ДӘРІС 9. Қуатты оңтайландыру
Мақсаты: Гендік модификатталған өнімдер туралы түсінік беру.
Жоспары:
Биологиялық белсенді қоспалар
ГМО
өзгертілген құрамдағы табиғи өнімдер
Бүгінде дүкен сөресіндегі азық-түлік құрамынан биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) табуға болады. Өндірушілер мен диетологтар оның адам ағзасына пайдалы әрі маңызды екенін айтады. Дегенмен ешбір қоспасыз, табиғи өнімді тұтынғанды жөн көретіндер баршылық. биотехнолог Рүстем Кеңесбековтің көмегімен тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) зияны мен пайдасын талдады.
Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Оны тағаммен қатар тұтынуға болмаса да, тағам құрамына қосып пайдалануға болады.
Өнімнің технологиялық түрленуіне байланысты төртке бөлінеді:
1. Құрамында табиғи концентраттар бар заттар: табиғи минерал су, теңіз суынан бөлініп алынған тұз, бал, балдыр;
2. Құрғатылған, кептірілген табиғи өсімдіктер: тағамға дәмберуші ұнтақтар;
3. Экстракт, тұнбалар, шәрбаттар, брикет;
4. Фармакологияда (дәрі-дәрмектің тәнге, денеге тигізетін әсерлері туралы ғылым) қолданылатын синтетикалық және табиғи витаминдер, фосфолипидтер, күрделі нәруыздар.
Биологиялық белсенді қоспалар заңда
"Дәрiлiк заттар туралы" заңының 1-бабының 6-тармағында ББҚ-ға былай түсініктеме берілген: "Биологиялық белсендi қоспалар (ББҚ) – фармакологиялық белсендiлiкке ие болатын және аурулардың алдын алу және емдеу үшiн қолданылатын (витаминдер, витамин тәрiздiлер, макро-және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және т.б.) табиғи немесе олармен бiрдей биологиялық белсендi заттардың контцентраттары".
Жоғарыда айтылғандай ББҚ-ны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданылады. Зерттеуге сәйкес, биологиялық белсенді қоспаның адам ағзасына зияны 5-7% көрсетсе, пайдасы 80-90% жетеді.
Биологиялық белсенді қоспа адам ағзасына зиян ба?
Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны не құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға арналмаған.
Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Бұл дегеніміз – жасанды жолмен лаборатория жағдайында өндірілген, қазақша айтқанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сын қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойылған. Бұл тәжірибе қазір Қытай экономикасының да жетістігі саналуда.
Нақтылап айттар болсақ, америкалық ғалымдар камбала балығының ДНК-сын қосып қызанақтың жаңа сортын ойлап тапса, сол тәрізді кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНК-ны қосу арқылы өнімді құрт жемейтін етіп шығарды. Осындай әдіспен картоп пен бәйшешекті де будандастырды. Будан өнімнің басты ерекшелігі – тез арада іріп-шірімейді және оған зиянды жәндіктер жоламайды. Соңғы жылдары бидайға мысықтың ДНК-сын қосып будандастыру арқылы тышқан жемейтін «мысық-бидай» ойлап тапты қытайлық жеңіл өнеркәсіп мамандары.
Генетик ғалымдардың есебі бойынша қазір әлемде 1000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Бүгінде бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең көп гендік модификацияланған – қызанақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп... Былайша айтқанда, халық ең көп тұтынатын заттар.
– Будан өнімдер адамның денсаулығына аса зиянды, – дейді ресейлік биолог-дәрігерлер. Олар бірнеше жыл бұрын қарапайым егеуқұйрықтарға тәжірибе жасап көрген. Әуелі жәндіктерді екі топқа бөліп, біріншісін әдеттегі азықпен, екіншісін гендік модификацияланған азықпен жемдейді. Тәжірибені жануарлардың шағылысуынан екі апта бұрын қолға алған. Нәтижесінде, таза азықпен қоректенген жануарлардың 7 пайызы, ал будан азықпен қоректенгендердің 56 пайызы өлген.
Сол сияқты тағы бір ресейлік дәрігер О.Бутакова өз отандастарына сырттан келетін өнімдерді, соның ішінде сәбилерге арналған тағам түрлерін тұтынбау жайлы үндеуде. Әсіресе, АҚШ-та өндірілген жеңіл өнеркәсіп тауарларынан сақ болуға шақырады. Өйткені америкалық өнеркәсіп өнімдерінің 70 пайызы будан. Аустрия, Франция, Германия, Греция, Италия және Люксембург мемлекеттері өз елдеріне будан өнімдерді сырттан кіргізуге тыйым салып жатыр.
Жоғарыдағыдай жағдай өз еліміздегі тауық өсіретін фермаларда кең етек алған. Құс өсіруші фермерлер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға береді. Қандасының етін жеп үйренген «каннибал» тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп қояды. Бұл үрдіс қазір тауық фермаларында үйреншікті жағдай. Дүкен сөрелерінде сіресіп тұрған тауық еттеріне де «елеңдей» жүргеніңіз жөн болар.
Достарыңызбен бөлісу: |