Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет47/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
лекции Каржы

15 - тақырып. Қаржы және инфляция


15.1 Инфлияцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды, әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.


Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы -тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс саласының артық қағаз массасымен толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарлуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарыста жай- күйі.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай- монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шарушылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополиялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекет қаржысының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық үдеріске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).
Бірінші фактор -мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен салықтық түсімдер қажеттіліктен артта қалып қояды. Мұның өзі сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады. Бұл белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдануды қажет етеді.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор -бюджеттің ұзақ уақыттағы тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты). Бұл инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымын реттеуді, мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістерін қарастыруды қажет етеді.
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салықтық түсімдерін арттырудың қажеттілігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық үдеріс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет