Дәріс тақырыптары: дәріс. «Философияның пайда болуы, пәні, әдістері мен қызметтері». Дәріс


Дәріс. Білім, ғылым, техника және технологиялар Білім беру -



бет5/15
Дата30.09.2022
өлшемі47,08 Kb.
#40917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ 2021

6 Дәріс. Білім, ғылым, техника және технологиялар

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.


Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің жас мемлекетімізде білім беру саласына, оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Білім беру, оқыту жүйесі ғылымның негізінде жүзеге асырылады. 
Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері, ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу, қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты - адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, «Дүние жөнінде ғылыми сурет» жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады.
Бүгінгі таңдағы қоғамда «технология» деген ұғымы көп пайдалануда. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз.
Технология үғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Ол өндірісте ғана емес, коғамның басқа салаларында да қолданылады. Бүгінгі таңда саясатта «пиар-технология», коғамдық пікірді қалыптастыру жолында «ақпараттык технология», білім беру жүйесінде «педагогикалық технологиялар» т.с.с. кең етек алуда.
Ғылыми жетістіктерге таңыркап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Бұл сциентистік (scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистік көзқарас болып табылады. Алайда, XX ғ. 70 жж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып, (қоршаған ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника кұлына айналуы т.с.с.) көрсетіле бастады. Антисциентистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға» теңеп, «енді әрі карай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып кетеді» деген пікір айтты. Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Қазіргі заманда ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес, бірақта, сонымен қатар, оларды дұрыс пайланып, тек жақсы жақтарын ғана алуымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет