Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет10/20
Дата30.03.2023
өлшемі164,2 Kb.
#77735
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Операторлар мен өрнектер


Python тілінде операторлардың орындалу приоритетін сақтау керек, яғни бірінші кезекте көбейту және бөлу операторлары орындалады. Ал қосу мен азайту амалдарының приоритеті олардан төмен. Егер операцияның приоритеті бірдей болса, онда олар солдан оңға қарай кезекпен орындалады.
Операторлардың орындалу кезегін өзгерту үшін жай жақшалар қолданылады – олар ең алдымен орындалатын операторларды көрсетеді.
(3 + 7) * (6 + 4)
Бұл өрнектің мәні 100 болады. Егер жақшаны алып тастайтын болсақ, нәтиже өзгереді: 3 + 7 * 6 + 4
Python алдымен 7-ні 6-ға көбейтеді, көбейтіндіге 3 пен 4-ті қосады. Нәтиже басқаша болып шығады – 49.

Операторларды орындау реттілігі және олардың приоритеттері (бірінші кезекте орындалатындары)


Бірінші өрнек мысалында біз + смиволын пайдаландық және осы символдың жанында қатар тұрған екі санды қосу операциясын орындауға нұсқау бердік. Бұл жағдайда + оператор, бір немесе екі операнд мәніне қарапайым амал орындайтын команда.
Программадағы көптеген сөйлемдер (логикалық жолдар) өрнектен құралған. Өрнекке қарапайым мысал: 2 + 3. Өрнекті оператор мен операндтарға бөлуімізге болады. Оператор деп амалдарды, ал операнд деп сандарды айтуға болады. Өрнектегі операндтар 2 және 3.
Мына мысалдарды теріп жазыңыз:
>>> 2 + 3
5
>>> 3 * 5
15

Операторлар және оларды қолдану





Оператор

Аты

Түсіндірмесі

+

Қосу

Екі объектіні қосады.

-

Азайту

Екі санның айырмасын табады. Егер бірінші сан
жазылмаса, онда оны нөлге тең деп есептейді.

*

Көбейту

Екі санды көбейтеді немесе жолды берілген сан бойынша
қайталайды.

**

Дәрежеге шығару

x санын у дәрежесіне шығарады.

/

Бөлу

x санын у санына бөледі.

//

Бүтінсандық бөлу

Бүтін сандарды бөліп, бүтін бөлінді табуды іске асырады.

%

Модуль бойынша
бөлу

Бүтін сандарды бөліп, қалдықты көрсетеді.

<<

Солға жылжу

Санның биттерін солға қарай бірнеше рет жылжытады. Кез келген сан компьютер жадында биттік, яғни екілік жүйеде
бейнеленеді.

>>

Оңға жылжу

Санның биттері тізбегін оңға қарай бірнеше позицияға
жылжытады.

&

Биттік ЖӘНЕ

Сандарға орындалатын биттік ЖӘНЕ операциясы

|

Биттік НЕМЕСЕ

Сандарға орындалатын биттік НЕМЕСЕ операциясы

^

Биттік ТЕК ҚАНА
НЕМЕСЕ

биттік ТЕК ҚАНА НЕМЕСЕ операциясы

~

Биттік ЖОҚ

x саны үшін биттік ЖОҚ операциясы – (х+1)-ге тең.

<

Кіші

х-тің у-тен кіші екендігін анықтайды. Салыстыру операторларының барлығы да True немесе False мәнін қайтарады. Бұл сөздер бас әріппен жазылғанына назар
аудару керек.

>

Үлкен

х-тің у-тен үлкен екендігін анықтайды.

<=

Кіші немесе тең

х-тің у-тен кіші немесе тең екендігін анықтайды.

>=

Үлкен немесе тең

х-тің у-тен үлкен немесе тең екендігін анықтайды.

==

Тең

Объектілердің тең екенін анықтайды.

!=

Тең емес

Объектілердің тең емес екенін анықтайды.

not

Логикалық ЖОҚ

Егер х саны True болса, онда False мәнін қайтарады. Егер х
саны False болса, онда True деген мән береді.

and

Логикалық ЖӘНЕ

Егер х саны False болса, х және у False деп есептеледі. Kepi
жағдайда у мәнін жазады.

or

Логикалық
НЕМЕСЕ

Егер х саны True болса, онда True деп жазады. Кері
жағдайда у мәнін жазады.

Математикалық операцияларды және меншіктеуді қысқаша жазуға болады.


а = 2; а = а*3
өрнегін
a = 2; a *= 3
түрінде жазуға болады.
«айнымалы=өрнектің айнымалы мәні» түріндегі өрнектерді
«айнымалы операция=өрнек»
түрінде жазуға болады.
Есептеу тәртібі өзгешерек. Мысалы + 3 * 4 түрінде өрнек берілсе, көбейту амалының бірінші орындалатыны мектеп курсынан белгілі. Көбейту амалының приоритеті қосу амалынан басым. Келесі кестеде Python операторларының приоритеті көрсетілген. Кестенің төменгі жағында орналасқан операторлар ең алдымен есептеледі де, кестенің жоғарғы бөлігіндегілер соңында есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет