Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтандыру салалары:
«Өмірді сақтандыру»;
«Жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
өмірді сақтандыру;
аннуитеттік сақтандыру;
өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;
сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
ауырған жағдайдан сақтандыру;
автомобиль көлігін сақтандыру;
темір жол көлігін сақтандыру;
әуе көлігін сақтандыру;
су көлігін сақтандыру;
жүктерді сақтандыру;
мүлікті залалдан сақтандыру;
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
әуе жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
заемдарды сақтандыру;
ипотеканы сақтандыру;
кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
сот шығыстарынан сақтандыру.
Бұдан басқа да келесідей сақтандыру нысандары бар:
міндеттілік дәрежесі бойынша– ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша– жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша– жинақтаушы және жинақтаушы емес.