Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет20/20
Дата30.03.2023
өлшемі164,2 Kb.
#77735
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәріс тезистері

Шаблондар


Шаблон дегеніміз – бұл контроллер дайындаған деректерді қабылдау және олардың негізінде нәтижелі веб-парақ жасау қызметін ғана атқаратын қосымша модуль. Яғни, шаб- лондар деректерді шығарумен айналысады.
Модельдер мен контроллерлер программалау тілінде жазылатын болса, шаблон дегеніміз

  • HTML тілінде жазылған қарапайым веб-парақ. Ерекшелігі – оның кодына арнайы тегтер (шаблон тегтері) қойылған, олар қандай деректі және қай форматта осында қою керектігін көрсетеді. Қосымша құрамына көптеген шаблондар енгізуге болады. Қосымша қалыптасты- ратын веб-параққа өз шаблоны сәйкес келеді. Модельдер сияқты шаблондарды да контроллер шақырады, өңделген деректерді шығару қажет болған жағдайда.

Қызметші модульдер


Қосымша құрамына енетін қызметші модульдер құрамына:

    • интернет-адресті көрген пайдаланушының ізін аңдып отыратын және соған лайықты контроллерлерді іске қосатын модуль (диспетчер);

    • шаблон тегтерін өңдейтін, яғни олардың орнына көрсетілген әдіспен форматталған деректерді қоятын модуль (шаблонизатор);

    • қосымшаларды баптау модулі;

    • қолжетімділікті шектеу, кэштеу сияқты веб-программалаудың типтік міндеттерін атқаратын шаблондар.

Python арқылы сайтқа деректерді енгізу және файлдарды шығару формаларын қолдану


Сайтты жоспарлаудың негізгі кезеңдері.

  1. Сайттың неге арналғанын айқындау. Бір нәрсе жайлы хабарлайды ма? Әлде пайдала- нушыларды қызықтыра ма? Немесе қандай да бір мәселені шешуге көмектесе ме? Осы мақсаттарға қарай сайттың құрылымы әртүрлі болуы мүмкін.

  2. Сайтта қандай ақпарат тұратыны нақты шешілуі керек. Мұндағы басты принцип – артық ештеңе болмауы тиіс. Тек қана клиентке қажетті мәлімет қана.

  3. Қажетті ақпараттың бәрін жинау керек. Желіге қоятын мәтіндер, суреттер, файлдардың барлығы да компьютерде болуы керек. Оларды кейінірек қою өте қиын.

  4. Сайттың логикалық құрылымын ойластыру – қажетті парақтардың суретін алдын ала салу, беттердің санын анықтау. Фирма сайты үшін идеал құрылым:

    • фирма, оның шығаратын тауарлары, жаңалықтары бар негізгі басты бет;

    • ұсынылатын тауарлардың толық тізімі, оларды категорияға бөлу, таңдалған тауар туралы толық мәліметті көру;

    • фирма мен тауарға қатысты жаңалықтар тізімі, тандалынған жаңалықты толық көру мүмкіндігі;

    • фирма қызметкерлері фирма ұсынатын тауарлар, оларды пайдалану ерекшеліктері, гарантиялық, кепілдемелік мерзім, корпоративті кештер жайлы мақалалар жазатын

блог;

    • сатып алушылар фирма мен оның тауарлары жайлы өз ойын жаза алатын қонақтар кітабы;

    • басқа беттер (байланыс, фирма деректері, сайт және оны жасаушылар туралы мәлімет т.б.).

  1. Сайттың физикалық құрылымын ойлап табу, яғни кейбір қосымшалар қалай аталады, статикалық файлдар қайда сақталады, пайдаланушылар қойған файлдар қайда қойылады, оларды қалай ұйымдастыру керек, т.б.

  2. Сайттың әкімшілік бөлімін жасау: сайттың ішкі деректерін кірістірілген әкімші басқара ма? Немесе тауарлар, жаңалықтар, қонақ кітабы жазбаларына жеке әкімші сайт орнатамыз ба? Аралас көзқарас жасауымыз мүмкін – жиі өзгеретін беттерге арнайы парақтар құрамыз, ал сирек өзгеретін беттерге кірістірілген әкімші мүмкіндіктерін қоямыз.

  3. Сайт дизайны қалай ұйымдастырылады: консервативті, қатал бола ма, әлде ғажайып өзгерістерге тола ма? Үй беті автордың эстетикалық көзқарастарын көрсетуі тиіс. Ал қызық- тыратын сайттар көңілді түстермен, жаңалықтар сайты зейінді басқа жаққа аудармас үшін қарапайым үлгімен безендірілуі керек. Алдымен қағаз бетіне сайт сұлбасын сызып алған жөн.

  4. Ештеңені ұмытпағанымызды ойластыру керек. Сайтты орындаудың соңғы кезеңі, бірақ маңызы жағынан басқаларынан ешқандай да кем емес.

Сайттың логикалық құрылымы.
Сайттың әрбір бөліміне жеке қосымша құру керек. Тауарлар тізімі категориясына, оны жөндеу мен шығару үшін жеке қосымша керек. Жаңалықтар тізімі үшін – оларды шығару, қосу, түзету мен жою үшін – жеке қосымша қажет.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет