Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет42/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Регрессивті ассимиляция.
Прогрессивті ассимиляция кезінде акустика – артикуляциялық жақтан игерілмей қалған дыбыстардың арасындағы сәйкессіздіктерді регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбыстың алдынғы дыбысқа әсері арқылы реттейді. Өйткені регрессивті ассимиляция сөз соңындағы дауыссыздарға кейінгі морфеманың басқы дауыссыздарының ықпалы түрінде болады.
1) Үнді дауыссыздар да дауыстылар сияқты басқа дауыссыздарға ықпал етіп тұрады. Регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатын бір – ақ дыбыс бар. Ол – тіл алды н.
2) Ұяңдардан қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды, ал з дыбысы одан әлдеқайда актив. Бұл жіктік ( - сыз, - сіз, - мыз, - міз, - быз, - біз, - пыз, - піз), тәуелдік ( - ңыз, - ңіз, - ыңыз, - іңіз, - мыз, - міз, - ымыз, - іміз) жалғауларында да кездеседі.
Тоғыспалы ассимиляция.
Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды. Бұл екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде сөз бен сөздің аралығында кездеседі.
1) Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к қатаңдарынан басталса, онда нқ және нк түріндегі дыбыс тіркесі ңғ, ңг дыбыстарына алмасады. Мысалы: амаңгелді (аман келді), қаңғызыл (қан қызыл), күңгөрді (күн көрді), сеңгелдің (сен келдің).
2) Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысымен алмасады. Мысалы: ташшол (тас жол), башшақта (бас жақта), қошшорға (қос жорға).
Сонымен морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдымен алдыңғысы кейінгісін дауыс қатысы жағынан тәуелді етіп тұрады. Бұл заң бойынша қосымшалардың басқы дыбысы игеріледі. Алайда артикуляциялық жақтан кейбір сәйкессіздіктер қалады. Мұны регрессивті ассимиляция реттейді. Яғни көрші дыбыстар арасында үнемі ілгерінді – кейінді ықпал бір мезгілде болады.
Диссимиляция (лат. dissimilation – ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір – бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі ұқсастығы жоқ дыбыспен алмасады. Яғни диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Олар бірімен – бірі қатар және араға басқа дыбыстар салып тұруы мүмкін.
Бұл – әдеби тілде сирек құбылыс, көбіне нормаланбаған тілде (диалект, қарапйым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болады. Коридорды колидор түрінде айту бар. Бұл регрессивті диссимиляция. Ал февральді феврарь түрде айту – прогрессивті диссимиляция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет