Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет48/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
15.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықты асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жоюға және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.


Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;
Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшемелерді индекстеу жөніндегі шаралар қолданылады,; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді т.с.с.;

  1. инфляцияны төмендету немесе басу жөніндегі инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат- инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат- мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшемелерді арттыру, ақша массасын шектеу жолымен ақша несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты- бағаға және жалақыға толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен қосарлас бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әртүрлі әдістерін кіріктіреді:

  • орталық банктің қолма-қол ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту;

  • барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру;

  • кредит мультипликаторын қысуға және коммерциялық банктердің кредиттік экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру;

  • сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет