Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет71/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Жалаң сөз тіркесі - сөйлемдегі сөздердің саны қанша екендігіне қарамастан олардың бәрі бір сөз тіркесінің бір-ақ түрімен (айталық, меңгеру немесе қабысу) байланысуын айтамыз. Мысалы: сөзді тыңдау - екі мүшелі, шөпті қораға тасу (шөпті тасу, қораға тасу) - үш мүшелі, шығарманы орысшадан қазақшаға аудару, (шығарманы аудару, орысшадан аудару, қазақшаға аудару) - төрт мүшелі тіркес. Бұлардың құрамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Күрделі сөз тіркесі - бір ғана ұйтқы (басыңқы) сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыс түрлерінің (мәселен, меңгеру мен жанасудың) жиынтығын айтамыз. Мысалы: Шығарманы қызығып оқу. Бұл - күрделі сөз тіркесі. Ол шығарманы оқу, қызығып оқу деген екі жалаң сөз тіркесінен құралған. Біріншісі - меңгеру, екіншісі - жанасу. Бірақ екеуі де бір ғана оқу деген ұйтқы сөзге келіп байланысқан.
Ал аралас сөз тіркесі деп - әр басқа ұйтқы сөзге тірелетін әртүрлі байланыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы: Мазмұнды шығарманы қызығып оқу. Мұңда үш түрлі сөз тіркесі бар. Олар: 1) мазмұнды шығарма - қабысу; ұйтқы сөзі - «шығарма», 2) шығарманы оқу - меңгеру; ұйтқы сөзі – «оқу», 3) қызығып оқу - жанасу; ұйтқы сөзі – «оқу». Бұл үш түрлі байланыс екі ұйтқы сөзге тіреліп, бір күрделі тіркестің құрамында түйісіп тұр. Мұндайларды аралас сөз тіркестері дейді.
Сөйлемнің құрылымы.
Сөйлем - ең басты тілдік бірліктердің бірі. Ол - коммуникативтік қызметі бар синтаксистік бірлік. Мұндағы коммуникативтік деген сөз – «бір нәрсе жайында хабар беру» дегенді білдіреді.
Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығы бар. Мысалы, жер жыртты деген мен жер жырту дегенді салыстырып көрелік. Мұның біріншісі - сөйлем, екіншісі - сөз тіркесі. Сөйлем - бірдеме жайында хабар береді. Ал сөз тіркесі - бір нәрсені атайды. Бұл сөйлем - коммуникативтік (қарым-қатынастық) қызмет, ал сөз тіркесі - номинативтік (атауыштық) қызмет атқарады деген сөз.
Демек, сөйлемнің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады екен. - бастауыш-баяндауыштық құрылым, яғни предикативтік.
Сөйтіп, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет