Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Бағалы қағаздар нарығы және бағалы қағаздардың түрлері



бет43/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

13.2 Бағалы қағаздар нарығы және бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі.


Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.
Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған субъектінің дивиденд түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлкінің бір бөлігіне құқық береді.
Облигация- борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермегенімен, купон немесе дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік береді.
Эмитентіне байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы қағаздар шаруашылық субъектілермен шығарылады.
Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы болып саналады. Акциялар акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын арттырады немесе белгілі бір мақсатты бағдарламалады өткізу үшін эмиссия жасайды. Мемлекеттік облигациялар- мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда мемлекет бюджет тапшылығын жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз- элементтердің тұрғысынан қарағанда, облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше облигациялар дегеніміз бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы банктік депозит баламасы.
Шығарылуына қатысты бағалы қағаздар құжаттық және құжаттық емес болып екіге бөлінеді. Құжаттық бағалы қағаздар бланк, сертификат үлгісімен қағаз түрінде жасалады. Ал, құжаттық емес бағалы қағаздар электронды түрде, яғни кез-келген тұлғаның бағалы қағаз иесі екендігі оның шотының жазбаша үлгісі арқылы анықталады. Құжаттық емес қағаздарды сату, сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушының электрондық шотында қажетті жазбалар тіркеледі. Бұл әдіс бүгінгі таңда өте кеңінен таралған.
Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады. МБҚ шығару формасы – құжатсыз формада.
МБҚ әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (акциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)
МБҚ сатып алушылары кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет