Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық саласы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттармен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысушымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
- қаржының көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
- халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
сыртқы сауда;
шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, оның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу; концессиялар- елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтырын алу, меншікті жалдау;
ҚР-ның халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды берумен байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
шет елдерді елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және жартылай фабрикаттарға тиіп отыр.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі- шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспортты кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдалануы тиіс.