Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет19/20
Дата30.03.2023
өлшемі164,2 Kb.
#77735
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Модельдер


Модель дегеніміз – бұл қосымша құрамына кіретін, басқа модульдер мен деректер қорын байланыстыратын байланыстырғыш қымет атқаратын программалық модуль. Басқаша айт- қанда, модель – осы қосымша жазылып отырған деректер қорын, кестелерін, өрістер, индекстер мен байланыстарды беру үлгісі.
Модель келесі қызметті атқарады:

  • қолданылып отырған программалау тілі терминологиясында деректер қоры кестелері мен олардың құрылысын сипаттайды. Осының арқасында басқа құралдарға жүгінбей-

ақ деректер қорынан мәліметтерді ала аламыз. деректер қорынан саналып алынған мәліметтерді білдіреді. Модель көмегімен қандай да бір кесте жазбасын оқыған соң оны осы таңдалынған тіл құралымен өңдей аламыз, басқа құралдарды қолдану қажет болмайды. Деректерді іріктеу, фильтрация және сорттау механизмін іке асырады;

  • кестеге жаңа жазбалар қосады, сонымен бірге қолданыстағы жазбаларды түзетеді және өшіреді;

  • деректердің дұрыстығын қадағалап отырады, қателерді таңдалынған тіл көмегімен өңдеуге мүмкіндік береді;

  • қабылданған деректер қоры форматы ұсынатын құралдар жиынтығын кеңейггеді, оған программист жасаған қосымша инструменттерді қосады.

Бір сөзбен айтқанда, модель – деректер қорына кіретін рұқсатнама қағазы сияқты. Қосымша құрамына бірнеше модель енуі мүмкін. Әрбір модель деректер қорындағы белгілі бір кестеге сәйкес келеді. Модельдер қосымшада әрдайым бағыныңқы қызмет атқарады. Олар басқа модульдер арқылы – яғни контроллер арқылы шақырылады.

Контроллерлер


Контроллер дегеніміз – бұл деректерді тікелей өңдейтін қосымша модулі. Бұл қосымша- ның ең негізгі бөлігі, оның жүрегі.
Контроллердің міндеттері:

  • шақырылатын модельдер арқылы мәліметті деректер қорынан алу алынған мэліметті өңдеу: фильтрлеу және сорттау;

  • пайдаланушы жіберген деректерді алу;

  • пайдаланушыдан алған мәліметтерді деректер қорына жазу, шақырылған модельдер арқылы немесе оларды басқаша өңдеу;

  • веб-сайтты пайдаланушы көрген соң деректерді өңдеуді іске қосу.

Қосымшада болатын контроллер саны шексіз. Әрбір контроллер белгілі бір қызметті атқарады: тауарлар тізімін іріктеуді бір контроллер атқарса, тауарлар ішіне жаңа тауарды қосуды басқа контроллер атқарады.
Әрбір контроллер қосымшаның белгілі бір интернет-адресіне қойылады. Мысалы, тауарлар тізімін шығаратын контроллер /goods/ интернет-адресіне сәйкес қойылса, жаңа тауарды тізімге қосатын контроллер /goods/add/ интернет-адресіне сәйкес қойыпады. Сайтты көруші интернет-адрестерді тізіп отырумен арнайы модуль айналысады. Бұл қызметші модуль қосымша ядросының құрамына енеді және қажетті контроллерді оның адресіне сұраныс келген кезде іске қосады. Контроллерлер іс барысында басқа модульдерді – модельдер мен шаблондарды жүктейді және іске қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет