Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері



бет41/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

12.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

Нарықтық экономика кезінде қаржылық реттеуді сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдістері болып табылады. Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге межеленеді және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда- салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жеңілдіктері, активтерді мағлұмдамалау және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде- шығыстарды нормалау, кәсіпорындар мен фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтер, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары.


Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу- кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділікте ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабельділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдардың көлемі реттеліп отырады.
Валюталық-қаржылық реттеудің негізгі әдістері мыналар болып табылады:
- валюталық бағам;
- ақша капиталдарының пайыздық мөлшерлемелері;
- халықаралық төлем қаражаттары;
- бағалы қағаздарының бағамдары;
- валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.
Экономиканы реттеуге оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады.
Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етуімен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қолдау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.
Жанама реттеу әдістері адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. (1 сурет).

12. 1- сурет. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері

Фискалдық саясат- мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар, салық шаралары жатады.


Ақша-несие саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланылатын несие береді.
Салықтар саясаты. Салықтар саласында фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға және ұсынымға. Бірінші жағдайда, салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді. Екінші жағы, салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жиынтық ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі, еңбекке деген ынталандырмаларын күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Баға және табысты реттеу саясаты. Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан, мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғары шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.
Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу- мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет