Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Дәріс 6 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ (Эксперимент әдісі. Социометрия әдісі)



бет6/7
Дата08.12.2023
өлшемі48,84 Kb.
#135112
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәрістер Психол зерттеуді ұйымд.

Дәріс 6 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ (Эксперимент әдісі. Социометрия әдісі)
3. 4. Эксперимент әдісі Эксперимент термині латынның «experimentum» (үлгі, тәжірибе) сөзінен шығып, ғылыми қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіндіріледі. Арнайы жағдайда құбылыстарды зерттеу, бақылау, және оны қайталау кезінде де тура сондай нәтиже алуға бағытталған зерттеу әдісі. Бұл зерттелетін объекті әрекеті көрсеткіштерінің тапсырылатын және бақыланатын әсерлер нәтижесінде өзгеруі туралы ақпарат алу әдісі. Психологиялық эксперимент – зерттелушілердің психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталып, экспериментатормен ұйымдастырылатын зерттелуші мен экспериментатордың ортақ іс-әрекеті. Ортақ іс-әрекетте ұйымдастырушы және бағыттаушы процесс қарым-қатынас болып табылады18 . Эксперимент-әдісінің эмпирикалық әдістерден негізгі ерекшеліктерінің бірі - экспериментатор белсенділігі, яғни қандай да бір эксперименттік әсерлердің енгізілуі. Сондықтан да эксперименттік әсерге дейінгі тәуелсіз айнымалы, ал оның салдары немесе нәтижесі тәуелді айнымалы деп аталады. Ал, эксперименттік салдардың өзгерісіне әсер ететін қосымша факторлар қосымша айнымалылар деп аталады. 18 Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях. М.: Прогресс, 1980. 392 с. 50 Эксперименттік әсерлердің оның салдары мен байланысын көрсететін немесе екі айнымалылардың қатынасы каузальды (себеп –салдары) болатынын бекітетін мындай 3 шартты естен шығармау қажет: • Уақыт бойынша кезектесушілік шарты, яғни эксперименттік әсер уақыт бойынша оның салдарының немесе әсерінің алдында болуы керек. • Эксперименттік әсер мен оның салдары арасында статистикалық байланыс болу керек. Егер әсер мен эффект бір–бірімен байланыста болмаса, онда олар бір–бірлеріне себеп болуы мүмкін емес. Мұндай сәйкестене өзгеруді тексеру үшін статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Сөйтіп статистикалық көрсеткіштер сүзгі (фильтр) әрі реттегіштік қызметін атқарады. • Салдардың қалыптасуына әсер ететін эксперименттік әсерден басқа шындыққа жақын баламалы түсіндірмелер болмауы қажет. Мақсаты - зерттелетін құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстар туралы ақпаратты анықтау, әлеуметтік процесс тенденцияларының заңдылықтары қасиеттері нақты білім алу, жаңа жетістіктерге жету. Негізгі нормативтік ережелері - мұндағы зерттеу болжамы айқын бағдарлы болуы қажет. Зерттелетін объектіні тану мен сипаттаудың жоғары деңгейі. Эксперимент бырысындағы қатаң бақылау. Қайталау, жаңғырту мүмкіндігі. Зерттелетін объектіге пайдаланылатын әдістер мен өлшеу, байқау құралдарының адекваттылығы. Пайдаланудағы шектеулер - эксперимент жиналған білімдер негізінде айнымалылар құрылымын бөліп шығаруға болатын объект түрінде табылады. Ерекшелігі: а) ақпараттар эксперименттік факторға тәуелді болады; ә) экспериментатордың бағдарынан тәуелді болады; б) эксперименттік ситуация үнемі бақылауда болады; в) ақпаратқа эксперименттік факторлармен қатар өзге де нәрселер әсер етеді. Жетістігі: а) себеп-салдарлы қатынас, байланыстардың сипаттау мен қатар түсіндіруі бірге жүреді; ә) ақпарат зерттеу мақсатына бағытталған; б) экспериментті қайталау, жаңғырту мүмкіндігі; в) зерттеу тарапынан өзгерістерді анықтау мен ұйымдастыруға көмектің болуы. Кемшілігі: а) эксперименттік фактор объект ішкі және сыртқы ортамен табиғи байланысын бұзып, оны қалыптан тыс жағдайға әкеледі; ә) эксперименттің ситуациялық жасанды сипаттары нәтижелерді жалпылауға мүмкіндікті азайтады; б) қатысушылардағы «исключительность» эффектісі нәтижелерде шешуші роль атқарады, яғни эксперименттік ситуацияның локализациясы қиын өтеді. 51 Бағдарламасы - бұл зерттеу бағдарламасына тән барлық құрылымдық элементтерімен сипатталады. Бұл жерде басты міндет – болжам қалыптастыру, зерттеу объектісінің іс-әрекетін себептейтін (айнымалылар) факторлар жүйесіндегі оның тексерілуі. Пәні - зерттелетін объект қасиеттерінің арасындағы байланыстар мен қатынастар және оның әлеуметтік іс-әрекеті мен жүріс-тұрысынан себептейтін факторлар жүйесі. Объектісі - жеке адам, әлеуметтік топ, ұжым т.с.с. Экспериментте зерттеу тобының 2 - түрін бөліп шығарады: бақылау тобы және эксперименттік топ. Эксперименттік топ – эксперименттік факторлар (тәуелсіз айнымалы) әсер ететін топ. Бұл топқа қойлатын талаптар: объектілердің репрезантативтілігі, топ құрудың тұрақтылығы, жүйелі қадағаланатын бақылау жүргізу мүмкіндігі, кей жағдайда эксперимент жүргізуге топ немесе жеке адам келісімі. Бақылау тобы - зерттеудің барлық талаптарына эксперименттік топпен бірдей жауап бергенімен, бұл топқа ешқандай эксперименттік фактор арқылы әсер етпейді. Бақылау тобы қатысатын эксперименттік зерттеулер нәтижесі жоғары, құнды болып есептеледі. Эксперименттік және бақылау тобын іріктеудің бірнеше әдістері бар: полярлық іріктеу, жиілік үлестірім, кездейсоқ (рандомизация) іріктеу, комбинациялық т.б. Эксперименттік ситуация - эксперимент өтетін жағдайлар мен шарттардың жиынтығы. Эксперименттік айнымалылар - зерттелетін объект жағдайына тікелей және жанама әсер ететін бақыланатын және бақыланбайтын факторлар. Тәуелсіз айнымалы - эксперименттік топ іс-әрекетін енгізілетін зертеуші тарапынан өзгертілетін факторлар. Тәуелді айнымалы - тәуелсіз айнымалы әсерінен өзгеріске ұшырайтын факторлар. Эксперименттік бақылау - эксперименттің барлық кезеңдеріндегі нәтижелік процедураның бірі болып табылады. Оның негізгі қызмет - эксперимент тазалығын қамтамасыз ету. Ол объект нақты бақылау – айнымалыларды тіркеу, объект параметрлік жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында жалпы процесті реттеу міндетін атқарады. Инструментарий - эксперимент инструменті бақылау әдісінің барлық құралдарын: хаттама, күнделік, карточка, анкета т.б. қамтиды. Эксперимент протоколы: • Эксперименттік зерттеу тақырыбының атауы. • Күні, уақыты. • Эксперименттік топ сипаттамасы. • Эксперимент жағдайына сипаттама. • Айнымалылар құрамы туралы түсінік. 52 • Эксперименттік фактор. • Эксперименттік ситуацияларға зерттеу қатынасы. • Экспериментті аяқтау мерзімі. • Эксперименттің нәтижелерін тіркеу. Эксперимент себеп-салдар байланысын тексерудегі ең бір объективті әдіс деп есептелінгенмен, ол каузальды байланыс туралы болжамды тексерудегі барлық сұрақтарға сенімді жауап бере алмайды. Алынған мәліметтердің тікелей эксперименттік әсері нәтижесі екенін дәлелдеуді эксперимент валидтілігі қамтамасыз етеді. Эксперимент валидтілігі - ол біз дәл қажетті қасиетті зерттеп, өлшеп жатқанымызды дәлелдеуге бағытталған эксперимент қасиеті. Валидтілік ішкі және сыртқы валидтілік болып екіге бөлінеді. Ішкі валидтілік – бұл зерттеп жатқан өзгерістердің себебі эксперименттік әсер екендігіне кепілдік беретін эксперименттің қасиеті болып табылады. Ішкі валидтілікке көз жеткізбей бірде бір экспериментке (талдау) жасалынбайды. Сыртқы валидтілік – бұл алынған қорытындыны жалпылап, оларды басқа эксперименттік жағдайларға тарата алуға кепілдік беретін эксперимент қасиеті. Яғни сыртқы валидтілік арқылы эксперимент нәтижесін кандай таңдау тобына, ситуацияға таратуға болатындығы және қандай тәуелсіз айнымалылар мен параметрлер жалпыланатындылығы анықталады. Экперимент жүргізу үшін бұл 2 критерийде маңызды. Бірақта ішкі валидтілік жоғарылаған жағдайда сыртқы валидьтілік төмендейді немесе керісінше жүреді. Қосымша айнымалылар эксперименттік жоспарлар арқылы шектелмеген, бақыланбаған жағдайларда, ол эксперимент әсерімен араласып жалған эффект береді. Әдетте осы жалған эффектіні тудыратын мынадай факторлар кездеседі. Олар ішкі және сыртқы валидтілікті төмендетуші факторлар деп аталады19 . Ішкі валидтілікті төмендетуші факторлардың қатарында: • Фон факторы (“hіstory”) –тарихи даму. Бұл зерттелуші тұлғасына бірінші және екінші зерттеу арасында болатын нақты оқиғалардың әсері. • Табиғи даму факторы. Зерттелушінің уақыт өту нәтижелерінде дамуы, есеюі. • Тест эффектісі. 2 рет өткізілетін зерттеу нәтижесінде алдыңғы зерттеулердің әсер етуі. • Инструментальды қателік, өлшеу инструменттерінің өзгеруі. Бұл зерттелушінің зерттеу құралдарына қатысты сезімталдығымен анықталады. • Статистикалық регрессия. Зерттелуші топтар шеткі көрсеткіштер мен бағалаулар негізінде іріктелініп алынған жағдайларда көрінеді.
5.6. Социометрия әдісі
Социометриялық әдіс - психологиялық зерттеулердегі үлкен және шағын топ мүшелерінің өзара таңдау ситуацияларын тіркеу жолымен топтағы жеке адам аралық қатынастардың құрылымын талдау мен сандық өлшеуге бағытталған әдіс болып саналады. Кіші топтар құрылымы мен топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеудегі негізгі әдістерге жатқызуға болады
. Мақсаты: Ұжымдар мен кіші топтағы өзара қатынас жағдайларын анықтауға қызмет етеді. Салыстырмалы айқындалған критерийлер бойынша топ мүшелері арасындағы байланыс құрылымы туралы ақпарат алу. Топ мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас сандық бағалау мен эмоционалдық қатынасты (симпатия, антипатия) анықтау. Топтың белгілі-бір мүшесінің топтық жағдайын анықтау арқылы қарым-қатынаста асатын орнын белгілеу. Пайдалану аймағы: топтық іс-әрекетті белсенді басқару құралы ретінде пайдаланылады. Кіші топ, ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен эмоционалдық қатынас құралдарын зерттеу аймағында, топ мүшелеріне баға беруде қолданылады. Негізгі нормативті ережелері: әдісті пайдалануды негіздеу, оның зерттеу міндеттері мен зерттелетін объективтің адекваттылығы. Социологиялық техникалық сенімділігі. Зерттеуші мен зерттелушілер арасындағы өзара сенімділік қатынасы және зерттеудің сұрақтары нәтижелеріне қызығушылығын ояту. Алынған мәліметтерді бақылаудың нақтылығы. Әлеуметтік экспериментке қойылатын талаптардың барлығы қойылады. Пайдаланудағы шектеулер: бірлескен іс-әрекетіне 6-дан кем емес тәжірибесі бар кіші топтардың жеке адам аралық қарым-қатынастық құрылымын талдау қажет. Алынған мәліметтерді топтың толық бейнесі деп қабылдамау қажет. Практикалық ұсыныстар беруде басқа да әдістемелер негізіне арнау қажет. Бағдарламасы: мұнда басты назар топпен алдын-ала танысуға аударылады. Социометриялық критерийдің дәлдігі, инструменттердің адекваттылығы ақпаратты (социологиялық индекс) талдау және өңдеу (социаграмма, социометрия) формаларын іріктеу. Объектісі - өзара бірлескен ортақ іс-әрекетке қатысушы мүшелері бар әлеуметтік топ. Пәні - біріншіден, топтың социометрикалық құрылымы, екіншіден, топтың жеке мүшелерінің социометриялық статусы. Талдау және өлшем бірлігі - индивидтің белгілі-бір ситуациясында топ мүшелерімен өзара әрекеттестігі. Социометрикалық критерий - респондентке таңдау сапасы ретінде берілетін нақты мазмұндық ситуация (реалды және болжамды) Социометрикалық критерийлер сұрақтар түрінде беріледі, оған жауаптар өзара қатынас құрылымын анықтау үшін негіз болып табылады. Социометриялық карточка - ақпарат жинау үшін жасалатын кесте. Социометриялық индекс - топтағы өзара қатынастары сипаттарының сандық және жеке адам статусын анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіш. Ол социометриялық сауалнама мәліметтері негізінде есептелінеді. Социограмма - социометриялық сауалнама негізінде анықтаған, топ ішіндегі байланыстың графикалық бейнеленуі. Ерекшелігі: серіктестерді таңдау арқылы жеке адам аралық қарымқатынас құрылымы туралы тұжырымдар жасайды.
жиынтығымен бірлескен іс-әрекет ситуациясы бағаланады. Көрсеткіштер топ құрамымен салыстырмалы сипатта болады. Жетістігі: жағдайларды өзгертпей-ақ топтағы қарым-қатынас, шиеленістік және т.б, ситуациялар, бірлесу формалары, топ құрылымындағы бейресми қатынастар болжанады. Таңдау мәліметтерінің айқындылығы, дәлдігі, нақтылығы. Кемшілігі: критерийлер топ құрылымын түсіну мен талдауда жеткіліксіз, «екіншілік» тенденциясын құруы мүмкін. Алғашқы жауаптар ықпалы басым болады. Таңдаудың эмоциялылығы мен ситуациядағы кездейсоқ факторлар жауап берудегі жалғандыққа әкелуі мүмкін. Топ құрамы өзгерген кезде оның социометрикалық құрылымы өзгереді, қорытындыларды жалпылау мүмкіндігі шектелген.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет