Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін
дәріс тезисі
ІІІ. Палеолит дәуірін мезолит алмастырды. Климаттың жылынуы жануарлар әлемінің өзгеруін туындатты. Жетілдірілген еңбек құралдары мен аң аулау құралдарын пайдалану қажеттілігі туындады. Осы кезеңде садақ пен жебе ойлап табылды. Микролиттер – үшбұрыш, ромб, трапеция түріндегі ұсақ жұқа бөлшектер қолданыла бастады. Микролиттер жебелердің ұшы мен салмалы қаруларды жасауда пайдаланылды. Неолит – тас дәуірінің кемеліне жеткен кезеңі. Тасты өңдеудің жаңа тәсілдері пайда болды: тегістеу, тесу, кесу. Тастан жасалған балта, диірмен, келі-келсаптар т.б. еңбек құралдары жасала бастады. Адам шаруашылықтың екі түрін – мал шаруашылығы мен егіншілікті меңгерді, яғни өндіріс шаруашылығына көшті. Тау-кен ісі мен тоқыма өнерінің бастапқы түрлері пайда болды. Бұл кезеңде отқа күйдіріліп жасалған алғашқы қыш ыдыс-аяқ пайда болды. Әлеуметтік салада тайпалар мен тайпалық одақтар пайда бола бастады. Тайпалар туысқандық байланыста тұрған шаруашылық түрлері бірдей бірнеше рулық қауымнан тұрды. Тас ғасыры адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады, ол адамның, оның шаруашылығы, рухани және материалдық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында зор рөл атқарды. Әдебиеттер: История Казахстана с древнейших времен до наших дней: В пяти томах. Т.1. Алматы, 1996. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. (Очерк). Алматы, 1993. Кан Г.В. История Казахстана. Алматы, 1995. Кадырбаев С.Г. История Казахстана: Первобытный мир и древность. Алматы, 1998. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966. Поиски и раскопки в Казахстане. Алма-Ата, 1972. Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. Алма-Ата, 1979. Формозов А.А. Энеолитические стоянки Кустанайской области и их связь с ландшафтом. БКИЧП. 1950. П. 15. жүктеу/скачать 0,56 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |