Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


ДӘРІС 8. Тамақтанудың қазіргі заманғы ғылыми теориялары мен концепциялары



бет21/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
Лекция «тама тану физиологиясы»

ДӘРІС 8. Тамақтанудың қазіргі заманғы ғылыми теориялары мен концепциялары.
Мақсаты: Тағамдық құндылықтар туралы түсінік беру.
Жоспары:

  • Адекватты тамақтану теориясы.

  • Оптималды тамақтану концепциясы.

  • Функционалды тамақтану концепциясы.

  • Бағытты (мақсатты) тамақтану концепциясы

Тамақтанудың қазіргі заманғы ғылыми теориялары мен концепциялары
Академик А.А. Покровскийдің баланстанған тамақтану теориясы қазіргі заманғы нутрициологияда көп уақытқа дейін басым болды. Дегенмен, ғалымның өзінің пікірнше ол дәлелденген қағида болып табылмайды және тамақтану туралы ғылыми ашылулар есебінде үнемі жетіліп және жаңарып отыру керек.
Қазіргі кезде баланстанған тамақтану теориясы асқорыту физиологиясы, тағам биохимиясы, микробиология және басқа да облыстардағы жаңа ғылыми зерттеулерге байланысты қайта бағалануға ұшырайды. Асқорытудың жаңа механизмдері ашылды, бөліну тек ішектің қуысында ғана жүріп қоймай, сонымен қатар қорытылудың айтарлықтай көп мөлшері тікелей ішек қабырғасында, оның жасуша мембранасында жүретіні айтылған, бұрын белгісіз ішектің гормоналды жүйесі табылды, ішекте болатын симбиоткиалық микроағзалар және олардың ағзамен байлансы туралы жаңа мәліметтер алынды. Тамақтанудағы жаңа ғылыми жетістіктерге байланысты оның жаңа теориялары мен концепциялары пайда болды. 
Адекватты тамақтану теориясы академик А.М.Уголевтың ұсынысы бойынша ашылды (1991). Бұл теория қайта алынған эксперименталды және клиникалық мәліметтерге сүйене отырып, баланстанған тамақтану теориясының негізгі ережелеріне негізделеді. Ол тағамдық қоспалардың сіңірілунің кейбір механизмдерінің және ағза үшін тағам талшықтарының, ішектің симбиоткалық микрофлорасының, асқорыту мүшелерінде жасалатын және тамақтан пайда болатын гормандар мен гормон тәріздес заттардың мағынасының түсіндірілуінің нәтижелерімен толықтырылған. Бұл факторлар асқорыту, зат алмасу процестерін және ағзаның басқа функцияларын реттейді.
Адекватты тамақтану теориясының негізін төрт негізгі принцип қалайды:

  • Қолданылатын тамақ адам азғасымен де, оны алып келетін микроазғалармен де пайдаланылады.

  • Ағзаға нутриенттердің келіп түсуі олардың тағам өнімдерінен бөлінуі және қосымша тағам өнімдерін синтездейтін бактериялардың әсер етуі нәтижесінде қамтамасыз етіледі.

  • Нормальды тамақтану бек бір емес, ал бірнеше қоректік және реттегіш заттар ағынымен қамтамасыз етіледі.

  • Тағамның физиологиялық маңызды компоненттері болып тағам талшықтары саналады.

Адекватты тамақтану теориясы негізінде дұрыс тамақтанудың түрлі ғылыми концепциялары жасалынған.
Оптимальді тамақтану концепциясы өзіндік жеке теория болып саналмайды. Әдетте оның атауы жеке тамақтануды негіздеу кезінде ғылыми әдебиеттерде қолданылады. Жеке тамақтануды оптимизациялауға акад. А.А. Покровский (1964) үлкен ғылыми-тәжірибелік үлес қосты. Ол адамның дене салмағын, жынысын, жасын, еңбек ерекшелігін және басқа да көрсеткіштерін ескеріп, ағзаның негізгі тамақтық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттігін шамамен (ориентировочно) есептеуге мүмкіндік беретін аспапты шығарды. Алынған мәліметтер тамақтану стереотипін, қолжетімді тағамдар ассортиментін, таңдаулы тамақтану тәртібін және т.б. ескеріп нақты диетаны өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, оптимальді тамақтану концепциясы сәйкестендірілген тамақтану концепциясының туындысы болып табылады. Қазіргі заманғы дұрыс тамақтану негізінде ағзаны тек энергиямен, эссенциалды макро- және микроэлементтермен ғана емес, ағзаға қажетті тағамның минорлық биологиялық белсенді компоненттерімен толық қамтамасыз ететін оптимальді тамақтану концепциясы жатыр (Волгарев М.Н. с соавт., 1999). В.А. Тутельян (2001).
Функциональді тамақтану концепциясы тағам токсикологиясы мен фармокологиясының жаңа метоболиттік аспектісі саласындағы мәліметтерді алумен байланысты соңғы үш онжылдықта өңделе бастады. Функциональді тамақтану концепциясы Жапонияда 1980 жылдары функциональді азық-түліктер деп аталатын, яғни, белсенді өмір салтын ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін, ағзадағы көптеген физиологиялық процесстерді жақсартатын, ауруларға қарсы тұруды жоғарлататын, адам денсаулығынапайдасын тигізетін ингредиенттерді құрайтын тамақтық азық-түліктер.
Мақсатты тамақтану концепциясы. Әртүрлі мамандармен қолданылып жүрген тамақтану нормалары орташа адамға есептелген. Алайда, табиғатта ондай адам кездеспейді. Кез келген сәйкестендірілген тамақтану формуласы осы адамның барлық тіршілік процесстері бойынша адекватты болуы мүмкін емес.
Клинико-географиялық факторлар әсерінен тұрғындар арасында басқаша тамақтануды негіздейтін зат алмасу ерекшеліктері бар. Сондықтан, әрбір ұтымды тамақтану түрін біртекті тұрғындар топтарына ғана ұсынған жөн.
Жеке тамақтану концепциясы. Адамның энергетикалық шығынын, жынысын және жасын ескере отырып, тамақтану нормасын өңдеу ұсынылған, бірақ кейбір мамандар бұндай ұсыныстар тек тамақты қабылдау нормалары ұқсас тұрғындардың аздаған топтарына тағайындалуы мүмкін. Шынында да, бірдей жастағы, жыныстағы, ұқсас өмір сүру жағдайындағы адамдардың тамақтану жиынтығы әрбір адамның жеке ерекшеліктерін ескеріп анықтаған жөн.
Вегетариандық тамақтанудың көне альтернативті териясына жатады. Бұл тағамды қабылдауда жануар текті азық-түліктерді қолдануды шектейтін немесе рационнан мүлдем алып тастайтын жүйенің жалпы атауы. «Вегетарианство» термині латынның «vegetarius»-өсімдік текті сөзінен шыққан. Таза немесе қатал және таза емес вегетариандық түрлерін ажыратады. Қатал вегетариандықтар рационнан тек қана ет пен балықты ғана емес, сүт, жұмыртқа, икраны да алып тастайды, ал таза емес вегетариандықтар сүт, жұмыртқаны қабылдайтын ,яғни, тірі жануарлардың азық-түліктерін қолданады. Қалыпты тамақтнумен салыстырғанда вегетарианды тамақтанудың артықшылығы атеросклероз ауруы қауіптілігі төмен. Вегетариандық диета артериялық қысымды қалпына келтіреді, сонымен қатар, қан тұтқырлығын төмендетеді, ішектік ісік аурулары сирек байқалады, өт бөлу және бауыр қызметі жақсарады, басқа да тиімді әсерлер байқалады.
Бөлшектеп тамақтану концепциясы тамақтық азық-түліктердің сәйкестілігі мен сәйкессіздігіне қатал негізделген. Осы концепцияға сай белок және көмірсуқұрамды тағамдарды (етті, балықты, сүтті – нанмен, жармамен, ботқамен және т.б.) бір уақытта қабылдауға болмайды. Бұл концепцияның негізін салушы американдық диетолог Герберт Шелтон (1895—1985) –асқазандағы асқорыту ерекшеліктерімен түсіндіреді. Белоктар тек асқазанның төменгі бөлігіндегі қышқылды орта ферменттері көмегімен, ал крахмалдар сілтілі ортада сілекей ферменттері арқылы қорытылады. Асқазанның қышқылды ортасында сілекей ферменттерінің белсенділігі төмендейді және крахмалды қорыту жойылады. Автор асқорытудың биохимиясы мен физиологиясы сияқты басқа жағына мән бермейді. Асқорытудың негізгі процесі асқазанда емес, ішекте жүреді, асқорыту сөлі ферменттері көпкомпонентті корытуды қамтамасыз етеді (Маркова В.Н., 1998). Сонымен бірге, табиғатта тек қана белоктан, майдан, көмірсудан тұратын азық-түліктер кездеспейді. Олардың құрамында көптеген тамақтық заттар бар. Тамақтық заттарды әртүрлілігімен пайдалану принципін ұстанған, көпжылдық әлем халықтары тәжірибесі бөлшектеп тамақтану концепциясы пайдасыз деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет