Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет39/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Сақтандыру нарығы

Сақтандыру нарығы дегеніміз- ақшалай қатынастардың саласы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар»- сақтандыру қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.


Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығына қатысушылары:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

    1. Сақтандыру брокері- сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушыны білдіретін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

    2. Сақтандыру агенті- берілген уәкілеттілігіне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

    3. Сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

    4. Актуарий- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;

    5. Сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Қайта сақтандыру- өздерінің арасында жасасқан қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтандырушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Қайта сақтандырушы (цедент)- өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет