Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны



бет52/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

1. Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны.
2. Қайшылық себептері.
3. Қайшылық жағдайды басқару.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны.
Қайшылық дегеніміз - екі немесе одан да көп адамдармен топтардың арасындағы келіспеушілік әр адам немесе топ өз мақсаттарын орындауға тырысады және көз-қарастарын қорғайды, осыған байланысты келесі бір адамға , топқа кедерг жасайды. Қайшылықтың түрлері:


  • Ішкі жеке қайшылық - бұл жеке тұлғаның қандай да бір жұмыс орындағы талаптың, мүмкіндіктің өзнің ойлағанындай болмаған жағдайда ішкі жеке қайшылықтарды әкеледі.


  • Жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтар. Бұл қайщылықтың ең көп тараған түрі. Көбінесе шектеулі ресурстары, капиталы, жұмыс күші т. б. әр түрлі қайшылықтарға әкеледі. Адамның мінез-құлқының, көз-қарасының әр түрлі болған жағдайда бр-бірімен тіл табыса алмайды.


  • Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылықтар. Өндірстік топтардың өзіндік ережелеріболады. Әр адам осы ережеге бағынуға тиісті. Жеке адам ортақ ережелерді мойындамай қабылдамауының арқасында белгілі бір топпен жеке адм арасындағы келіспеушілік болады.


  • Топ аралық қайшылықтар. Ұйым бірнеше топтардан тұрады. Соның ішінде ресми және бейресми топтардан тұрады. Егер бейресми ұйымның басшысы әділетсіз болса, онда олар өндірістің тиімділігін төмендету үшін ресми топқа қарсы әрекет жасауы мүмкін.


2 сұрақ. Қайшылық себептері.
Қайшылықтың пайда болуының мынадай себептері бар:
А) Бөлуге қажетті ресурстың шектеулілігі. Ең ірі деген ресурстар шектеулі болады. Әр басшы ұйым мақсатына жету үшін, әр түрлі топтардың арасына материалды, шикзатты, өндірістік құрал-жабдықтарды бөлу қажет. Бір топқа көптен бөлу шиеленіске азырақ әкеп соқтырады.Сондықтан басшы адам жан-жақты қарастырылмаған шешімдерді қабылдамау керек.
Б) Тапсырмалардың өзара тәуелділігі. Ұйым өзара байланысты жүйе болғандықтан, ондағы топтар мен адамның тапсырмалары өзара бір-бірімен үйлестірілген жағдайда болады.
В) Мақсаттардың айырмашылықтары. Әр бөлімнің сол уақытта орындайтын белгілі бір мақсаттары, міндеттері болады. Соны орындау кезінде келесі бір бөлімнің орындап жатқан міндеттеріне сай келмеу, қайшылыққа әкелуі мүмкін.
С) Құндылықтар мен ұсыныстардың айырмашылықтары. Әр адам болып жатқан ситуацияны субъективті түрде бағалайды. Мысалы, бағынышты адам белгілі бір мәселе тұр.
Д) Мінез-құлық өнегесіндегі айырмашылықтар және өмірлік тәжірибе.
Е) Білім деңгейндегі өзгешелік.
Ж) Нашар байланыс немесе коммуникация.
Келіспеушілікті дер кезінде шешіп отырмаса, ол стресске әкеліп соғады.
Стресс бұл ағылшын сөзі, шиеленіс деген мағынаны білдіреді.
Стресс – сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы.
Стресс көзі:
- құқығы төмен жеткіліксіз, өзі ойлағандай әрекет ете алмайды;
- жұмысшының алдына қойылған міндеттерінің нақты емес, көмескілігі;
- қызметінің болашағы белгісіз, басшының пікірі де беймәлім;
- шектен тыс жұмыс бастылық;
- өзіне жүктелген жұмысты орындауға біліктілігінің жетіспеуі;
- жұмыс жағдайының қолайсыздығы – жарық аз, бөлме температурасының ауытқуы, коммуникацияның нашарлығы, бір-біріне негізсіз талап қою, жеке басындағы түрлі себептер, т.б
Стресске шектен тыс жиі ұшырайтын адамдарға психологиялық кеңес беру керек.
Мысалы:
Ø жұмыс жоспарын жасаңыз, яғни «бүгін орындауым керек», «осы аптада орындауым керек» деп жұмысыңызды бағалаңыз;
Øөз-өзіңізге талап қоя біліңіз, белгілі бір шекке жеткенде «жоқ» деп айтуды үйреніңіз;
Ø басшымен жақсы, сенімді қатынас орнатыңыз;
Ø тек шындықты айтыңыз;
Ø әрдайым жұмыс істеуден арылып, демалуға уақыт табыңыз.
Стресті болдыртпау факторлары:
Ø өмірдегі жетістік және оған қанағаттану;
Ø өмірде өз орныңды табу,
Ø өзіңнің мүмкіндігіңмен қабілетіңе қарай алдыңа мақсат қою;
Ø белсенді демалыс. Стресс ұйқы кезінде болмайды, сондықтан жүйкеңізді шынықтыруыңыз керек;
Ø жақсы тамақтану қажет;
Ø дене шынықтырудың тиімді әдісін тұрақты пайдалану.
Стресс әсерін бәсеңдету үшін тамақтану режимін орындау, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу арқылы өзіңді ширақ әрі сергек ұстау шаралары да жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет