Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Дәріс 4 Психологиядағы өлшеу мәселесі



бет4/7
Дата08.12.2023
өлшемі48,84 Kb.
#135112
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәрістер Психол зерттеуді ұйымд.

Дәріс 4 Психологиядағы өлшеу мәселесі
Психологиялық өлшеу әдістері дегеніміз психологиялық құбылыстардың математикалық өңдеуге жататын сандық мәліметтерін алу тәсілдері. Психологиялық өлшеу– бұл нәтижесінде психологиялық заңдар қалыптасатын психологиялық құбылыстардың сандық сипаттамасын анықтау.
Өлшеудің 2 бағытын ажыратуға болады.
1) психофизикалық өлшеу- бұл физикалық стимулдар жағдайларын олардың психологиялық байланыстарымен бірге зерттеу;
2) психометрикалық өлшеу– бұл индиви
дуалды даму динамикасының сандық анықтамаларын өлшеу және зерттеу әдісі. Шкалалау (ағылшынша Scalіng- өлшеу бірлігін, масштабын анықтау) реалды құбылыстарды сандық жүйелер көмегімен үлгілеу әдісі.
1) Ноль өлшемді шкалалау– бұл нольдік өлшемі және жалғыз мәні бар психологиялық шкалаларды құру әдісі.
2) Бір өлшемді шкалалау– бұл берілген психологиялық айнымалылардың барлық мәнін құрайтын психологиялық шкалаларды құру әдісі.
3) Көп өлшемді шкалалау– тұтас психологиялық кеңістік құрайтын, яғни бірден бірнеше психологиялық айнымалыны анықтау үшін пайдаланады.
Бұл шкалалау түрлері өзара шкала типтері арқылы ажыратылады. Шкала дегеніміз– зерттелінетін объектінің белгілерін, олардың сандық жүйесін реттеу жолымен тіркеу формасы.
Өлшеу шкалаларын психологиялық әдіс ретінде 1950ж С.С.Стивенс енгізген. Өлшеу шкалалары (латынша Scala – баспалдақ (лестница) зерттеу объектісінің белгілерінің жиынын белгілі сандық жүйесін реттеу арқылы тіркеу формасы. С.Стивенс шкалаларды метрикалық және метрикалық емес түрлерге бөлген.
а) Метрикалық шкалаға: қатынас және интервал шкалалары жатады;
б) Метрикалық емес шкалаға: атау және реттік шкалалары жатады. Бұл шкалалардың әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктерге ие болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Психологиялық зерттеудің түрлері мен типтері
2. Психологиялық зерттеудің негізгі ұғымдары
3. Бас жиын және таңдау тобы
4. Психологиялық зерттеу кезеңдері мен жұмыс жоспарын құру
5. Психологиялық зерттеу схемасы мен зерттеу әдістерінің жіктелуі
6. Эмпирикалық зерттеу жүргізудің кезеңдері
7. Пилотажды зерттеудің қажеттілігі
8. Психологиялық өлшеу – зерттеу мәліметтерін тіркеу әдісі ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет