§1. Адамның өмірлік мағынасы
§2. Тұлғаның психологиялық денсаулығы
§1.Адамның өмірлік мағынасы Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жас ерекшелігіне де байланысты болып келеді.
Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді. Өмірдің мағынасы туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мағынасы əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 8 млрд. адам бар десек, өмірдің мағынасы туралы сонша пікір бар. Өмірдің мағынасы туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол – бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мағынасы оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз – өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушы- лығына сəйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны əр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи жəне ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым əлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде əлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кəсіппен айналысуы, ұзақ жəне қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тəжірибе жинап, кəсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нəтижесін көруі – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тəтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Сонымен, адамның қоршаған орта мағынасын түсініп, сол ортада өз бағытын таба білуі осы мəселенің басты мəніне айналды. Өмір мағынасы – адамның өмірлік бағыттар, мақсаттар мен бағдарламалар жəне оларды жүзеге асыру жолдарының жиынтығы болып келеді.
Барлық когнитивтік (зерттеушілік) əрекеттер адамды осы өмірде өз орнын іздеуге, өмірлік мақсаттарын айқындауға, қоғамда белгілі бір статустарға ие болуға итермелеп отырады. Индивидтің өмірлік бағыт анықтау процесі көбіне басқалармен қарым-қатынас жасау, өз мүмкіндіктерін дамыту жəне сол мүмкіндіктерді пайдалана алу сияқты əрекеттердің тізбегінен құралады.
Өмір мағынасын іздеуде социум үлкен жұмыс атқарады, әлеуметтік ортада адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы көпжоспарлы идентификация жүзеге асырылады. Тұлға болып қалыптасқан байқуатты, танымал əрі актуалды дамуы тоқтамаған адамның жеке құпиясы оның сырт келбетінде емес, оның киіну, сөйлеу, басқалармен қарым-қатынас жасау жолдарында емес оның өз мүмкіндіктерінің шегінен таси алатындығында, өзін-өзі анализдеп, өзін-өзі сырттан бағалай білуінде, сол адамның өмір сүру əдістерінде жəне де өз өмірін өзі құра білуде деп түсіну керек. Өмір жолында адам үнемі өзін-өзі асып түсіп отырады, себебі адам өмір туралы ойланып қана қоймай, өмірдегі мəселелер мен қиындықтарды шешу жолын қарастырады, сонымен қатар өз əрекеттерін жəне айналасындағы қоғаммен, туыстарымен, жанұясымен жəне өз-өзімен қарым-қатынасты реттеп, оларға байланысты шешімдер қабылдап отырады. Басқа адамдар өмірі мен өз өмір шығармашылығындағы байланыс адамды өмірді бағалауға жəне өмір мағынасын табуға итермелейді. Негізгі мəнінде адам өмірі адамның рухани еркіндігі мен оның ішкі жəне сыртқы тағдыры күресінің көрінісі болып келеді. Өмір мағынасы мəселесі өз кезегінде адамға психологиялық зардабы бар құбылыс. Мағынаның жоғалуы адамның психологиялық денсаулығындағы өзгерістерге тікелей байланысты болады.