Кортеждерқұрастыру. Кортеж (tuple) дегеніміз жалпы алғанда тізімге ұқсайды, бірақ оны өзгертуге болмайды. Кортеж литералын жай жақшамен жазады.
Мысалы:
t = ("Алма", "Береке", "Сабын")
print(t[0]) # Бірінші элементті аламыз t = ((1,2, 3,4), (5, 6, 7, 8, 9)) print(t[l][4])
Нәтижесі:
Алма 9
Файлдармен жұмыс істеу
Файл-объектілер (file) – бұл Python мен сыртқы файлдар арасындағы байланыс жасау интерфейсі. Open атты кірістірілген функция файлдың атын және файлдың қолжетімділік режимін береді.
Режимдер түрі:
'r' – оқу режимі. 'w' – жазу режимі. 'а' – қосу.
'b' – бинарлық режим. '+' – оқу/жазу.
Мына мысалды өз компьютеріңізде теріп, қалай орындалатынын көруге болады:
f = open('myfile', 'r') # Оқу режимінде ашамыз text = f.read() #Есептейміз
f.close() # Файлды жабамыз
print(text) # Нәтижесін шығарамыз
f = open('myfile', 'w') # Жазу режимінде ашамыз f.write("Yo!") # Жазу іске асады
f.close() # Файлды жабамыз
# Контекст менеджерін пайдалану
# Контекст менеджері кез келген жағдайда файлды жабады with open("myfile.py", 'w' ) as f:
f.write("Yo!")
if, else инструкциясы
if қай амалды орындайтынымызды анықтайды. Ол Python ішіндегі программа логи- касындағы таңдауды іске асыратын негізгі құралдың бірі. Теңдікті білдіру үшін "==" деп жазуымыз керек, ал "=" таңбасы тек қана меншіктеуді білдіреді.
Бірінші шартты өрнектегі инструкцияны интерпретатор орындайды. Ал егер шарт орындалмаса, онда else блогы орындала бастайды.
Азат жол басындағы бос жер
if а==12:
^^^^print("Дұрыс")
elif инструкциясы
Python тілінде if инструкциясының кеңейтілген түрі бар, ол программаны орындау ағынын көптеген бұтаның біріне бағыттауға қажет. Ол міндетті емес else бөлігінен өзге бірқатар elif бұтақтарынан құралған. "else if" "егер тағы болса" сөздерінің қысқаруы арқылы жасалған.
# Толық жазу үлгісі:
a = 1
if a >= 2:
print(2) else:
if a == 1:
print(1)
# elif көмегімен қысқаша жазу үлгісі
а = 1
if a >= 2:
print(2) elif a == 1:
print(1)
Нәтижесі:
1
1