Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет42/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Бақылау сұрақтары:

    1. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні.

    2. Экономикалық мемлекеттік реттеудің түрлері.

    3. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері.

    4. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.

13 - тақырып. Қаржы нарығы



    1. Қаржы нарығы туралы ұғым



Қаржы нарығы – бұл ең алдымен, дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, тауар және басқа нарықтармен: табиғи ресурстар, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа жылжымайтын, жер, алтын, сақтық нарықтарымен етене байланысты.
Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік- оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

  • ақпараттық- қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • бөлу- қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;

  • коммерциялық- қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі;

  • баға белгілеу- қаржылық құралдардаң барлығы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы нарығының функцияларын анықтайтын алғы шарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

  • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;

  • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;

  • бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;

  • бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.

Қазақстан Республикасында қаржы нарығы келесідей нарықтардан тұрады: ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы, зейнетақы нарығы( 13.1- сурет).
Ақша нарығы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне тартылады. Банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті сыйақы- пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттардың бір бөлігі одан әрі несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие беріледі. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.



13.1- сурет. Қазақстан Республикасы қаржы нарығының құрылымы


Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет