Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет8/20
Дата30.03.2023
өлшемі164,2 Kb.
#77735
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Литералды константалар. Литералды константа 5, 1.23, 9.25е-3 сияқты сандар; 'Бұл жол' немесе "It's a string!" сияқты сөйлемдер болуы мүмкін. Олар тұрақты, бір ғана мағынасы бар болғандықтан, литерал шамалар деп аталады.
Сандар. Python-да үш түрлі сандар бар: бүтін, жылжымалы нүктелі және комплекс сандар.

  • Бүтін санға мысал: 2.

  • Жылжымалы нүктесі бар санға мысал: 3.23 және 52.3Е-4. Е белгісі 10 санының дәрежесін көрсетеді.

  • Комплекс сандарға мысал: (-5+4j) және (2.3 – 4.6j)

Ескерту: ‘long int’ (ұзын бүтін сан) деген жеке тип жоқ. Бүтін санның ұзындығы еркін түрде болады.
Қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдары басқа тілдердегідей (мысалы, С, Java) жұмыс істейді, бірақ дәрежеге шығару ** амалы арқылы өзгеше орындалады. Өрнектерді топтастыру үшін жақшаны қолдануға болады. Төмендегі айнымалылардың мәнін өзгертіп, нәтижені көр. Жақша, бірнеше сандар арқылы өрнектер жазып үйрен және экранға шығар.
a = 24 + 2 # Қосу
b = 2 - 20 # Азайту c = 12 * 6 # Көбейту d = 12/1.2 # Бөлу
e = 34**2 # Дәрежелеу
print("a-->", a)
print("b-->", b)
print("c-->", c)
print("d-->", d)
print("e-->", e)


Айнымалылар. Айнымалылар – компьютер жадындағы белгілі бір аймақ болғандықтан, оларға қол жеткізе білу керек. Сондықтан айнымалыларға ат қойылады. Айнымалының мәні әртүрлі болуы мүмкін. Біз қарастырған өрнектер мәнді бір ғана әрекет нәтижесінде есептеп берген еді. Алайда көптеген жағдайда бір мезгілде бірнеше өрнектерді орындау керек болады. Немесе бір өрнекте орындалған мән үнемі экран бетіне шығарыла бермеуі мүмкін. Ол басқа өрнектің ішінде басқа мәнді есептеу үшін де қолданыла береді. Осындай жағдайда алдағы есептеулерге қажетті мәндерді сақтау қажеттілігі туындайды. Ол мәндерді біз айнымалылар көмегімен аты бар бірегей (уникалды) жады ұяшықтары ретінде қарастыра аламыз. Айнымалыға кез келген мәнді беруге болады, кейінірек оларды компьютер жадынан шығарып алып, кейінгі есептеулерде пайдалана аламыз. Айнымалы бір ғана мәнді сақтай алады. Егер айнымалыға басқа мәнді меншіктейтін болсақ, онда алдыңғы мән жоғалып кетеді. Айнымалыны жариялайық:
а = 10
Айнымалыны жариялаған кезде экранға ешқандай нәтиже шықпайды, өйткені меншіктеу операторы нәтижені қайтармайды. Айнымалыны жарияламастан, оған мән беретін болсақ, қате туралы ескерту аламыз.
Айнымалыға өрнектің нәтижесін де меншіктеуімізге болады:
b = 2 + 3 / 4
немесе функциядан алынған мәнді де бере аламыз:
с = somefunction (1,2, 345)
Бір өрнекте бір мезгілде бірнеше айнымалыны пайдалану мысалы:
a,b,c = 10, 2 + 3 / 4, somefunсtion (1,2, 345).
Жарияланатын айнымалы мен олардың мәндері үтір арқылы бөлінеді. Бірінші айны- малыға бірінші мән, екінші айнымалыға екінші мән, т.с.с. болып меншіктеледі.
Қажет емес айнымалыларды del арқылы жоюға болады. Осы сөзден кейін жойылатын айнымалыларды үтір арқылы тізбектеп жазуға болады. Мысалы:
del a, b
Мұнда а және b айнымалыларын жоямыз. Программада айнымалының саны көп бола береді. Бірақ олардың аты бірін-бірі қайталамауы керек. Олар компьютер жадында белгілі бір орын алатындықтан, қажеттен тыс артық айнымалыны пайдаланудың қажеті де жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет