Бақылау сұрақтары: 1.Ғалымдардың құқықтары мен міндеттері, туралы мәліметтермен танысып баяндама жасаңыз
2. ҚР ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу туралы ережелер бойынша баяндама жасаңыз
3. ҚР Ғылым және Білім министрлігінің сайты- www.edu.gov.kz.; Қазақстан ғылымына арналған сайты - www.naukakaz.kz; ғылыми іс-әрекеттің құқықтық негіздері туралы сайт-www.academy.kz. – материалдарымен танысып, тезистік деректеме жасаңы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы // Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы// "Егемен Қазақстан" 2011 ж 25 ақпан № 59-61.
2. Ахметова Г.К., Пфейфер Н.Э., Бурдина Е.И. Азбука для начинающего исследователя: метод. пособие . – Павлодар, 2006.
3. Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Организация и технология научного исследования. – Новосибирск, 2006. – 426 с.
4. Мынбаева А.К. История, теория и технология научной деятельности высшей школы: Монография. - Алматы, 2010.-257 с.
5. Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. – М., 2006. – 134 с.
1
3
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
3. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Психологиялық зерттеудің түрлері мен типтері
3.2. Психологиялық зерттеудің негізгі ұғымдары
Психологиялық зерттеудің түрлері мен типтері Психология ғылымындағы ең көп қолданылатын зерттеулердің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады: теориялық; эмпирикалық және қолданбалы зерттеулер. Эмпирия термині гректің ("empeiria"-тәжірибе) деген сөзінен шыққандығын білеміз. Ол бастапқыда түсінігінде екі негізгі мағынаға ие болған: а) сезім 25 мүшелері арқылы сыртқы ортаны қабылдаудағы адам тәжірибесі; б)экспериментке қарағанда, қарапайым табиғи жағдайларда жасалатын бақылау. Алайда, қазіргі уақытта ғылымда эмпирия (эмпирика) деп сезімдік тәжірибе беретіндерді ғана емес, ғылыми факттардың, мәліметтердің кез келген жиынтығын айтады. Эмпирикалық зерттеу ретінде түрлі әдіс-тәсілдермен (бақылау, өзін-өзі бақылау, лабораториялық және табиғи эксперимент) мәліметтерді жинайтын зерттеу жұмыстары қарастырылады. Жалпы психологиялық зерттеулерді теориялық және эмпирикалық деп ажырату тек шартты түрде ғана мүмкін болады. Себебі, егер зерттеудің маңыздылығы ретінде процедуралық жағын алсақ, онда оны теориялық немесе эмпирикалық зерттеу ретінде, объектімен өзараәрекеттестіктегі эмпирикалық мәліметтер жиыны секілді құрамдас бөліктің бар немесе жоқтығы критерийі бойынша дәлелдеу жеңілірек. Сондай-ақ, осы мәліметтерді жинау іс-әрекеттері нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жасалса, онда жұмыстың эмпирикалық сипаты туралы айтуға болады. Ал, егер зерттеудің маңыздылығы ретінде оның өнімділік жағын алсақ, көп жағдайда оны теориялық немесе эмпирикалық ретінде тек шарттылықпен анықтауға болады. Өйткені кез-келген зерттеуде психолог әрқашан зерттеу парадигмасын мен жұмыстың теориялық базасын негіздеу арқылы ғана эмпирикалық мәліметтерді таңдау, жинау және талдауға келеді. Басқа жағынан алғанда, кез-келген теориялық жұмыс жанама түрде болса да деректер ауқымына сүйенеді, мәліметтердің сенімділігін айқындайды және өзінің тұжырымдары мен қорытындыларына сүйене отырып, эмпирикалық мәліметтерді іздеу мен жинау әдістерін белгілі бір бағытқа бейімдейді. Осы дәлелдемелер бізге зерттеудің таза теориялық немесе эмпирикалық болу мүмкіндігінің әлсіздігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Керісінше, кез-келген теориялық немесе эмпирикалық зерттеулер өз кезегінде қолданбалы сипатқа ие бола алады. Бұл әсіресе зерттеулердің кезеңдеріне қатысты Эмпирикалық кезең - бастапқы материалдың қабылдау және өңдеуге байланысты зерттеулер кезеңі, ғылыми тілде сипаттайтын фактілерді жинақтау үрдісі, түрлі критерийлер бойынша жіктелуі және олардың арасындағы негізгі тәуелділіктерді анықтау. Бұл кезеңдегі зерттеушінің міндеті: - ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу кезінде, оның шеңберінде ғылым тұрғысынан, әрбір фактіні сипаттау; -барлық фактілер арасынан ең көп қолданатынын таңдап алу; - таңдалған фактілер арасындағы қолданыстағы қарым-қатынастарды анықтау, олардың мәні бойынша фактілерді жіктеу. Теориялық кезең - ғылыми фактілерді терең талдаумен байланысты, ғылыми тілмен саналанған және айқындалған құбылыстың мәніне енуі, сандық және 26 сапалық түрде тұжырымдалған құбылыстарға практикалық әсер ету туралы қағидалардің таңдалуы. Ғылыми зерттеу өзінің әр бір циклінде эмпирикадан теорияға, ал теориядан оны тексеретін тәжірибеге жылжып отырады. Бұл процесс арнайы кезеңдер мен ерекше формаларға ие, оларда ғылыми білім жетіліп, сондай-ақ, ғылыми мәселені қою, фактілерді алу және бейнелеу, болжам құрау, жаңа ойлар арқылы теориялар жасап шығару және оның дәлелді жайын қалыптастыру9 . Сондықтан да зерттеудің шартты түрде теоретикалық және эмпирикалық түрлерін бөліп шығарғанмен көптеген зерттеулер теоретико–эмпирикалық сипатта болады. Бұл зерттеулер өз сипатына қарай: • фундаменталды және қолданбалы; • бір пәндік және пәнаралық; • аналитикалық және кешендік түрлерін ажыратуға болады. Іргелі зерттеу (фундаменталды) - табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық немесе эксперименттік зерттеу. Оның ерекшелігі ретінде белгісіздік дәрежесі жоғары болуы, нәтижелері болып жаңа құбылыстар мен табиғат заңдарының ашылуы, сонымен қатар қоғамның ғылыми біліктілігін арттыру мен тәжірибеде қолдану саналады. Қолданбалы зерттеу - жаңа немесе қазірдің өзінде белгілі құбылыстар мен табиғат заңдарын ары қарай жетілдіру мақсатында шыққан нәтижелерін адам мен қоғамның практикалық қызметінде пайдалану. Ол нақты тәжірибелік міндетті шешу үшін пайдалануы тиіс білімдерді алу мақсатында жүргізіледі. Бір пәндік зерттеулер жекелеген ғылым шеңберінде жүргізіледі. Пәнаралық зерттеу - бірнеше ғылыми пәндер қиылысында жүргізілетін және әр ғылым саласының мамандарын қажет етеді. Кешендік зерттеу - ғалымдардың ақиқатқа маңызды параметрлерінің ең көлемді шегін қамтуға ұмтылатын әдістер мен әдістемелер жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Аналитикалық зерттеу - зерттейтін ақиқаттың неғұрлым маңызды қырын айқындауға бағытталған. Зерттеу типтері. Психологиялық зерттеуді жүргізу мақсатына орай бірнеше типке бөлуге болады. Ізденіс. Бұл зерттеулер ғылыми жұмыстар аз зерттелген аймақтарда жаңа нәтижелерді алуға бағытталады. 9 Куликов Л.В. Введение в психологическое исследование.- СПб., 1994. 27 Шеткі. Бұл зерттеулер ғылымда бар теориялар, үлгілер, болжамдар, заңдылықтар т.б жоққа шығару немесе альтернативті болжамдардың бірін нақыталуға бағытталады. Нақтылау. Теориялық дәйектер мен эмпирикалық заңдылықтарды жорамалдаудың шектерін анықтау. Қайта жаңғыртушы. Зерттеулерді жүргізудің мақсаты – алдыңғы эксперименттерді олардың нәтижелерінің сенімділігі, объективтілігі, ақиқаттылығын анықтау үшін дәлме –дәл қайталау. Сондықтан кез–келген зерттеу нәтижелері басқа зертеуші қайта жаңғырта алатындай болу керек. 2. 2. Психологиялық зерттеудің негізгі ұғымдары Қазақстан республикасының Ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми зерттеулерге ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық зерттеулерді жатқызуға болады10 . Зерттеудің мақсаты - бұл зерттеу барысындағы түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуінен сипатын анықтайтын әрекет жобасы мен зерттеудің жалпы бағыттылығы. Зерттеудің мақсаты теориялық және қолданбалы сипатта болуы мүмкін. Теориялық зерттеу объектінің құрылымы, қызмет, даму заңдылықтары туралы жаңа білімдер ашу және зерттеудің жаңа әдістері мен процедураларын негіздеуге бағытталған. Психологиялық зерттеу бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі - зерттеу міндетін анықтау болып табылады. Зерттеудің міндеттері - мәселені шешу мен талдауға бағытталған нақты мақсаттағы нұсқаулар жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселені талдауға деген негізгі және қосымша талаптардан тұрады. Мысалы: теоретикалық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерде теоретикалық міндеттер - негізгі, ал практикалық міндеттер қосымша талаптар болып табылады. Психологиялық зерттеу - белгілі бір тапсырысқа сәйкес қоғамға қажетті нәтижелер алынған жағдайда ғана толыққанды зерттеу деп саналады. Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау барысында оның өзектілігіне баға беру керек. Психологиялық зерттеу өзектілігінің негізгі қырлары болып мыналар табылады: 1. Зерттеліп жатқан құбылысқа қатысты теориялық құрылымның толықтырылуы. Cипаттамалар мен байланыстар туралы жаңа мәліметтер зерттеу 10 Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы // Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы// "Егемен Қазақстан" 2011 ж 25 ақпан № 59-61. 28 құбылысының табиғатын айқындайды, нәтижесінде білімдер жүйесіндегі кейбір «ақ дақтарды» жабуға және түрлі қарама-қайшылықтарды шешуге көмектеседі. 2. Жұмыстың теориясы мен қолдану саласын кеңейтуге септігін тигізетін жаңа ғылыми дәлелденген мәліметтерге мұқтаждық. 3. Психодиагностикалық және зерттеу әдістерінің тиімділігінің артуы және жаңа мәліметтердің пайда болуына әсерін тигізеді. 4. Мүмкіншіліктері мен тиімділігі кеңірек әдіс-тәсілдерге, оқуға, машықтануға, емделуге, сауығуға, еңбекте қолдануына мұқтаж болу. 5. Ғылыми психологиялық теориялар мен тұжырымдарды толықтыру және өңдеу қажеттілігінен туындайды Зерттеу мәселесі. Кез-келген психологиялық зерттеудің бастапқы негізі - мәселелік жайт болып табылады. Осыған орай жалпы зерттеу мәселелерін 2- түрге бөліп қарастыруға болады. 1) Әлеуметтік мәселе - бұл тұрмыстық әлеуметтік қарама-қайшылықтар және оларды шеттету үшін, мақсатқа бағытталған әрекеттерді ұйымдастыруды талап етеді. 2) Ғылыми мәселе - бұл «знания о незнаний» жағдайы. Бұл арада, біржағынан, қоғамның қажеттіліктері мен оның теориялық практикалық ұйымдастырылуы арасындағы қайшылықтар, ал екінші жағынан, осы әрекеттерді жүзеге асырудың жолдары мен құралдарын білмеуден туындайды. Аталған екі мәселені шешу қашанда нақты мақсаттар мен міндеттерде шешуге жетуге бағытталады. Зерттеу объектісі - бұл зерттеу бағытталатын құбылыс немесе процесс болып табылады. Нақты психологиялық зерттеуде объект ретінде психикалық шындық, тұлға, адамдар арасындағы қарым –қатынас т.б. жағдайлар алынады. Объектіге қойылар негізгі талап - ол белгілі-бір мәселеге, яғни қарама-қайшылыққа ие болу керек. Зерттеу пәні - тікелей зерттеу жүргізу аймағы болып табылады. Қолданбалы психологиялық зерттеу пәні теориялық тұрғыдан оңай болып көрінгенімен, практикада өте күрделі болып табылады. Нақты ғылымипсихологиялық зерттеуде кейде зерттеу объектісі мен пәнін анықтау қиынға соғады. Нақты қолданбалы-психологиялық зерттеудің объекті мен пәнін анықтау кезеңінде объектіні алдын-ала жүйелік талдау міндетті шаралардың бірі болып табылады. Оның мақсаты - объектінің жүйе ретіндегі сыртқы және ішкі байланыстары мен барлық комплексті жан-жақты ашу арқылы гипотетикалық үлгісін жасау. Зерттеудің гипотетикалық үлгісі концептуалды деп аталады. Сонымен қатар, ғылыми-психологиялық зерттеу жүргізуде оның ұғымдық және терминдік аппараты, яғни зерттеу тілін өңдеудің маңызды мәні бар. Мұндағы басты ерекшелік - негізгі ұғымдарды талқылау маңыздылығы болып табылады.
Психология ғылымындағы эмпирикалық зерттеудің объектісі көбіне жеке тұлғамен қатар түрлі әлеуметтік-демографиялық белгілер бойынша ажыратылатын адамдардың көлемді жиыны болып табылатыны белгілі. Соның нәтижесінде белгілі-бір құбылысты зерттеу кезінде осы көлемді жиынның барлығын бірдей зерттеу жүргізу қиынға соғады. Сондықтан да, ғылыми мәселені зерттеу жұмысын бастамас бұрын, зерттеуші өзі болашақта зерттеу жүргізетін объектіні барлық жағынан біртұтас бейнелейтін объектілер тобын іріктеп алады. Мұның нәтижесінде іріктеп алынған таңдау тобына жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері бас жиынға тән болып есептеледі, яғни таңдау тобы - бас жиынның эксперименттік үлгісі болып табылады. Бас жиын - ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы бойынша зерттеу пәні болып табылады және территориялық, уақыттық шектерімен ажыратылған кең түрдегі объектілер жиыны.