Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


Трансгенді өнімдер дегеніміз не?



бет23/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Трансгенді өнімдер дегеніміз не?
Соңғы жылдарда Жер шарындағы тұрғындар денсаулығына тағамның сапасы мен құрамы тікелей әсерін тигізуде.Жер шары халқының тұтынып жүрген тағамдарының құрамы биологиялық құндылығын күннен-күнге жоғалтуда.
Жер шары халқының саны ғалымдардың болжауы бойынша 2050 жылы 9-11 млрд-қа жетеді екен. Сол себепті,ауылшаруашылық өнімдерін әлем бойынша өндіруді екі-үш есеге арттыру қажеттігінің туындап отырғанын халықаралық ғылыми қауымдастық бүгінгі таңда жақсы түсініп отыр. Ал ол өз кезегінде трансгенді өсімдіктер мен жануарларды қолдану арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе.
Трансгенді өсімдіктер мен жануарлар алу әдістері ұқсас болып келеді. Екі жағдайда да ДНҚ-ға бөтен ақпараттар тізбегі енгізіліп,түрдің генетикалық ақпараты түбегейлі өзгертіледі.
Трансгенді өсімдіктер деп басқа түрге жататын өсімдіктің немесе жануардың трансплантацияланған гені сәтті қызмет атқарып тұрған өсімдіктерді атайды. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін,түрлі вирустар мен ауруларға,сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы,әрі ұзақ сақталатын,өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жасанды гендік модификация дегеніміз не? Ол лаборатория жағдайында бөлініп алынған геннің басқа ағзаға жасанды жолмен енгізілуі.Американдық іс-тәжірибелерге сүйенсек,қызанақ пен құлпынай суыққа төзімді болуы үшін оларға солтүстік теңіз балықтарының гені енгізіледі,ал жүгері дақылы зиянкестерге жем болмауы үшін оларға жылан уынан алынған өте белсенді ген енгізіледі,ірі-қара тез салмақ қосуы үшін оларға түрлендірілген өсу гормонын енгізеді,сояға гербицидтердің әсерін азайту үшін кейбір бактериялар мен вирустардың және шырайгүлдің генін қосады.
Трансгенді өнімдер алу агроөнеркәсіптің бүгінгі таңдағы тез дамып келе жатқан бағыты. Селекция тәрізді бұрыннан келе жатқан дәстүрлі бағыттың шеше алмайтын мәселелері күннен күнге көбейіп келеді. Сонымен қатар,селекцияны жүзеге асыру үшін ондаған жылдар және көп қаражат жұмсалады.Ал қажетті белгілері мен қасиеттері бар трансгенді өнімдер алу үшін аса көп уақыттың қажеті жоқ.
Трансгенді өнімдер жасау бүгінгі таңда келесідей бағыттар бойынша дамып келеді:

  1. Алынатын өнім көлемін арттыру

  2. Жылына бірнеше рет өнім бере алатын дақылдар алу

  3. Кейбір зиянкестер үшін қауіпті болатын ауылшаруашылық дақылдарын алу

  4. Қолайсыз климаттық факторларға төзімді дақылдар алу

  5. Кейбір жануар белоктарын синтездей алатын өсімдіктер алу(мысалы,Қытайда адамның лактоферрин белогын синтездей алатын темекі дақылы алынды).

Гендік инженерия медицинаға,ауыл шаруашылығына, басқа да сааларға пайдасын тигізуі мүмкін.Гендік инженерия көмегімен алынған өнімдердің ішінде пайдалы вакциналар,дәрі-дәрмектер,жетілдіріген талшықтар,отынның жаңа түрлері және басқа да өнеркәсіптік материалдар бар.Биотехнологияны жақтаушылар гендік инженерия көмегімен бірқатар мәселелерді шешуге болатынын айтуда,мәселен:жер шары халқын азық түлікпен қамтамасыз ету,құнарсыз топыраққа егілген дақылдан мол өнім алу,егістік үшін жұмсалатын су мен химикаттар көлемін азайту.
Жаңа пайда болып жатқан технологиялардың ешқайсысы да гендік модификация тәрізді қатты назар аударып отырған жоқ. Себебі ғалымдарды да,қарапайым адамдарды да трансгенді өнімдердің адам ағзасына тигізетін әсері алаңдатып отыр.
Гендік инженерия жеке биология ғылымындағы ең жас салалардың бірі.Оның дамуы ХХ ғасырдың 60 жылдары басталды.Бұл кезде ДНҚ молекуласын өзгерте алатын біршама құралдар ашылды.Ал ғалымдар болса геннің құрылымын,қалай жұмыс атқаратынын және қалай пайда болатынын сол кездің өзінде білген болатын.Бұл гендік инженерияның негізі болып табылады. Бірақ алда жаңа гендерді бөліп алу,оларды белсенді, тұрақты түрде тұқым қуалай алатын құрылымға біріктіру міндеттері тұрды.
1969 жылы И.Беквит,Дж.Шапиро,Л Ирвин тірі жасушадан ішек таяқшасының сүт қанты-лактозаны сіңіруіне қажетті ферменттерді синтездейтін генді бөліп алды.
1970 жылы Д.Балтимор, онымен бір мезгілде Г.Темин және С.Мидзутани ДНҚ молекуласының РНҚ матрицасында құрылу процесін қамтамасыз ететін ферментті таза күйінде алды.Бұл ферменттің алынуы жеке гендердің көшірмесін алу жұмыстарын біршама жеңілдетті.Сондықтан, қысқа мерзімде, бірнеше зертханаларда глобин,интерферон және басқа да нәруыздардың синтезделуін басқаратын гендер алынды.
Гендерді жасушаға енгізу үшін бактериялардың генетикалық элементтері–плазмидалар қолданылады.Плазмидалар ядрода емес,цитоплазмада орналасады.Олардың кейбірі бөтен бактериялардың хромосомасына еніп,өз бетінше немесе басқа да факторлардың әсерімен өзімен бірге бактерия иесінің хромосомалық гендерін жабыстырып алып жасушаны тастап шығуға қабілетті болады.Бұл гендер плазмидалар құрамында өздігінен көбейіп,көптеген көшірмелер түзе алады.
Гендік инженерия әдістерімен тек қана ДНҚ молекуласына ғана емес,тұтастай хромосомаға да әсер етуге болады. Осы әдістер арқылы тұтастай хромосоманы бөліп алып, басқа түрдің жасушаны енгізу арқылы түрлі будан тұқымдар зертханалық жағдайда алынды. Гендік материалды бір жасушадан басқа жасушаға тасымалдау үшін жасушалық деңгейде өте нәзік әдіс –микрургия қолданылады.Мысалы, ұрықтанған жұмыртқажасушаға микропипетканың көмегімен геннің көптеген көшірмелерін ядроға енгізеді. Содан кейін бұл жұмыртқа жасушаны жасанды ортада біраз уақыт өсіріп, жануардың жатырына имплантациялайды.
Мұндай тәжірибелер егеуқұйрыққа жасалынды.Егеуқұйрықтардың ұрпақтары ата-аналарынан ірі болуы үшін оларға өсу гормоны енгізілді. Гендік инженерия саласындағы тәжірибелер өте қатаң бақылауда болады. Бірқатар елдерде адамға қауіпті ДНҚ молекуласы пайда болмас үшін гендік инженерия саласында жасалынатын тәжірибелер үшін арнайы ережелер қабылданды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет