Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет7/20
Дата30.03.2023
өлшемі164,2 Kb.
#77735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Программалық файлдарды қолдану


Редакторды іске қосып, келесі программаны енгізіңіз және оны helloworld.py деген атпен сақтаңыз.
Егер Komodo Edit қолдансаңыз, «Файл»  «Жаңа»  «Жаңа файл» таңдаңыз, келесі жолды енгізіңіз:
print('Бүгін қай күн?')
Komodo Edit-те «Файл»  «Сақтау» менюін басып, файлды сақтаңыз.
Файлды өзіңіз білетін кез келген бумаға сақтауыңызға болады немесе Python-ды: Windows-та С:\\ру
GNU/Linux-та /tmp/py
Mac OS Х-та /tmp/py бумаларында сақтауға болады.
Бума құру үшін терминалдағы mkdir бұйрығын қолдануға болады. Мысалы,
mkdir /tmp/py
.ру файл кеңейтілімін көрсетуді ұмытпау аса маңызды. Мысалы. «file.ру».
Komodo Edit программасында «Инструменттер»  «Бастау команды» басыңыз және
python3 деп жазыңыз.
helloworld.py және «Орындау» басыңыз. Төмендегі скриншоттағыдай экран пайда болуы керек.

Сонда да программаны Komodo Edit ішінде редакциялаған тиімді, ал іске қосу үшін терминалға жіберген жөн:



    1. Windows-қа орнату тарауында көрсетілгендей терминалды ашыңыз.

    2. Файлды сақғаған каталогыңызға өтіңіз. Мысалы, cd /tmp/ру.

    3. python3 helloworld.py бұйрығын енгізе отырып, бағдараламаны іске қосыңыз. Программаны шығару төмендегідей болады:

$ python3 helloworld.py Бүгін қай күн?
Осындай нәтижеге келсеңіз, Python тіліндегі алғаш программаны іске қостыңыз. Python регистрге сезімтал келеді: print және бас әріппен жазылған Print екеуінің айырмашылығы бар. Бірінші символдың алдында бос орын немесе табуляция символы жоқ.
Python программасы өрнектерден құралған. Біз құрған алғашқы программада бір ғана өрнек бар, ол өрнек көмегімен print функциясын шақырамыз.

Python тілінің негізгі үғымдары


Python тілінде деректер ретінде сандар, жол, тізім, кортеж (өзгертуге болмайтын тізім), сөздік (элементтеріне индекс қойылған тізім), логикалық өлшемдер т.б. қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет