Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет44/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

МБҚ шығару мақсаты:
- Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа қосымша ақша шығармай-ақ).
- Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).
- Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)
Жалпы, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар: жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Қор нарығындағы кәсіби делдалдар- брокерлік және диллерлік қызмет көрсету лицензиясы мен биржа мүшесі болып табылатын білікті мамандардан тұратын арнайы штаты бар кәсіби қатысушылар, яғни брокерлер мен диллерлер.
Брокерлік қызмет- бұл клиент есебінен және оның мүддесі үшін тапсырыс келісімі немесе комиссия келісімі негізінде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісім шарттарды жасау бойынша брокер қызметі.
Дилерлік қызмет – бұл өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісім жасау бойынша қызмет. Бір уақытта брокер және дилер болуға болады, бірақ бір келісімде брокер және дилер ретінде болу мүмкін емес.



    1. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру

Қазақстан бағалы қағаздар нарығының маңызды институттарының бірі болып қор биржасы табылады. «Қазақстан қор биржасы» АҚ 1993 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Банкаралық Валюталық Биржасы атауымен негізделген. Қазақстан Ұлттық Банкі және ірі екінші деңгейлі банктер қор биржасын құру инициаторлары болды. 1996 жылы биржаның аты өзгертілді және сол уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) деп аталады.


Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға
KASE акционерлік қоғам нысанында қызмет етеді, бірақ коммерциялық емес ұйым болып табылады. Яғни биржа қызметінен алынған бүкіл пайда оның акционерлері арасында таратылмайды, ал биржаның дамуына жұмсалады.
Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
3) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесiне кіруге өз мүшелерiне мүмкiндiк беру;
4) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткiзу;
5) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге acыру, не осындай есеп aйырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;
6) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету және т.б.
Биржа мүшелері тек қана заңды тұлғалар болуы мүмкін. KASE саудасына тек оның мүшелері ғана қатыса алады. Оның мүшесі болу үшін 1500- айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мүшелікке кіру жарнасын төлеу қажет. Мүшелікке кіру жарналарынан басқа биржа мүшелері ай сайынғы жарналар төлейді. Мүшелік жарналарға қоса KASE компанияның бағалы қағаздарының листингі және биржа тізілімінде тұруы жарналарын ұстайды. Сонымен қатар биржа ақпараттық және аналитикалық қызмет көрсетулер үшін, мәмілелерді өңдеу және тіркеу үшін комиссиондық сыйақылар алады.
KASE қазақстандық биржалық нарықтың сауда жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы жүйеге оның мүшелерінің қол жетімділігіне мүмкіндік жасайды. Биржа бағалы қағаздарды оның тізіміне енгізу бойынша және осы бағалы қағазды шығарған компаниялараға қойылатын талаптар бойынша ережелерді өңдейді. KASE өзінің мүшелеріне ақпараттық, кеңес беру қызметтерін көрсетеді, бағалы қағаздар нарығының жүйелі аналитикалық зерттеулерін жүргізеді. Биржа эмитенттер туралы максималды ақпаратты ашу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Ең маңыздысы – биржа бағалы қағаздар, валюта, фьючерстер және басқа қаржылық құралдармен жүйелі сауда-саттықты жүргізеді, биржалық саудада жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет