Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет13/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
603 жылы Батыс түрік қағанаты. Территориялық жағынан Батыс түрік қағанатына қарағанда біршама кішірек болды, оған Қаратаудан Жонғарияға дейінгі, сонымен қатар Шығыс Түркістан мен Орта Азияны қосқанда. Мұнымен қатар Мемелкет аймақтағы әсер етуші негізгі күш бола алмады. Ұлы жібек жолының бір бөлігі Батыс түрік қағанатының басшысының қолында болағандықтан көрші мемлекеттердің бақылауында, қыспағында болды. (Қытай, Иран, Византия) Қан төгіс шайқастардың арқасында қағанат өзінің Орта Азиядағы ықпалынан айырылып, 657 жылы Қытайға бағынышты болды. 699 жылы Батыс түрік қағанатының билігіне түргештер келді. Түргештер Ашина тайпасының руынан шыққан жоқ. Алайда, билік басындағы тайпалардың ішкі талас – тартыстары, сонымен қатар олардың Қытайға бағыныштылығы, түргеш тайпаларының күшеюіне үлкен әсер етті. Олардың көсемі Үш – Елік қаған қытайдың губернаторының-ізбасарын орнынан түсірді және Қытайға елшілік жіберіп өзін қаған деп мойындауды ұсынды.
Үш Елік қаған мемлекетін 20 облысқа - түтіктерге, ал олардың астанасы Суяб қаласында болды.
705 жылы түргештердің оңтүстік шекараларына араб әскерлері жақындады. Үш Елік қаған Қытаймен одақтаса отырып арабтарға екі рет соққы берді.
710-715 жылдары өзара ішкі қырқыстың нәтижесінде Түргеш мемлекеті өмір сүруін тоқтатады. Оңтүстік аудандарын арабтар басып алып, қағанаттың қалған жері Шығыс түрік қағанатының қол астына өтеді. 715-717 жылдары жас және талантты Сұлық қағанның арқасында Түргеш мемлекеті қалпына келтіріліп, арабтар Орта Азияның көптеген бөлігінен қуылды. 737 жылдан бастап қағанат толықтай құлдырады. Қытай мен татулық қарым- қатынас үзіліп, Сұлық қаған екі майданда яғни арабтар мен қытайлармен соғыс жүргізді. Сонымен қатар мемлекеттің өз ішінде қара түргештер мен сары түргештердің арасында қақтығыс ұлғайды.
751 жылы Тараз қаласының маңында арабтар мен қытайлардың әскерлері кескілескен соғыс барысында кездесті. Арабтарға көмекке келген түрік тайпасы қарлұқтардың арқасында жеңіске жетті.
Түргеш қағанатының ішіндегі ұзақ жылға созылған қақтығыстан кейін қағанат басына билікке қарлұқтар келіп, қарлұқ қағанатының тарихы басталады. Қарлұқ қағанатының тарихы (756-940) аймақтағы билік үшін түрік тайпаларының өзара қырқыстарымен сипатталады. Қарлұқтардың қарсыластарының бірі мықты ұйғырлар тайпасы болды. Олар өздерінің мемлекетін қалыптастырып, қарлұқтарды өздеріне бағындырды. 840 жылы ұйғыр мемлекеті құласа да қарлұқтар толық дербестікке ие бола алмады. Өйткені Орта Азиядағы саменид билеушілері «қасиетті соғысты» жариялай отырып, Қарлұқ мемлекетінің оңтүстігін басып алды.
Х ғасырдың ортасында Шығыс Түркістан, Жетісу өңірінде Қарахан мемлекеті болды. Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұх Бограхан (915-955 ж.ж.) 942 жылы Баласағұн билеушісін құлатып, ислам дінін және Арслан Қарахан жәрежесін қабылдайды. Осыдан бастап оның әулеті Қарахандықтар деп атала бастады.
Х ғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бұхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қархандықтар иелігі Балхаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар ұйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 ж.ж. ұзақ қиян кескі соғыстардан кейін Мәуреннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен тұрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды.
XI ғ. 30-жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы әуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дәрежесімен Шығыс қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан өзінше жеке билік етті. Территориясы көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек пен тегін дәрежесіндегі еншілік иелерінің құқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссөздер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мұрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне «сатылық жүйе» арқылы жүзеге асырылды.
Х ғасырдың ортасынан Арслан Қарахан мен Богра Қарахан әулеттерінің арасында алауыздық, күшейіп билік үшін күрес басталды. Бұл соғыстар Қарахан мемлкетін әлсіретеді. Осы жағдайды пайдаланып Батыс Қарахан мемлкетіне селжұқтар шабул жасап, Самарқанд қаласын басып алады. Ал Шығыс Қарахан қағанатына қайта-қайта қарақытайлар шабул жасап, қауіп төндіреді. XII ғ. бірінші жартысында қарақытайлар Шығыс Қарахан қағанатын 1141 ж. Батыс Қарахан қағанатын жаулап алады.
ІХ ғасырда Солтүстік пен Орталық Қазақстан территориясында қимақ мемлекеті құрылып, ордасы Ертіс өзені бойындағы Қимақия қаласы болды. Қимақ мемлекеті ішкі саяси жағдайға байланысты қарлұқ, оғыз, саменид мемлекеттерімен байланыста болған. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Қазақстанның далалық аймағында қимақтардың орнына Қыпшақ тайпалық бірлестігі келді. ХІ ғасырдың басы қимақ қағанаты құлаған соң сол өңірде билік қыпшақ хандарының қолына көшеді.
Қыпшақтар этнос ретінде VIII ғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда қалыптасқан. Қолдарына билік тигеннен кейін қыпшақ хандары Сырдария, Арал және Каспий өңірнен оғыздарды ығыстырып шығарды. XI ортасына қарай қыпшақтарға, Жетісудан өзге, бүкіл Қазақстан өлкесі қарайды. Енді бұл өңір Дешті - Қыпшақ деп атала бастайды. Сонымен қыпшақтар мекендеген жер Дешті қыпшақ деп атала бастайды. Қыпшақтарды орыс деректерінде половецтер, ал европалық деректерде кумандар деп атайды.
XI ортасында қыпшақтар батысқа қарай жылжып Еділден өтіп Днепрге дейін жетіп, шығыста Алтай мен Ертістен батыста Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, Оңтүстікте Балхаш көлінен солтүстікте Оңтүстік – Батыс Сібірдің орманды алқаптарына дейінгі жерді алып жатты. ХІ ғасырда Қыпшақ мемлекеті құрылып, осы ғасырдың орта шеніне таман күшейе бастайды. Қыпшақтардың батысқа қарай көшкен тобы орыс жерлеріне қоныстанады. Бұлар половецтер деп аталады.
XІ-ХІІ ғ. қыпшақ тайпалары Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан, жерінің көлемі жағынан ең үлкен тайпа болды. Қыпшақ қауымдастығы өз құрамына түркі тілдес кимек, куман, ежелгі башқұр, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.
Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін, қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтады. Монғол шапқыншылығынан кейін, қыпшақтардың кейбір тармақтары Венгрияға, Византияға қоныстанады. Енді бір тобы Сирия мен Египетке құл ретінде сатылады. Қыпшақтар 1250 жылы Бейбарыстың басшылығымен Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті қолына алады. Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті атадан балаға мұрагерлік жолмен беріп отырған.
ХІ ғасырдың басы қимақ қағанаты құлаған соң сол өңірде билік қыпшақ хандарының қолына көшеді.

№ 1 кесте. Ерте орта ғасыр дәуіріндегі түркі мемлекет.





Мемлекеттік бірлестіктің аты

Мемлекеттік құрылымның формасы

Территориясы, астанасы

Тайпалық құрамы

Түрік қағанаты

Қаған>жабғу> қаған > шад, тегіндер, тархандар, бектер

Батысында Волга өзені, шығысында Корея арты аралы, солтүстігі Енесей өзенінен, оңтүстігінде Сырдария өзендері бойында.

Түріктер ашина, теле, тоғыз-оғыз, бағынышты қырғыздар, қидандар

Батыс түрік қағанаты

Қаған>Тудун>


бұйрық>Тархан>
Қарабудун

Қаратау тауынан Жонғарияға дейін, онымен қоса Шығыс Түркістан мен Орта Азияның оазистері. Астанасы-Суяб

Он оқ елі, үйсіндер (тугулук және он-шадпыт), қаңлы, түргештер

Түргеш қағанаты

Қаған>Жабғу

Жетісу, Шу және Іле алқабы, Шығыс Түркістанның бөліктері, Орта Азияның оазистері. Астанасы – Суяб, Күнгіт

Түргеш, (қара, сары), қарлұқтар.

Қарлұқ қағанаты

Елтебер>Жабғу> с 840 жылдан қаған.

Астанасы -Суяб

Қарлұқтар, түргештер, яғмалар, соғдылар, тухсилер, шігілдер

Қарахан мемлекеті

Қаған>Богра Қарахан>илек және тегін

Жетісу, Шу алқабы, Шығыс Түркістан. Астанасы – Баласағұн, бөлінгеннен кейін Бұхара (Батыс бөлігі)

Шігілдер, яғма, қарлұқтар, ұйғырлар, дулат.

Қыпшақтар мемлекеті

Хан>тархан>бұйғықтар, баскактар, бектер

Ертістен Волгаға дейін. Астанасы-Сығанақ

Қыпшақтар, қарлұқтар, қанғарлар, қимақтар, қырғыздар.

Қимақтар мемлекеті

Хан>тархандар, бектер

Солтүстік және Орталық Қазақстан. Астанасы-Имақия

Қимақтар, қыпшақтар, қарлұқтар.

Түркі тайпаларының көпшілігінің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Қой және жылқы шаруашылығымен айналысты. Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияның аймақтарында отырықшы жер шаруашылығымен айналысатын орталықтар да болды. Бұл жерлерде негізінен соғдылықтар және түріктер қоныстанған.


Киіз үйлерде тұрды. Киім- кешектері негізінен теріден және жүннен жасалды. Тағамдары ет – және сүт өнімдерімен қоректенді. Оңтүстік Қазақстаннан басқа аймақтарда қол өнер айтарлықтай дамымады. Оңтүстік аудандарда қала мәдениеті дамыды. Түркі тайпалары Ұлы жібек жолының бір бөлігін монғол шапқыншылығына дейінгі кезеңде қадағалап отырды.Қарахан және Қарлұқ қағанаттары кезеңінде. Тіл мәдениетімен қатар түріктерде христиан, Будда және ислам діні таралды. Сонымен археологтардың деректері негізінде Тараз қаласынынан христиан дінінің шіркеуі, монастырь, монша табылды. Көптеген наным – сенімдеріне байланысты заттар қазба жұмыстары нәтижесінде табылды. Талас даласында Тарсакент қаласы орналасқан. Қарлұқтардың жеке митрополиясы болған. Христиан діні қырғыздар, ұйғырлар қыпшақтарда кең тарала бастады. Ал, 1007 жылы керейлер мен наймандар хрестиан дінін қабылдады.
Ғылыми негізде арамейілік жазу соғды жазуының қалыптасуына әсерін тигізгені дәлелденген. (Алдыңғы Азиядағы хрестиандарда таралған, полестиналық) Осы жазулардың негізінде ұйғыр, түріктердің руникалық жазулары қалыптасты.
Буддизм Түркі қағанаты кезінде де кең таралған. Археологтар Будда дінінің болғандығы жайлы көптеген ескерткіштер тапты.
Ислам дінінің таралуы VIII ғасырдағы араб шапқыншылығымен тығыз байланысты. Түргештірдің, қарлұқтардың, қарсылығына қарамастан мұсылман діні Орта Азияның діни наным сенімінде үлкен орын алды. Ислам дінінің Оңтүстік, және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда дін ретінде қабылдануы Қарахан мемлекеті тұсында орнықты. Түпкілікті ресми мемлекеттік дін ретінде ХIV ғасырда монғол ханы Өзбек ханның тұсында жарияланды.
IX-XII ғасырларда түрік мәдениеті, ғылымы, философиясы, өнері жедел дами бастаған кезең. Бұл кезеңде өмір сүрген түркі ғұлама – ойшылдарына ғалым энциклопедист Әл-Фараби, Ю. Баласагун, М. Қашқари, және діни –философиялық ілімнің негізін салушылардың бірі Хожа Ахмет Яссауиді айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет