуына қиындық алып келді.
Буын жазудан кейін тарих сахнасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба сәйкескен дербес жазу деп аталды. Оны кейде әріптік-дербес жазу деп те атайды. Дербес жазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Алғашқысы таза консонантты (египет, батыс семит жазуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты дыбыс белгілері бар) деп бөлінеді. Консонантты жазу б.э.д I мыңж. жатады.
Дауыстыларды белгілуіне қарай алфавит үш типке бөлінеді: I тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар белгіленеді), II тип – арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар диакритикалық таңбамен беріледі), III тип – үнді әліпбиі (дауыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі модификацияларымен берілді).
Әріп (дыбыс) жазуы. Бұл буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде алдымен консонантты дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған да, кейін вокалданған дыбыстық жазу дәуіріміздің 1 мың жылдығының басында пайда болған. Зерттеушілер ең алғашқы таза дауыссыз-дыбыстық жазу деп финикий жазуын атайды.
Әріп жазуы дүние жүзі мәдениетінің дамуына әсерін тигізді. Бұл ең қолайлы жазу болды. Бұл жазу үшін 20-40-қа дейінгі таңба саны жеткілікті болды. Ал буын жазуында таңба саны 40- тан 200-ге дейін жеткен. Бұл жазу тілін тез игеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетті. Ол сөздерді ғана емес, олардың дыбыстық бөлшектерін дәлме-дәл беруге, грамматикалық морфемаларды белгілеуде қолайлы болады. Әріп жазуының тарауы б.з.д..1 мың жылдықтың алғашқы ғасырларында басталған. Әріптерді қабылдай отырып, кейбір халықтар әріп жазуын (алфавиттік құрамын) өзіне икемдеген. Әріп жазуы екі түрлі бағытта тарады. Шығыста финикий жазуының (Онда 22 таңба болған. Бұлардың әрқайсысы жеке дауыссыз дыбыстарды таңбалаған. Олар өздерінен кейінгі дауысты-дауыссыз-дыбыстық жазу жүйелерінің жасалуына негіз болды. Біз бұл жерде дауысты-дауыссыз-дыбыстық жазу деп - тек дауыссыздарды ғана емес, сонымен бірге, дауысты дыбыстарды да жеке таңбалармен белгілеген жазуды айтып отырмыз) негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының жазу жүйелері жасалып таралған. Зерттелген мәліметтерге қарай түркі тілдері жазуы таңбалы (руникалық) жазу немесе табылған аймақтарына байланысты «Орхон-Енисей» жазуы деп аталып келеді. Бұл да әріп жазуына жатады. Орхон-Енисей және түркі жазуы - қазақ жазуының алғашқы түрі. Сол жазумен жеткен ескерткіштердің түркі туыстас халықтардың ру-тайпа кезінде бір орталыққа бағынған, жазу-сызу мәдениеті ортақ, тіршілік тұрмыс жағдайы ортақ замандағы жазба мұралары, олардың қазақ халқына да тікелей қатысы бар көне мұралар екеніне студент-жастарымыздың көздерін жеткізу керек. Сондықтан руникалық (таңбалы) жазумен жеткен көне ескерткіштер - «Могилян», «Күлтегін», «Онгин», «Селинга», «Күлі Чор», «Мойын Чор», «Талас», т.б. көне түркі ескерткіштерінің тілін зерттеудің, тарихи мәліметтері айқындаудың мәні зор. Көне жазудың алғашқы түрлері Қазақстан жерінен де табылғанын (пиктография, идеография), олардың сыртқы көріністерін жазу мен өнердің бір болғандығын атап өттік. Көне түркі ру-тайпалары руникалық жазудың заңды жалғасы ретін де көне ұйғыр алфавитін қолданды. Бұл жөнінде әр ру - тайпалық топтар бұл жазуды VIII-XIII ғ.ғ. қолданған. Ұйғыр алфавитінің шығуына «Манихей» алфавитінің соғды (орта парсы) жазуы (графикасы) негіз болды деген көзқарас бар. Ұйғыр жазуы дегенде қазіргі ұйғырлардың жазуы деген ұғым емес, сол кездегі «тоғыз оғыз» (ұйғыр) немесе «тоғыз тайпалық ұйғыр» деген ұғымында түсінген жөн. Манихей алфавиті жазуы - Орта Азия, Шығыс Түркістан аймақтарын мекендеген түркі тайпаларына кең тараған жазу. Сол жазу арқылы соғды, қытай, тибет тілдеріне аударылған. Ұйғыр жазуын XIV-XV ғасырларда атақты Ақсақ Темір, оның қол астындағылар, Алтын-орда хандығы да пайдаланғандығы туралы деректер бар. Бұл жөнінде академик Қ.И. Сатбаев тау-тас қойнауынан тапқан жазбалары арқылы көп мағлұмат берген болатын. Сол сияқты X ғ. Ю. Баласағұнның «Құдатғу біліг» (Құтты, бақытты болу жолындағы білім) дастанының ұйғыр вариантымен жетуінің де «Алтын Ярух» (Алтын жарық) атты дидактикалық шығармасының да тілдік мән-мағынасы зор. Бұлардың оқылуына, зерттелуіне еңбек сіңірген А. Вамберидін, В.В. Радловтың, В. Томсеннің т.б. есімдермен, еңбектерімен танысудың орны бөлек.
XI ғасырда арабтардың Орта Азия, Қазақстан жеріне келуіне байланысты бұл жерлерді мекендеген халықтар өмір талабына орай араб жазуына көше бастады. Бұл сияқты қоғам тарихында болып жатқан өзгерістер тілге де өзіндік әсерін тигізбей қоймады, халықтардың жазу мәдениетіне де елеулі өзгерістер енгізді. Бұл жазумен жеткен деректер «Құдатғу біліг» (араб жазуымен жеткен ваианты - 1069 ж.) дастаны шамамен XII-XIII ғасырларда көшірілген делініп жүр. Махмут Қашқаридің XI ғасырда жазды деп жүрген «Дивани луғати ат-түрік» сөздігі (түркі тілдеріне қатысты арабша жазылған атақты 3 томдық салыстырмалы-тарихи сөздігі). XII-XIV ғ.ғ. араб графикасымен жазылған түркі халықтарының көне ескерткіштері - Ахмет Юғнакидің «Хабат алхақаиқ» («Ақиқаттар тартуы») «Қисса ал-анбия» («Әулие-әнбилер қиссасы»). Бұлар тілі жағынан V-VIII, XI. ғ.ғ. жататын ескерткіштердің жалғасы болып есептеледі. Бұл ретте белгілі түркологтар С.Е. Малов, В.В. Радлов, А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, А.М. Щербак, т.б. қазақ түркологтары Ә.Қ Құрышжанов, Ғ. Айдаров, А.С.Аманжолов, Қ. Өміралиев, т.б. зерттеулеріне нақты көңіл аудару қажет.
Түркі туыстас тілдердің көне мұралары біздің заманымызға ескі латын (гот) жазуымен де жеткен. Олай болса, қазақ халқының мәдени дамуына латын жазуы да белгілі дәрежеде қызмет еткен. Бұл жазумен жеткен ірі ескерткіштердің бірі – «Кодекс Куманикус». Ескерткіштің атауы Кумандардың заңы деген ұғымды береді. Кумандар половецтер деп сол кезде түркі халықтары (қыпшақтарды) атаған.
Қорыта келгенде, руникалық - құпия жазу б.з.д. көп жылдар бұрын пайда болған, әр ру-тайпа, әр тілде сөйлейтін халықтар өз қажетіне лайықтап қолданғандығын білудің мәні зор.
Жазу тарихына шолу жасағанда тоқтала кететін тағы бір жазу жүйесі ол араб графикасы. АГнҚЖ - ның қадим жүйесінде 34 таңба бар. Араб әліпбиіне сәйкесі - 28, парсы әліпбиінен алынғаны - 4, түркіден - 1, енді бірі ауған жазуының әрпі екені анықталды. Араб жазуында қазақ тілінің дауысты дыбыстардың жүйесі 3 таңбамен берілді. Ал топтасырылғанда: фонемалардың ашық, қысаң және дифтонг белгілеріне байланысты. Яғни, <а> , <ә> , <е>, <ы>; <й>, <ы>, <і> , <е>; <у>, <ө>, <ұ>, <ү>.
Әріп жазуы бір елден екінші елге ауысып отырған. Мәселен, жоғарыда аталған финикий әліпбиінің негізінде грек әліпбиі, грек әліпбиінің негізінде бүкіл Батыс Еуропа халықтарының әліпбиілері жасалды. Ал шығыс халықтарының (араб, Иран, еврей т.б.) жазуы арамей әліпбиінің негізінде пайда болды.
Ескерте кететін нәрсе, әліпби бір халықтан екінші халыққа ауысқан кезінде негізінен әр тілдің дыбыстық ерекшеліктерін көрсететін қосымша әріптерді қосып алып отырған. Мысалы, грек әліпбиінің негізінде жасалған славян әліпбиін түзу үстінде ағайынды Кирилдер (863 - жылы) гректерден 24 әріп алған да, оның үстіне славян тілдерінің ерекшеліктерін көрсететін 19 әріпті қосқан (сонда бәрі 43 әріп). Сөйтіп, олар грек жазуын өз тілдеріне дәл келетіндей етіп ыңғайластырған. Орыс әліпбиі осы аталған славян әліпбиінің заңды жалғасы болып саналады.
Ал Батыс Еуропа халықтарының латынға негізделген әліпбилері жайында мұны айта алмайсың. Өйткені олар тілдерінің дыбыстық құрамының әртүрлі болуына қарамастан, байырғы латын әліпбиін сол күйінде, яғни ешбір өзгеріссіз, толықтырусыз қабылдаған. Бұлардың үстіне әліпби иелері тек W. J деген екі-ақ жартылай дауысты дыбыстың әрпін қосқан. Соның салдарынан Батыс Еуропа тілдерінің дыбыстық құрамы мен әліпбиінің арасында алшақтық пайда болды. Мысалы, ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) - 15 дауысты, 15 дауыссыз, француз тілінде - 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде - 16 дауысты, 21 дауыссыз дыбыс бар. Дыбыстардың осыншама мол түрін белгілейтін әлгі тілдердің әліпбиінде тек 26 ғана әріп қолданылады. Оның алтауы дауыстыларды, жиырмасы- дауыссыздарды таңбалайды. Аталған тілдердегі біраз сөздердің бір түрлі жазылып, екінші түрлі айтылатын себебі сондықтан. Мәселен, ағылшын тілінде And you (Сіз ше?) дегеннің айтылуы - Энд ию (ию).
Тарих сахнасындағы мынандай жеті жазу жүйесі адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды: шумер жазуы (Месопотомия, Тигр, Ефрат өзендері аралығында б.э.д. 3100 ж. – б.э. 75 ж.); ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000 ж. – б.э.); ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.); қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.); египет жазуы жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.); крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000 – 1200 жж.); хетт жазуы (Анаатол, Сирияда б.э.д. 1500 – 1700 жж.).
Сонымен, жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың да түрлері келіп шығады. Олар:
1) пиктографиялық жазу;
2) идеографиялық жазу;
3) буын жазуы;
4) әріптік не дыбыстық жазу.
Сөйтіп, түркі тілдері туралы көне заман ескерткіштері бойына сақтап жатқан тылсым заман сырларын ашу үшін жоғарыда айтып өткен алфавиттердің графикасын бес саусақтай игерту бүгінгі таңдағы міндет. Қазақ жазуының тарихы «Көне түркі, араб-латын графикасы» қазіргі қазақ жазуының орыс әліппесі графикасымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ жазуы тарихын болашақ филолог мамандарға теориялық та, практикалық та мәні зор екенін ескертуіміз керек.
Дәріс тақырыбы: Тілдің дыбыстық жүйесі. Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық аспектісі
Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өзара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан -ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды. Тілдің дыбыстық жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.
Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі бір дыбыс арнаулы бір сөздің қолданылумен шектеліп қоймай, көптеген сөздердің құрамында қолданыла береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынан алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әртүрлі комбинацияларынан құралған. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге байланып қоймай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден абстракцияланады. Бұған тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде сөздердің алғашқы буынындағы ерін дауыстының әуеніне қарай, екінші буынды да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде дауысты дыбыстың ашық буында созылыңқы айтылу заңдылығын және т.б. дыбыстық заңдылықтарды атауға болады.
Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқада маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өзара тығыз байланыста болады. Оның үстіне, тіл дыбыстары мен буын, екпін туралу ілімнің тілдің жазба түріне тікелей қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің деректеріне, тіл дыбыстарының фактілеріне негізделеді. Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар. Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні, атап айтқанда, мынада: дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да, грамматикалық құбылыстардың да шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау, соған орай, лексиканың да, грамматиканың да, ғылыми тарихын жасау мүмкін болмаған болар еді. Демек, тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі өте-мөте маңызды мәселе болып саналады.
Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет