Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет38/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Сөздің буын құрамы.
Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер мынадай болып келеді:
1. Бір буынды: ай, ат, бал, бас, қол, көз, ал, кел, бар, көк;
2. Екі буынды: а – на, ә – ке, ба – ла, тү – йе, жыл – қы, қа – ра;
3. Үш буынды: мұ – ға – лім, қа – на – ғат, а – рыс – тан, ка – ни – кул;
4. Төрт буынды: ы – ра – қы – мет, і – рә – сү – уә, рес – пуб – ли – ка;
5. Бес буынды: у – ни – вер – си – тет, пуб – ли – цис – ти – ка.
Қазақтың байырғы сөздері негізінен бір буынды, қала берді екі буынды болып келеді.
Сөйлеу кезінде бір, екі буынды сөзге әлденеше қосымша үстеле келіп, бес – он буынды сөзформаға айналады: ой – лан – дыр – май – сың – дар, қа – на – ғат – тан – ды – рыл – ма – ған – дық – тан.
Дыбыс жылысуы.
Жылысатын тек дауыссыздар, буын жылысуы дыбыс жылысуы болып табылады.
Жылысатын дауыссыз – бунаққа енген әртүрлі сөздердің арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер. Соның арқасында: сарала (сары ала) мен сарала (етістік), алтай (алты ай) мен Алтай (жалқы есім) айтылуы жағынан аса ұқсап тұрады.
Келесі буынға жылжыған дәнекер дауыссыз бастапқы үнін, реңін кейде сақтап, көбінесе өзгеріп тұрады. Буындар жігіндегі мұндай дыбыстар фонологиялық қызмет атқарады. Мысалы: бі – ре – лі (бір елі), е – кі – шек (екі ішек), ү – шү – кү (үш үкі) бунақтарда келесі буынға жылжыған р, к, ш дауыссыздары бастапқы қалпын сақтап, реңін бермей, екі буынның арасын желімдеп, жымдастырып тұр. Соның арқасында жылдам сөйлеуге жағдай жасап, дыбыстау мүшелерінің жұмысын жеңілдетіп, сөздер кідіріссіз бір сөз сияқты айтылады. Тіл, ерін қатысы жағынан фонологиялық қызмет атқарып тұр. Бірақ ылғи бұлай бола бермейді.
4) Дыбыс. Буын дыбысқа бөлінеді. Дыбыс - ең кішкене фонетикалық бірлік.
Дыбыстық құбылыстар.
Дыбыстық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуде туады.
Протеза (грек, prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөзді айтуды жеңілдету үшін қажет. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдына жамалады. Мысалы: (ы)лаж, (ы)лай, (ү)рөл, (ұ)рұқсат, (ұ)рух, (і)леген, (і)рәсуа.
Эпентеза (гр. еpenthesis – қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасында дауыстының қыстырылуы. Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать) сияқты орыс сөздерінің бас буынындағы дауыстылар соның нәтижесі. Мысалы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа – тура (тұп – тура), мүлдем (мүлде).
Элизия (лат. еlisio – ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала), алалмады (ала алмады), жақсөлең (жақсы өлең).
Аферезис – элизияға қарама – қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі. Бұл қазақ тілінде сирек кездеседі, оның өзінде алдыңғы сөз бір буынды әрі ашық буынды болу керек. Мұндай сөздер санаулы – ақ: де, же, бұ(л), о(л), не, шылау – да, де, та, те...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет